Бүгінгі күні біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын


Оқушылар ауызша кері байланысқа қатыспайды және оның маңызын



Pdf көрінісі
бет75/250
Дата28.11.2022
өлшемі5,73 Mb.
#160138
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   250
Байланысты:
методы обучения Дадли

Оқушылар ауызша кері байланысқа қатыспайды және оның маңызын
өзектілігін түсінбейді, кейде менсінбейді. 
– Сыныпта қолайлы мәдениетті дамытып, балалардың өз қателіктері мен басқа 
оқушылардың қателіктері білім алуға мүмкіндік беретіндігін оқушылардың санасына 
жеткізу уақытты талап етеді. 
– Жауаптарға түсініктеме беріп, өз жауаптарына түсініктеме алудың құнды әрі 
маңызды екендігін ұғындыру үшін де уақыт қажет болады. 
– Оқушылардың санасында қате түсінік қалыптаспас үшін жауаптың дұрыс емес 
екендігін уақтылы айтып, ескертіп отыру қажет. 
– Оқушыларға шешендік өнер мен тыңдаудың негізгі ережелерін егжей-тегжейлі 
түсіндіріп, тәжірибеде қолдануға үйрету қажет. 
– Бір оқушымен кері байланыс орнатып жатқанда, басқа оқушыдан осы үдерісті 
бақылауды өтініңіз. 


89 
• 
Жоспарланбаған жауаптар ойластырылмаған болып, құрылымдалған оқыту 
барысына сәйкес келмеуі мүмкін. 
– Сұрақтар мен тапсырмалар ойлаудың барынша жоғары деңгейін ынталандыруға 
бағытталып, жауаптар кері байланысты одан әрі дамытуға ықпал етуі тиіс. 
– Сұрақтар мен тарсыпмалар ретін кері байланыс оқуды алға жылжытуға 
жәрдемдесетіндей етіп біртіндеп құрылымдаңыз. 
– Қолайлы жағдайда анағұрлым кеңейтілген немесе құрылымдалған кері 
байланысқа уақыт бөлінуін қадағалаңыз.
• 
Ауызша кері байланыстың тиімділігі қысқа мерзімді болады.
– Негізінде бұл дұрыс, бірақ оқушыларға жауап беруге уақыт бөліп, қажет болған 
жағдайда кері байланысқа сәйкес әрекет етуге мүмкіндік беру маңызды. 
– Кейбір жағдайларда оқушылардан кері байланыс туралы ойланып, өздерінің 
кейінгі қадамдары немесе мақсаттары туралы дәптерлеріне жазуды, болмаса өздерінің 
жұмысын/нәтижелерін/оқуын кері байланыс тұрғысынан қайта қарауды бірден сұраған 
пайдалы болуы мүмкін. 
– Оқушылардың жауаптарын ойша (немесе жазбаша) белгілеп отырыңыз және 
олардың тақырыпты шын мәнінде түсінгенін тексеру үшін оларға кейінірек оралыңыз. 
• 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   250




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет