Бүгінгі күні біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын



Pdf көрінісі
бет58/250
Дата28.11.2022
өлшемі5,73 Mb.
#160138
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   250
Байланысты:
методы обучения Дадли

ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТА 
Интерактивті тақтаның негізгі басымдығы - Web 2.0 құралдары мен компьютерлік 
бағдарламаларды кез-келген сабаққа қосуға мүмкіндік беретіндігінде. Осы тақталардың 
көмегімен мұғалімдер сабақ кезінде веб-сайттарға, бейнежазбаларға және подкастыларға 
сілтеме жасай отырып, РowerРoint таныстырылымы арқылы ақпарат бере алады. 
Мұғалімдер жұмыс барысында анықталған мүмкіндіктерді есепке ала отырып, өз 
таныстырылымдарына түзету енгізе алады, сонымен бірге күрделі ұғымдар мен қиын 
тапсырмаларды түсіндіру мақсатында сабаққа қосымша анықтамалық материалдар енгізе 
алады. Интерактивті тақта жұмысты сақтауға, басып шығаруға немесе алдағы уақытта 
пайдалану үшін бейімдеуге мүмкіндік береді. 
Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері негізінен визуалдар мен кинестетиктер үшін 
анағұрлым қолайлы, ал вербалдар мен аудиалдар үлкен топтардағы интерактивті сабақ 
барысында материалды жақсырақ түсінеді. Экранға жанасу және оқылатын материалға 
жақын болу, оған қол тигізу мүмкіндігі оқушылардың сабақтағы тікелей физикалық 
белсенділігін арттырады. 
Интерактивті тақтаны сабақтың әртүрлі кезеңдерінде пайдалануға болады. 
Мәселен, ол сабақ мақсатымен және кіріспе материалдармен жедел таныстыру құралы 
бола алады. Осыған байланысты, таныстыруды жалғастырмас бұрын, оқушыларға 
көрсетілетін жаңа ақпаратты екшеу және өңдеуге уақыт бөлу қажет болуы мүмкін. 
Танысудан кейін оқушылар тақырыпты бекіту үшін интерактивті тақтада мысалдармен 
жұмыс істеуді жалғастырады. Жұмысты орындау барысында оқушылар шынында да өзара 
байланыста болуы үшін, бұны мұқият ойластырған жөн. Немесе кіріспе материалды 
беруді кейінге қалдыра тұрып, сабақтың соңында еске түсіруге болады.
Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы сабақты түрлендіру және қолдау 
көрсету мүмкіндіктері 
Интерактивті тақта ұсынатын мүмкіндіктер сізге сөздер ойыны, ауызша және 
жазбаша тексерістер, сканвордтар және кесте бойынша іріктеу, оқу құралдары, суреттер, 
кескіндемелер, диаграммалар және басқа сканерленген материалдар, сонымен қатар 
жүктеп алынатын ресурстар (бағдарламалық өнімдер), веб-сайттарға, бейнежазбаларға, 


71 
анимациялар мен подкастыларға сілтеме жасалған PowerPoint таныстырылымдары сияқты 
қызықты материалдар жасауға көмектеседі. Сонымен қатар сабақтың қызықты өтіп, 
оқушылардың қатысуын қамтамасыз ете алады.
Жауапты жасыру / сөздерді (нөмірлерді) табу
Мәтін жазылатын жерге сұрақтың жауабын жазып, жауапты жасыру үшін 
таныстырылым фонының түсі қандай болса, сондай түсті қарындашпен оны бояңыз. 
Дұрыс жауапты айтатын уақыт келгенде интерактивті тақтаның өшіргішін пайдаланып, 
жауапты көрсетіңіз. Жасырылған сөзді (санды және т.б.) ашпас бұрын, Сіз оқушылардың 
нұсқаларын талқылай аласыз. 
Мәтінді (кез-келген ақпаратты) реттеу, жүйелілікті анықтау 
Мәтінді қайта реттеу оқушылардың белгілі бір ақпаратқа немесе жазу стиліне тән 
тиісті белгілерді түсінетіндігін көрсетуге мүмкіндік береді. Сіз мәтіннің әр алуан 
бөліктерін (сандарды) флипчартта беріп, осыларды қате тәртіпте интерактивті тақтада 
бере аласыз. Оқушылар жұмыс барысында сілтеме жазбалар жасай отырып, мәтінді қалай 
реттеуге болатынын жұптарда немесе топтарда талқылай алады. Осыдан кейін мәтіннің 
үзінділерін дұрыстап жүйелеу үшін бір оқушы тақтаға шығады. Оқиға бөліктерінің 
жүйелілігін, ретін анықтау оқушыларға өзінің тақырыпты түсінетіндігін көрсетудің 
мақсатты тәсілі болып табылады. 
Кескіндеме, суреттер, мәтіндер, оқушылардың жұмыстарына және т.б. 
түсініктеме беру 
Сіз кескіндеме, сурет немесе мәтінді интерактивті тақтадан көрсету үшін 
сканерлеп, ал оларға түсініктеме беру үшін қарындаш және тақтада жазу жазуға арналған 
басқа да экрандық құралдарды пайдалана аласыз. Белгілі бір тақырыпты жақсы және 
нашар көрсеткен оқушы жұмысын үлгі ретінде алып қарастырып, оны жақсарту жолдарын 
бірлесіп талқылаңыздар. Бұл жаттығу оқыту үшін бағалауды педагогикалық тәжірибеге 
кіріктірудегі интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін паш етеді. 
Сандық микроскоп 
Сандық микроскоп оқушыларға әртүрлі заттар мен объектілерді түрлі қырларынан 
қарастыруға мүмкіндік береді. 
Визуализаторлар
Олар жаратылыстану сабақтарында пайдалы болуы мүмкін. Оқушылар 
эксперименттің мәнін жақсы түсіну мақсатында эксперименттік жұмыстың үлкейтілген 
бөлшектерін интерактивті тақтада көрсетуге болады. 
Деректерді тіркеушілер 
Деректерді тіркеушілер интерактивті тақтаны пайдалана отырып және оны 
пайдаланусыз ғылымда кеңінен қолданылады. Оқушылар әртүрлі деректерді тіркеу үшін 
оларды компьютерден бөлек пайдалана алады. Компьютерге қосқан кезде бағдарламалық 
жасақтама деректерді компьютерге жүктейді, жұмыс барысында алынған нәтижелермен 
таныстыру үшін ол деректерді кестелер мен графиктерге айналдыруға болады. Сонымен 
қатар айнымалы өлшемдердің барлық тәсілдерін зерттеу үшін оларды интерактивті 
тақтада көрсетуге болады. 
Оқушылардың жұмысын вики немесе блог үшін сақтау 
Оқушылар математикалық есептерін шығарып, ағылшын тілінің грамматикасын 
түзеп, ғылыми картамен жұмысты немесе басқа да жобаны аяқтап болғанша, 
материалдарды компьютер жадысынан өшірмеңіз. Бір есептің немесе идеяның көптеген 
шешімдері болатынын көрсету үшін беттің көшірмелерін жасаңыз. Сабақты PDF 
форматында экспорттап, оны slideshare.net-ке (тегін) жүктеңіз, «slideshare» сайтында 
берілген кодты көшіріп алып, оны Викиге немесе блогқа салыңыз. 
Интерактивті тақтаның көмегімен байланыс орнату 
Сабақтың өзінде және сабақты интерактивті тақталарда дайындау барысында 
қолдануға болатын Web 2.0 қосымша құралдарының қатарына Facebook.com, ilike.kz. 


72 
Kaztube.kz, YouTube.com кіреді. Бұлар сабақты мүлдем жаңа интерактивтілік деңгейіне 
шығарып, оқушыларды оқу үдерісіне тартудың жаңа стилін ұсынады.
PowerPoint таныстырылымдары 
PowerPoint таныстырылымы – мектептерде ең көп таралған, таныстырылым 
жасауға арналған бағдарламалық құрал. Төменде таныстырылымдарды тиімді етіп 
жасауға арналған кейбір ұсыныстар берілген: 

Құралдың техникалық мүмкіндіктері ең алдымен ынталандырушы, ақпараттық 
және қызықты таныстырылым жасау үшін пайдаланылуы тиіс. 

Барынша көп құралдарды пайдаланыңыз (мәтін, графикалық деректер
анимациялар, дыбыс және бейне, сайттарға сілтеме, таныстырылымның негізгі 
ақпараттарының түйінді тұстары, еренсілтемелер). 

Күрделендірмеңіз: әрбір слайдта тым көп мәтін пайдаланбаңыз, өйткені ақпараттар 
ағымы қатты болған жағдайда оқушылар қабылдай алмай қалады. 

Мүмкіндігінше үлкен шрифтімен жазып, жолдардың арасында жеткілікті аралық 
сақтаңыз. 

Көп түстерді пайдалана бермеңіз, өйткені бұдан бас ауруы мүмкін. 

Фонның түсі мәтіннің үйлесімділігін бұзып, оқуды қиындатпауын қадағалаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   250




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет