Жалпы сипаттама Оқушының
жауапкершілігін,
көшбасшылығын
ынталандырып,
мұғалімнің
материалды қайтадан пайдалануын болдырмауды көздейтін әдіс.
Сыныпты жоспарлау Топтар немесе барлық сынып, шеңбер, үстел мен орындықтар.
Жұмыс алгоритмі Бұны шағын топта, сондай-ақ бүкіл сыныппен орындауға болады. Құрылымы
болмағандықтан, бұндай әңгіме барысында оқушыларға көмек керек болуы мүмкін. Көмекті
мұғалім көрсете алады, бірақ жұмыс топтарда жүрсе, мұғалім барлық топқа үлгермеуі
мүмкін. Аталған мәселені шешудің тағы бір жолы: бір оқушыдан көмекші болуды сұрауға
болады, бұл техника оқушылар мұғалімнің өзін қалай ұстауы қажеттігі туралы тәжірибеден
өткеннен кейін, олармен осы рөлдің негізгі аспектілерін талқылауға мүмкіндік береді.
43
ТІКЕЛЕЙ РАДИОЭФИР Жалпы сипаттама Оқушылардың бойында белсенді тыңдау, көптеген талқылау дағдыларын дамытуға
ықпал етуге бағытталған әдіс.
Сыныпты жоспарлау Радио жүргізуші-мұғалім (немесе оқушы) төрт қонақты (оқушылар) және
аудиторияны (қалған оқушылар) қарсы алады.
Жұмыс алгоритмі Радио жүргізушісі талқыланатын тақырыпты таңдайды. Студия қонақтарына (төрт
оқушыға) рөлдік карточка беріліп, олар сол карточкадағы рөлдерін ойнайды. Тыңдаушылар
аудиториясы (сыныптағы оқушылар) баға береді, сұрақ қою үшін «қоңырау шалады»,
ескертпелер жасайды және т.б.
44
СҰРАҚТАР ШЕҢБЕРІ Жалпы сипаттама Бұл әдіс оқушылар бойында идея білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталған,
сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіруді көздейді.