«Қазіргі заманғы түркологияның Ғылыми даму миссиясы және ғҰбайдолла айдаров феномені»


Э.В. Севортянның  сөздігінде –  «



Pdf көрінісі
бет37/85
Дата19.11.2022
өлшемі2,21 Mb.
#158914
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   85
Байланысты:
Ғұбайдулла Айдаров. Конференция

 
Э.В. Севортянның 
сөздігінде – 
«
арал; өсімдік өскен арал, өсімдігі бар арал» деген мағына береді [11, 87 б.]. 
Ада
сөзі арал мағынасында түрікм., түрік т.б. тілдерде қолданылады. Сонда 
Ада
атауының 
мағынасын: «өсімдік өскен, өсімдігі бар арал» деп білеміз.
 
Ащыайрық –
бұлақ аты. Е.Қойшыбаев: «Айрық деп екі тау өзенінің немесе екі 
шатқалдың қосылатын жерін айтады [11, 19 б.]. «Айрық сөзінің қазақ тіліндегі мағынасы 
«айырылатын, бөлінетін жер. Тау, өзен, жол т.б. айырылатын, бөлінетін жері айрық. 
Географиялық атаулар осы сөзден қойылған. Атаудың түбірі 
айыр
етістігі, ал оған қосылған -
ық
жұрнақ түркі тілдерінде етістіктен зат есім жасайтын өнімді қосымша. 
Ащыайрық 
атауының мағынасы
– «екіге айырылып аққан, суы ащы бұлақ». 
 Аран
– Маңғыстау ауданындағы құдық. Көне түркі тілінің сөздігінде 
аран
«мал қора, 
ат қора» [13, 51 б.] делінген. «Аран атындағы жер атаулары түбекте бірнеше. Олар көбіне 
түздің құлан, киік, қарақұйрық сияқты аңдарын қамап ұстауға ыңғайлы ұрымтал тұстардан 
қазылған орлар, тас қоршаулар» [14, 174 б.].
 
Ал азербайжан тілінде аран – «жылы орын, 
жазықтық»
 
деген мағына береді екен [15, 49 б.]. Сонымен атау «ойдан қазылған құдық» 
немесе аң ұстауға арналған оры (араны) бар жерден қазылған құдық дегенді білдіретін 
тәрізді. 
Артқапы
– аңғар аты. Көнетүркі сөздігінде: «
арт
– 1) «таулы қырат, тау»; 2) «
тау 
асуы
» – деп берілген. М.Қожанұлы 
Артқапы
атауына: 
«арт
сөзі қазіргі тува, шор және алтай 
тілдерінде «
асу
» мағынасында қолданылса, ал кейбір түркі тілдерінде мысалы, қырғ., азерб., 
башқ., ққалп. арт//ард – «
арқа, арты, арттың бөлігі
» мағынасын білдіреді. Ал екінші 
компоненттегі 
қапы
сөзін жергілікті тілдік ерекшелік деп қарап, ол сөздікте: «
Қапы
. (Гур., 
Маңқ.) – таудың арасындағы 
ояң жер
» деп берілген. Сонымен 
Артқапы
топонимін «
асудан 
кейінгі ояң жер»
мағынасында қараған жөн» – деп анықтама береді [16, 67 б.]. Біз де осы 
тұжырымға қосыламыз. Бірақ қапы сөзінің көне түркі сөзі екендігі Ә.Спан және 
Ж.Дүйсенбаева еңбектерінде жазылған: «Қапы – тау аңғары. Бойында су көздері бар 
аңғарлар ғана қапы делінген. Бертінде суы тартылған қапылар Құрқапы деп ерекшеленген. 
Көне түркі сөзі. Маңғыстауда Алдыңғы қапы, Артқы қапы деген де жер атаулары бар. Ал
Қырымның Перекопы – Берік Қапы деген сөзінен шыққан» деп тұжырымдайды [17, 197 б.].
Аша 
– Маңғыстау ауданындағы қыстау аты. Э.В. Севортянның сөздігінде «Аша – 
аш
етістігіне 

жұрнағының жалғануы арқылы жасалған атау, «
таудан асуға қолайлы төмен 
жер, жол
» деп берілген [11, 214 б.]. Сонда атаудың мағынасы: «
тау асуындағы қыстау».
Бесөгіз
– Солтүстік Үстірттегі терең құдықтар. Атау бес (сан есім) және өгіз (зат есім) 
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Өгіз сөзі туралы түрлі этимологиялық жорамалдар 
қалыптасқан деуге болады. 
Бесөгіз
гидронимі туралы Маңғыстау энциклопедиясынан: «Ел 
аузында құдықшыға 5 өгіз беріп қаздырған себепті, солай аталған деген дерек бар. Сонымен 
қатар Маңғыстауды туыстас бес оғыз тайпасы келіп мекендеген кезеңнен қалған атау 
делінеді. Тәңке атымен қосақталып, Бесөгіз-Тәңке деп аталыпты» деген мәліметті 
кездестіреміз [14, 233 б.]. Ал ғалым


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет