Мəдениет жəне өнер институты



Pdf көрінісі
бет48/95
Дата26.12.2022
өлшемі0,81 Mb.
#164551
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   95
Байланысты:
Кітапханалық маркетинг

 
Дəріс №14 
Тақырып : Жарнамалық хабарламаларды көркемдеу əдістері 
Кітапханалық көрме - сыртқы жарнама түрі 
Дəріс мазмұны:
 
Баспасөз – релиздер 
Бетшелер 
Буклет 
Проспектілер. Каталогтар 
Баспасөз – релиздер 
Кітапханалық өмірдегі қызықты оқиғалар туралы баспасөзде 
мəліметгер жариялау үшін БАҚ табыс етілетін баспасөз релиз түріндегі оқиға 
туралы шағын материалдар əзірленеді. 
Материалда кітапхана көрмесінің конференция мерейтойын өткізудің 
алғышарты қысқа түрде баяндалады. Бұл ретте, оқиғаға қатысушы басты 
тұлғалар, кітапхана серіктестері демеушілер аттары көрсетіледі. Сондай - ақ 
мекен-жайы, телефоны керсетіледі. Баспасөз - релиз иллюстративті 
материалдармен безендіріледі: көрме сөресі, кітапхана қызметкерлері жəне т. 
б. Сонымен бірге шақыру билеті немесе жарнама қоса беріледі. Баспасөз 
үшін хабарлама дайындалғанда кең шетжиек қалдырылады, мəтіндер 


арасында қашықтық кеңейтіледі: бұл журналистерге мəтінмен жұмыс істеуге 
жеңілдік тудырады. 
Бетшелер 
Бетшелер - баспалық жарнама түрі, бүктетілмейтін екі бетті шағын 
басылым. Оларды оқырмандарды немесе ұйымдарға кітапхана шақыру
қызметін пайдалану үшін шақыру түрінде жіберіледі. Онда ресурс мекен — 
жай, кітапхана кестесі көрсетіледі. 
Бұлар - көрмелерге, кештерге, кездесулерге шақырулар болуы мүмкін. 
Бетше түрінде сондай - ақ, ақпараттық білім алуға көмек ретінде 
библиографиялық тізімдер, материалдар дайындалады. 
Мысалы, «Каталогтар мен карототекаларды қалай пайдалануға 
болады», «Оқырмандар талабын қалай толтыруға болады». 
Соңғы уақытта бетшелер біртұтас терілімнің бөлігі болып табылады. 
Бұл жинаққа жарнама шақыру салынған конверт, каталог түрінде бөлек 
шығарылған басылымдар тізілімі қамтылады. Мұның барлығы бір сюжетті 
бірыңғай түсті, қаріпті жəне т.б. болып келеді. Кейде кітапхана ентаңбасы 
мен негізгі мəтінге қосымша басқа ақпаратта қамтылуы мүмкін. Бұл - 
кітапханаға қалай келу үлгісі, мазмұнды сурет болуы мүмкін. 
Буклет 
Буклет - «қатпарланған», «үш бұрыш», «үйшік» жəне т.б. түрінде 
қатталған, көп бояулы жақсы безендендірілген басылым. 
Буклеттің бірнеше жанры бар. Оның ішінде көп таралатыны -кітапхана 
туралы буклет. Білікті жарнамашылар кітапхананың бейнесін жасайтын 
кептеген мəліметтерді қамтуға тырысады. 
Оны құрудың тарихы, қызметтерге қатысты адам аттары, қорды 
пайдаланушылар жан - жақты көрсетіледі. Оқырмандардың кітапхананың 
даму кезеңдеріне жаңа бөлімшелер мен қызмет көрсетулерге, əртүрлі 
ұйымдар жəне халықаралық қарым - қатынасына қызығушылығын 
арттырады. Кітапханатану жарнамалық буклеті анықтамалық сипаттағы 
мəлімметтерді қамтиды: əртүрлі құрылымдық бөлімшелердің жұмыс 
кестесін, мекен - жайы мен телефондарын, кітапханаға келетін оқырман 
санын көрсету. 
Буклет кітапхананың «визиттік карточкасы» міндетін атқарады. 
Буклеттердегі 
иллюстративті 
материалдар 
логотиптің 
көркем 
безендірілуімен, суреттерімен ұсынылады. Кəсіби жарнамашылар буклеттің 
көркемдік бейнесін жасау үшін салма суреттерді қолдану тиімді немесе 
нақты көркемдік сюжетсіз шығаруға болады. Суреттерді таңдау барлық 
уақытта сəтті болмайды жəне кітапхананың тартымды бейнесі үшін «жұмыс 
істемейді». Кейде кітапхана қорынан араб тіліндегі Құранды ірі жоспарда 
суретке түсіру жеткілікті немесе бірегей қаріппен терілген мəтін анық 
оқылатын көгілдір - ақ түсті рең арқылы кітапхана бейнесін қалыптастыруға 
болады. 
Буклет көп ретте полиграфиялық жобаны жоғары деңгейі мен еркін 
шығармашылық арқылы сəтті шығады. 


Осы сапамен шыққан буклет кез - келген кітап сөресінде, қабырғада 
немесе журналдық столда бірден көзге түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет