51
Г. Дёрфер
çeçen
сөзіне
ՙ
ақылды, данышпан՚ мағынасын беретін монғолизм ретінде
қарастырады. Ғалым
çeçen = seçen
деген формасы да бар екенін көрсетеді [4: 332].
Қазақ тілінде
цэцэн
сөзі
шешен
формасында қолданылады. Қазақ тіліндегі
шешен
сөзінің семантикалық мағыналары: 1. Сөзге ағып тұрған, қызыл тілді, тілге жүйрік адам; 2.
Шаршы
топ алдында тапқырлық танытып, нанымды, шебер сөйлеуші адам; 3. Би, ділмар;
Қазақтар сөзді қиыннан қиыстырып тауып сөйлейтін, ойын шебер жеткізетін адамды
сөзге,
тілге шешен
деп атайды. Сөзге жүйріктік, шебер сөйлеушілікті
шешендік
деп атайды.
Шешендік сөз
– қазақ ауыз әдебиетіндегі көркем, әрі шағын дидактикалық жанр;
ғибраттылық мәні, өнегелі ой-тұжырымы бар, айрықша тапқырлық танытатын нақыл сөз [17:
356].
Түркі
тілдерінде
шешен
сөзімен байланысты
шешенсу, шешенсіну
деген етістік
тұлғасындағы сөздер бар. Өзбек тілінде «неге болса да ұста, шебер»
дегенді мағынаны
білдіруде
чечан
сөзі қолданылса, тува тілінде «әдемі, көркем» мағынасында
чечен
сөзі
қолданылады. Монғол, бурят, қалмақ тілдерінде
цәцэн, сэсэ(н), цәцэ
сөздері «данышпан,
ақылгөй, дана, тапқыр» деген мағыналарымен қоса «мерген, дәл тигізетін, дәл басатын»
деген де мағынаны білдіреді.
Чечен // сасан
сөзі «дәл тигізетін мерген» мәнінде алтай, якут,
тува тілдерінде де кездеседі.
Монғол тілдерінде
сәсэрхүү, сәсәрхэхэ
сөзі «ақылымен,
тапқырлығымен мақтану» және «шешенсу, данышпансу» деген мәнде жұмсалады. Осындай
мағынада қырғыз, алтай, якут тілдерінде
чечерке, сасаарга (чечээр + гээр
) формасы
кездеседі. Ал басқа түркі тілдерінде
шешенсу
формасы қолданылады [18: 222].
Б. Ә. Орузбаева қырғыз тіліндегі
чечерке
сөзін талдай келе, бұл форма монғол тілінен
ауысқан болу керек деген пікірін айтады [19: 126]. Шешен сөзі –
шеш (чеч, сәс, цәс, цәц)
түбірі мен қосымшасынан тұратын түрік, монғол тілдеріне ортақ сөз болуы мүмкін. Якут
тілінде
сасанна
ՙәңгіме айту՚,
сасаннас
ՙәңгімелесу, сөйлесу՚ деген мәнде қолданылады [20:
2177].
Шешен
сөзінің түркі
тілдерінде қолданыста болуы, мағынасының тұрақталуы
Шыңғысхан жорықтары кезіндегі араласудың нәтижесі болуы да мүмкін. Себебі XI ғасырда
түркі тілдерінің сөздік қорын қамтыған М. Қашғаридің «Диван Лугат ат-Турк» сөздігінде
Достарыңызбен бөлісу: