35
тұлғалық дамуына ықпал ететіндей болуы тиіс. Мораль педагогтардан
тұрақты педагогикалық жұмыс ретін талап етеді. Педагогикалық іс
-
əрекеттің
маңызды өлшемі
-
оқушы туралы қамқорлық шаралары. Педагогтардың
шəкірттерінің игілігі үшін қамқорлық жасауы төрт аспектіге байланысты.
Олар: физикалық, интеллектуалдық, адамгершілік, рухани дамуын жетілдіру.
Шəкірттерінің физикалық дамуын жетілдіру аясына оқушыларының
денсаулық жағдайына көңіл бөлу, мектептегі сабақ барысында жəне үй
тапсырмаларын орындауда əр оқушының физикалық жəне психикалық
тұрғыдан өзін
-
өзі тəрбиеленуіне себепші болуы тиіс.
Оқушылардың ақыл
-
ойын дамыту
-
мұғалімдер алдындағы маңызды
қызметтің бірі. Бұл талап педагогтарға өзінің негізгі əрекеті мен қосымша
жұмыстарының ара жігін толықтай ашып алудан басталады. Оқу уақытының
көп бөлігі осы міндеттерді шешуге жұмсалғаны жөн. Осы əрекеттерден келіп
шығатыны: əр шəкірттің алдына оқу міндеттеріне қатаң талап қою жəне
міндеттер деңгейінің баланың ақыл
-
ой деңгейімен бір мөлшерде болуы
ескерілуі шарт. Ол міндеттер аса жеңіл де емес немесе аса күрделі де
болмауы тиіс. Талаптардың тым босаң болуы оқушылардың дамуының
деңгейін төмендетеді, тым жоғары болса жүйкеге салмақ түсуі ықтимал. Сол
себепті нақты баланың жас ерекшелігіне сай өлшемді ұстанған дұрыс.
Тəрбиеленушінің рухани
-
адамгершілік тəрбиесіне көңіл бөлу мəселесі
де ұстаздарға толағай міндеттер жүктейді. Бұл арада тек əрекетке педагог
қана енуі тиіс десек қателесеміз, қосымша жауапкершілікті ата
-
аналар алады.
Бұл қызметке басшылық жасай отырып, ұстаз шəкіртіне моральдық зиян
келтірмеу жағын ойластырғаны дұрыс. Адами қасиеттер сапасын
шəкірттеріне дарытуда ерекше жетістіктерге ие болатын ұстаздар өздерінің
күнделікті əрекетінде бұл үрдісті дағдыға айналдырғандар. Бұл ұстаздардың
бойындағы сапалық қасиеттер: ұқыптылық, сыпайылық, адам жетістігін
бағалай білу, жауапкершілік, көмек көрсетуге даяр болу, шыдамдылық,
патриотизм, шынайылық. Кəсіптік педагогикалық этиканың тұлғалық
-
шығармашылық компоненті ретінде болашақ педагог өз бойында да,
адамгершілік құндылық сапасы ретінде оқушысының бойына да осыларды
қалыптастыра білуі жөн.
Достарыңызбен бөлісу: