Бүгінгі күні біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын


жауап алу пайдалы болады. 6. Тапсырмадан туындаған ойлар алдағы уақытта  «Бес сұрақ»



Pdf көрінісі
бет28/250
Дата28.11.2022
өлшемі5,73 Mb.
#160138
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   250
Байланысты:
методы обучения Дадли

жауап алу
пайдалы болады.
6. Тапсырмадан туындаған ойлар алдағы уақытта 
«Бес сұрақ»
техникасын пайдалану кезінде 
зерделенуі мүмкін. 
 
 
 
 


30 
ТЕЛЕДИДАР ДИКТОРЫ 
 
Қалыптастырылатын дағдылар: 

ойлау, шешім қабылдау

проблемаларды шешу; 

басқалармен жұмыс істей білу. 
 
Жалпы сипаттама 
«Шыбындар әміршісі» (
The Lord of the Flies
) романымен таныс әрбір оқушы бақалшық 
туралы біледі. Бақалшықты кім ұстаса, сол басқаның даусы басым шығады деп қорықпастан, 
тоқтаусыз сөйлей алады. Бұл тапсырма да сол сияқты, оқушыларға сөзді бөлмей, сұрақ 
бойынша өз ойларын, идеяларын және пікірлерін білдіруге мүмкіндік береді. Ол сонымен 
қатар оқушылардың белсенді тыңдау дағдыларын дамытуға да бағытталған. Біз 
бақалшықтың рөлін атқаратын затты «жөн-жосық көрсетіп отыратын адам» деген мағына 
беретін «басалқы» сөзімен атауды ұсынамыз. Ұқсас тапсырма ретінде 
«Жарыссөз 
асатаяғы»
әдісін қараңыз.
Сыныпты жоспарлау 
Мұғалім оқушыларды шеңберге немесе жартылай шеңберге отырғыза алады. 
Сондықтан бұл үшін бөлмеде жеткілікті орын болуы керек. Немесе оқушылар парталарына 
отырады да, мұғалім сөйлегісі келгендерге басалқыны береді.
Жұмыс алгоритмі 
1. Сөйлеушіге «басалқының» рөлін атқаратын тиісті зат беріледі. Пүліш ойыншық 
немесе қуыршақ сияқты (әрине, оқушылардың жасына және қызығушылығына байланысты!) 
басы бар затты (аты осыдан шығады) алуға болады. Болмаса, қалпақты қолдануға болады, 
сөз кезегі келгенде оқушылар қалпақты киеді.
2. Оқушылар белгілі бір сұрақ бойынша пікірталас жүргізеді. Тек қолында басалқы 
бар адам ғана сөйлей алады.
3. Оқушыларға отырған ретімен кезекпен сөйлеуге рұқсат бермеуді ұсынамыз. Кей 
балалар өздерінің кезегі келгенше не айтатыны туралы көп ойланады, сөйтіп басқалардың не 
айтып жатқанын тыңдамайды. Оқушылар күйгелектеніп, тіпті жасқаншақтаса, бұл 
тапсырмадан пайда болмайды. Затты ортаға қоюға болады, сөйлеуші өз сөзін аяқтағаннан 
кейін оны орнына қояды, осылайша оны кез-келген басқа адам ала алады.
4. Оқушылар, керісінше, сөйлеушіні мұқият тыңдаулары керек, олар өз қалауы 
бойынша сындарлы түсініктеме бере алады, сөйтіп өзінің белсенді тыңдау дағдыларын 
жақсартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   250




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет