біріншілік немесе екіншілік морфологиялық элементтер пайда
болады. Оған қосымша, олардың мүйізденуіне байланысты, сұр-
ақшыл (опалды) түсті дақтар байқалады.
Ауыз
қуысы кілегей
қабатында
везикулезді-буллезді
бөртпелер тез жарылып, эрозия пайда болады, көбіне бірі-біріне
қослып, әртүрлі пішінді болады. Стоматологияда көбіне
эрозияларды
афталар
(фиброзды жабындысы болады) деп
атайды.
Терідегі дақтар «
экзантема»
, кілегей қабатындағылар –
«
энантема»
деп аталады.
Дақтар пайда болу механизміне сәйкес тамырлық және
пигменттік болып бөлінеді. Тамырлық дақтар, өзі ішінде
қабынулы, ісікті және пролиферативті-геморрагиялық болып
бөлінеді.
Қабынулы тамырлық дақтар,
тамырлардың кеңеюі
салдырынан пайда болады, мөлшері 1 см-ден кем дақтар
розеола
деп аталады
. Жедел қабынулы ашық-қызғылт, ісікті, қосылуға
және түлеуге бейім розеола, әдетте, аллергиялық дерматит,
экзема, қызығылт теміреткі, балалар инфекциялық аурулары
(қызылша, қызамық, жәншау) байқалатын балаларда анықталады.
Жедел қабынулы емес розеолалар шамалы білінеді, бозғылт-
қызғылт түсімен, айқын пішінімен ерекшелінеді, қосылуға және
түлеуге бейімділігі байқалмайды. Бұндай розеола біріншілік
элемент теміреткіде, эритразмада, лепрада (алапесте) байқалады.
Ірі тамырлық дақтар тері үлкен аймақтарында орналасуы мүмкін.
Олар қосылуға бейім, пішіні дұрыс емес, шекарасы айқын және
эритема деп аталады. Эритема әруақытта жедел қабынулы дақ
болып келеді, сондықтан әруақытта ісікпен қосарланады,
қарқынды қышу байқалады. Эритема біріншілік морфологиялық
элемент ретінде аллергиялық және қатынастық дерматиттер,
экзема, токсидермия, көпформалы экссудативті эритема және
герпетикалық формалы дерматоздар байқалады.
Эмоциялық күйзелістерде тамырдың рефлекторлық кеңею
нәтижесінен пайда болатын қабынулы емес дақтар, ісіну мен
түлеумен
Достарыңызбен бөлісу: