Бүгінгі күні біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын


Зерделеу:  Өзіңіз берген жауаптарға қарап, «жақсы оқу» жағдайы «нашар оқу» жағдайына  ұқсамайтын екі немесе үш аспектілерді анықтаңыз



Pdf көрінісі
бет51/250
Дата28.11.2022
өлшемі5,73 Mb.
#160138
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   250
Байланысты:
методы обучения Дадли

Зерделеу
Өзіңіз берген жауаптарға қарап, «жақсы оқу» жағдайы «нашар оқу» жағдайына 
ұқсамайтын екі немесе үш аспектілерді анықтаңыз.
 
Қолдану: 
Нашар оқу жағдайын жақсарту үшін жақсы оқуды қамтамасыз ететін факторлар 
туралы біліміңіздің қайсыбірін қолдана аласыз ба? Бұны шағын топтарда талқылап
қандай әрекет жасау қажет екендігін шешіңіз. 
МЕКТЕПТЕН ТЫС ОҚУ ЖАҒДАЙЛАРЫН МОДЕЛЬДЕУ 
Осы тапсырма оқуды өмір бойы жалғаса беретін үдеріс ретінде, басқа сөзбен 
айтқанда, мектептен кейін де аяқталмайтын үдеріс екендігі туралы пікірді қарастыруға 
көмектеседі. Бұл сондай-ақ зерттеу жүргізу арқылы сіздің оқу дағдыларыңызды 
жетілдіруге бағытталған.
 
Орындау: 
Мектепте және одан тыс, жұмыс орнында және одан тыс жерлердегі оқытуды 
қоса алғанда, мектепті бітіргеннен кейінгі оқуға қатысты басқа адамдардың тәжірибелері 
мен пікірлерін білу үшін сұхбат ойлап табыңыз.
Олар қазір не оқып жатыр? Қайда? Кіммен? Осы оқу мектептегі оқумен ұқсас па, әлде 
басқаша ма?
Бірнеше адаммен, мысалы: 
• мектепті биыл ғана бітірген адаммен
• бірнеше жерлерде жұмыс істеген адаммен; 
• жұмыс істемейтін адаммен; 
• зейнеткермен сұхбат жүргізіңіз. 
 
Талдау: 
Не болды? Адамдардың айтқандарында сізді таңқалдырған бірдеңе болды ма?
Сұхбат кезінде өзіңізді қалай сезіндіңіз? 
Сұхбат барысында сіз қажетті ақпарат алдыңыз ба?


64 
Егер сіз «Мектепте және оның қабырғасынан тыс оқу» тапсырмасын орындасаңыз, осы 
тапсырмадағы сіздің жауаптарыңыз бен адамдардың айтқандарының арасында 
айырмашылық бар ма? 
 
Зерделеу: 
Сіз адамдардың жауабынан не білдіңіз: 
• Адамдарға әртүрлі кезеңде білім алу үшін не қажет? 
• Мектеп бітіргеннен кейін адамдар қаншалықты ұзақ оқиды?
• Уақыт өте келе оқу үдерісі қалай өзгереді? 
• Олардың оқу туралы пікірі қандай? 
Сіз осыдан зерттеу жүргізу жолдары туралы не білдіңіз? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   250




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет