«Айқын мақсат қоя отырып»



Pdf көрінісі
бет47/79
Дата11.01.2023
өлшемі1,75 Mb.
#165305
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   79
Байланысты:
ӘДІСТЕР ҚОЙМАСЫ

 «Мәтінмен жұмыс» 

Тапсырмалар: 



мәтінді бірнеше бөліктерге бөлу

әр бөлікке атау беру; 

әр бөліктің негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді анықтау; 

кейіпкерді сипаттайтын сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді табу; 

мәтіндегі барлық кейіпкерлерді кезегімен атап беру; 

мәтіндегі оқуға орын алған жерлерді атау

мәтінді аяқтаудың нұсқасын ұсыну. 
«Мен кіммін?» 
Оқушылардың маңдайларына жапсырма қағазға сабақта өтілген 
тұлғалардың аты жапсырылады. Жұптас көршісіне сұрақ қою арқылы өзінің қай 
тұлға екенін табу керек.
Мысалы: «Мен жазушымын ба? Менің «Ақбілек» деген романым бар 
ма?..» Көршісі тек «иә, жоқ» деген жауаптар айтады. 
«Мен ешқашан...» 
Қатысушылар кезекпен «Мен ешқашан...» деп басталатын сөйлем айту 
керек. Мысалы, «Мен ешқашан парашютпен секіріп көрген жоқпын». Қалған 
қатысушылар бұл фраза өздеріне қатысты болмаса, саусақтарын бүгіп отырады, 
яғни олар парашютпен секірген болса. Бұл ойында кімнің өмір тәжірибесі 
ерекше болса, жеңіске жетеді. 


62 
 «Мені түсін» 
Оқушылар мәтіннің бөлігін оқиды да, түйінді сөздерін дәптерлеріне 
жазып алады. Мұғалім оқушылардың кітаптарын жабуын, қолдарына парақ пен 
қарындаш алып, осы мәтіннің негізгі ойын білдіретін он шақты сөз жазуларын 
талап етеді. Соңынан мұғалім парақтарды жинап алып, өзі алдын ала даярлаған 
түйінді сөздермен салыстырады. Кімнің осы түпнұсқамен сәйкес келген сөздері 
көп болса, сол жеңімпаз деп танылады. 
«Менің тұлғамның формуласы» 
Сынып оқушыларын бір-біріне жақынырақ таныстыру, жағымды ахуал 
тудыру үшін қолданылады. Әр оқушы өзінің қызығушылығын, мінез-құлқын
дарыны мен талантын формулаға түсіріп айтуы керек. Көбінесе оқушылар 
«қосу», 
«азайту», 
«көбейту», 
«бөлу» 
ұғымдарын 
қолдана 
отырып, 
математикалық формула шығарса, кейбірі химияны еске түсіретін формулалар 
құрастырады. 
Мысалы: Жанбота = (0,7 талғам + 0,5 түйсік) : 0,1 сенімсіздік – 0,5 
жалқаулық 
Сыныпта «бөлу» мен «азайту» амалдары көбірек болған оқушылар мен 
«көбейту» мен «қосу» амалдары көп оқушылары араластырып отырғызу, бір-
бірімен пікір алыстыру т.с.с жұмыстарда мұғалім қаперінде ұстау үшін 
формулаларын жазғызып, жинап алып қарап отыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет