9
қару-жарақ, әшекей бұйымдар қою ғұрыптарымен ерекшеленеді. Қыш көзелердің
пішіні, жасалу, өрнектелу өзгешелігімен де айрықшаланады. Беғазы - Дәндібай
мәдениетінің Ақсу-Аюлы, Бұғылы, Беғазы, Дәндібай, Ортау кесенелері күрделі
сәулет өнері ескерткіштеріне жатады. Олар көбіне дөңгелек, төртбұрышты болып
келеді. Ғимараттардың үсті қақпақ тастармен немесе жуан бөренелермен сатылы
«пирамидалы» әдіспен жабылып, мәйіт ортадағы үлкен тас жәшіктерге
жерленген. Қоныстар мен тұрақтардан табылған көзе ыдыстардың таяқшамен
батыңқы сызылып салынған сыртқы өрнектері қарапайым, қиғаш, көлбей
салынған шырша, тырнақ, шекілдеуік, жарты ай бейнелі, мойны мен ернеуіне
белдемшелер жапсырылған. Ал қабірлердің ішіне қойылған ыдыстардың
пішімдері мен өрнектері мүлде өзгеше. Олар қыл мойын құмыра пішімді,
шығыңқы бүйірлі кесе, тостаған тәрізді, сырты сүйек қалыпшалармен әсем етіп
өрнектелген. Осы кезеңде бұл өңірде Кент, Бұғылы, Шортанды-бұлақ, Қарқаралы,
Aқкезең, Ұлытау жіне тағыда басқа ірі елді мекендер пайда болған. Тұрғын үй
құрылыстары әр түрлі болып келеді. Қабырғасы, іргесі таспен өрілген 4
- 6 бөлмелі үйлермен қатар, бір-екі бөлмелі жер кепе және киіз үй пішіндес
құрастырмалы жеңіл үйлер де көп болған. Олардың орта тұсында немесе шетінде
биіктеу етіп тастан салынған төртбұрышты ғибадат ету орындары бар. Әрбір
үлкен қоныстардың айналасында 3 — 5 шағын мекендер болған. Бұл жерлерді
қоныстанған тайпалардың басым көпшілігі мыс балқыту, көзе жасау, егін егумен,
мал шаруашылығымен айналысқан. Беғазы - Дәндібай мәдениеті
жасаушы тайпалар да андрондықтар сияқты негізінен - күн, от, су және тағыда
басқа табиғат күштеріне табынған. Сонымен қатар басты күнкөріс көзі
есептелген жылқы, қой, түйе сияқты жануарлар мен қасқыр, аю, тағыда басқа
жыртқыш аңдарды құрметтеп, оларға табыну ғұрыптары пайда болған. Олардың
тастан қашалған бейнесін зират, қоныс маңына тұрғызып қойған. Беғазы -
Дәндібай мәдениеті тұрғындары — өздерінің әлеуметттік дамуында беделді
рубасылары басқарған, қалыптасқан діни наным-сенімі, саяси әкімшілік орталығы
бар, өзіндік өндірісі мен өндіргіш күштері дамыған, алғаш мемлекеттік бірлестік
құру дәрежесіне жеткен тайпалар. Олар Оңтүстік Оралдағы Замарев мәдениеті,
Алтай мен Eнисейдегі Қарасуық мәдениеті сияқты өздеріне туыс тайпалармен
саяси-экономикалық тығыз байланыста дамыдыБеғазы - Дәндібай қонысынан
табылған заттар айғақтағандай, бұл обалар біздің заманымыздан бұрынғы ӀХ-ҮӀӀӀ
ғасырларға, яғни қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын мәдениетті сипаттайды.
Беғазы - Дәндібай мәдениеті ғылымда - Беғазы кешені, Беғазы қорымы, Дәндібай,
Бұғылы ӀӀ-ӀӀӀ, Саңғыру I, III, Қойшоқы сынды бірқатар археологиялық орындар
деректері мен жәдігерліктерін қамтиды. Бұл біздің ерте заман тарихымыздың бір
тарауы болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: