«Қазіргі заманғы түркологияның Ғылыми даму миссиясы және ғҰбайдолла айдаров феномені»


КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ МАҢҒЫСТАУ РУ-РУНА



Pdf көрінісі
бет33/85
Дата19.11.2022
өлшемі2,21 Mb.
#158914
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   85
Байланысты:
Ғұбайдулла Айдаров. Конференция

КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ МАҢҒЫСТАУ РУ-РУНА 
ТАҢБАЛАРЫ 
 
Ақмырзаев Мұрат Мұрзағалиұлы 
Зейнеткер-педагог, таңбатанушы, Серікболтанушы 
Ақбердыева Балкенже Қондыбайқызы 
ф.ғ.к., доцент, Ақтау, Қазақстан 
 
Біз негізінен, руналық әліпбилер негізіндегі, Ғұбайдолла Айдаров атамыздың: «І. Ескі 
түркі тілі (орхон-енесей жазу ескерткіштерінің тілі) және Батыс түркі тілдері – 1) каспий 
группасы, Орталық түркі тілдері – арал-каспий группасы» [1/10], - деген классификациясына 
сәйкес, олардың әліпбилеріндегі символдар мен таңбалардың дыбысталу (оқылу) 
ерекшеліктерін қарастырамыз. 
Әліпбилердің хронологиялық кезеңдеріне сай – шумер-мысыр, майя, орхон-енесей, 
скандинавия-англосаксон нұсқаларын арғықазақтан келе жатырған ру таңбаларымен 
салыстыруды шумер сына жазуынан бастаймыз. 
І. Екі жүз жылдан астам уақыт бойы ғалымдар шешуін таба алмаған үш тілді (Шумер, 
Элам және ежелгі парсы) Персеполис жартасындағы сына жазуы таңбаларын неміс 
филологы, латын және грек тілдерінің мұғалімі, ребустар шешудің шебері Георг Фридрих 
Гро́тефенд 
(нем. Georg Friedrich Grotefend; 9 маусым 1775, Ганноверш-Мюнден — 15 
желтоқсан 1853, Ганновер)
, жол бойындағы сына ізінің ұшы төмен және оңға 
бағытталатындығын негізге алып, жазбаны солдан оқу қажеттігін ашып, оның 36 дыбысты 
жеткізетін әліпбиін ұсынды. 1869 жылдың 17 қаңтарында герман-француз шығыс танушысы, 
лингвист Юлиус Опперт 
(нем. Julius Oppert), кейін Жюль Опперт (фр. Jules Oppert) (9 шілде
1825, Гамбург — 21 тамыз 1905, Париж)
- жазба ежелгі шумер халқы тілінде жазылған деп 
жариялап, ғылыми айналымға «Шумер» терминін енгізді. 1871 жылы британ 
шығыстанушысы, ассириология негізін салушы лингвист Арчибальд Генри Сейс 
(ағылш. 
Archibald Henry Sayce; 25 қыркүйек 1845 жыл, Ширхэмптон, Бристоль — 4 ақпан 1933 
жылы)
- алғашқы шумер мәтінін көпшілікке ұсынды. Одан екі жылдан кейін француз 
ассириологы, антропологы, археологы, тарихшысы, өнертанушысы, нумизматы және 
кітапханашысы Франсуа де Ленорманд 
(фр. François Lenormant; 1837—1883)
- шумер 
грамматикасы туралы еңбегін шумер жазбалары мәтіндер аудармасымен жарыққа шығарды. 
Осылайша 1889 жылы әлемдік ғылыми орта Шумер өркениетін мойындады және «Шумер» 
ұғымы шумер тілі мен шумер өркениетін сипаттаушы ретінде тұрақты қолданыла бастады.
И.М. Дьяконов «Гетерография және оның жазу дамуы тарихындағы орны» туралы 
мақаласында Шумер жазуының ойлап табылған уақыты және көп тілділігі туралы: «Б.з.б. ІІІ 
мыңжылдықтың ортасында жалпыға белгілі және жақсы түсінілетін сына жазулы жазбалар 
жүйеленген Ежелгі Шумердің суретті жазуы, шамамен, сол мыңжылдықтың бас жағында 
шумерлер үшін және шумер тілі үшін ыңғайластырылды. Озалғы ерте кездегі ойлауға 
қажетті барлық логикалық, дедуктивтік абстракциялау құралдары жеткілікті жасақталмаған 
кезде, жинақтап қорытындылаудың метонимикалық немесе метафоралық ассоциациялау 
жолымен жүргенін әлденеше рет көрсетуге тура келген еді. Ол жазбалар екі тілді және үш 
тілді жазу мамандарымен жасалды» [2/18], – деп түйіндеген еді. Біз Гротофенд әліпбиінің 36 
символынан айқын тектестігі көрінетін 9 таңбаның, яғни 5000 жылдан кейін де сол күйінде 
сақталған (25%) қазақ ру-руналарына сәйкестігін назарларыңа қарауға ұсынамыз
. (Сурет. 1).


54 
Сурет 1 - Шумер сына жазуы символдары және түрік ру-руналары тектестігі 
ІІ. салыстыру артефактісі «Ежелгі Мысырдағы тірлік» кітабы [3] авторы, неміс 
мысыртанушысы және лексикографы, Берлин мысыр тіліне оқыту мектебінің негізін салушы 
Иоганн Петер Адольф Эрманның 
(нем. Johann Peter Adolf Erman; 31 қазан 1854, Берлин-.-26 
маусым 1937) 
суретті әліппесі. Пайда болуы б.з.б. ІІІ мыңжылдық басы, қолданыста болуы 
б.з. - IV ғ. дейін
 (Сурет. 2). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет