«Қазіргі заманғы түркологияның Ғылыми даму миссиясы және ғҰбайдолла айдаров феномені»



Pdf көрінісі
бет52/85
Дата19.11.2022
өлшемі2,21 Mb.
#158914
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   85
Байланысты:
Ғұбайдулла Айдаров. Конференция

Сүйікті болса, еркелеу болып кететін 


83 
Әдеті шығар пенденің: 
Бір басқа менің еркелігім де жететін, 
Ел еді сонда сенгенім.
«Бөбекте де арман бар ма екен» дейтін 
қыз біткен, 
Жігіттер жүрді жыр арнап. 
Оңымнан туар бақытым – Айым

біз күткен
сағым боп кетті бұлаңдап... 
Ата-ана қайда бетіме жел боп келмеген, 
Беремін дейтін тілегін?.. 
Әлпештеп жүріп безеді неге ел менен, 
Жасыды-ау әбден жігерім... 
Құса боп өтсе қыздары елдің сәні ме, 
Халқым-ау, қалай төзгенің? 
Алдамшы екен ғой мынау жалғанда бәрі де, 
Махаббатымнан өзгенің
[4, 226],
 
Осындағы жан азабын бірінші жақтан («Меннен») ақтарған Ақбөбекті ақын бейнесі 
деп айта алмаймыз. Немесе «Мен өмірді сен деуші ем» деп аталатын циклды лирикалық 
жырда махаббатта жолы болмаған бозбала жігіттің сезім сарсаңын көреміз. Мысалы: 
...Сонан соң күйіп-жанып алауладым, 
Ұмыттым Ай, Күн барын, Самал барын. 
Әйтеуір алай-түлей сол сезімнен
Жаныма бір тыныштық таба алмадым 
 
Кезім жоқ сені ойламай көзімді ілген, 
Сені аңсап, елжіредім, егілдім мен! 
...Ризамын тағдырыма сен арқылы, 
Махаббат деген күшті сезіндірген 
[5, 384],
Бұл өлең де бозбаланың монологы ретінде берілген. Сырттай қарағанда бозбала 
жігіттің қай жағынан да әйел ақынға жанасымы жоқ. Өлеңдегі бұл образды тек лирикалық 
кейіпкер ғана деп түсінеміз. Кейіпкердің лирикалық «мені» - даралық сипат. Даралық 
жоқта көркемдік те жоқ. 
Лирикадағы ақындық «мен» ақындық сезімталдық пен алғырлық, мөлдірлік пен 
сыршылдыққа толы жырлардан анық байқалады. 
Фариза ақын: 
 Дей алмаймын «жиынның жұлдызымын», 
Қуып жүрген бір жанмынжыр қызығын.
Сезім нәзік, ой жүйрік, кейде кекшіл, 
Кейде жарқын қазақтың бір қызымын. 
Сырт адамға сыр бермес жұмбақтаумын, 
достарыма аяулы қырмызымын 
[1, 23],
 -
деп толғайды.
 
Ақын туындыларында кейіпкерлер әлемінің аясы өте кең. Ф.Оңғарсынова 
творчествосын зерттеген З.Мүтиев ақын кейіпкерлері жайлы былай дейді: «Фаризаның 
лирикалық кейіпкерлері қоршаған ортаның, қоғамдық болмыстың отына күйіп, суығына 
тоңған, қуаныштың шат күлкісіне оранған, қайғының мұң тұманына тұншыққан жандар, яки 
жер басып жүрген адамдар әлемі. Ақын кейіпкері кімнің атынан сөз алса, соның көкейкесті 
келесі мәселесін ашып көрсетуге, кінаратсыз жеткізуге ұмтылады. Фариза лирикасының ең 
бір елеулі тұсы ақын кейіпкерлерін сөйлетуде адам жанының терең білгірі, нәзік психологы 
ретінде сөз алады». Яғни ақындар – лирикалық кейіпкерлерін танытуда адам жанының 
тамыршылары. Ақындардағы ішкі қайшылықтарды реттейтін эстетикалық серпіліс 


84 
психикалық процестер мен күштерді жинақтайды. Ақын «Менінен» барлық ой-сезімдері 
тарамдалып, бұдан психологизм құбылысының түрлері жіктеледі. Лиркадағы психологизм 
құбылысының түрлері жіктеледі. Лирикадағы психологизм рөлін айқындағанда түпсіз 
дүниені аңғартып, әлдебір әуен болып қабылданатын сиқырлы лирика тілі өзек болды. Өлең 
– ой мен сезімнің әрекет ету құралы. Ақын бойындағы әсерлер өлеңдегі образға жинақталып, 
эмоциясын танытады. Осылайша өлеңдегі терең психологизм көрініс береді. Лирикалық 
өлеңдердің көбінесе ішкі монологқа, кейде ішкі диалогқа құрылу себебі, бұл – автордың 
өзгеше өрелі тыңдаушысын іздеп шарқ ұрғаннан туындайтын құбылыс. Әр ақын – өзінше бір 
құбылыс, өзінше әлем. Лирикада алдымен ақын психологиясын ашамыз. Ақын психологиясы 
лирикадағы сан алуан сипаттар, көріктеу құралдары – психологиялық портрет, авторлық 
баяндау, суреттеу, ойды саралау, қиялдап қосу, лирикалық толғау түрлерінің бірінде ашыла 
ма, болмаса басқа да көркемдік компоненттер арқылы ашыла ма – ақынның жан әлеміндегі 
арпалыс тебіренісі дәл ішкі монологпен ашылғандай ашыла алмайды. Ішкі монолог арқылы 
ашылған ақын жан-дүниесін айнадан жарқырата көргендей күй кешеміз. Егер эпикалық 
шығарма бастан-аяқ ішкі монологқа (немесе диалогқа) құрылса, онда оқырманын 
жалықтыратын сүреңсіз шығарма туар еді. Лирикалық өлеңнің құдіреті – қысқа бола тұра, 
оқырманын аз сөзбен талай сезімге сүңгітіп, сезім сиқырымен баурауында, шағын болса да 
көп құбылысты сол күйінде жеткізе білуінде. Лирикада диалогтан гөрі монолог басым болып 
тұтасып, бірыңғай лирикалық өрнек-нақышпен әрленіп жатады. 
Ақындық «Мен» көбіне лирикадағы монологтарда шынайы көрініс табады. Ақынның 
шынайы да мөлдір жаны, ішкі тынысы, ішкі демінің дірілі ақындық «Мені» арқылы
жырланады. Фариза ақынның кейіпкер психологиясын дәл ашуы бозбала атынан үн қатуы 
«Мен өмірді сен деуші ем» (бозбаланың күнделігінен) циклді лирикасынан аңғарылады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет