Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45



Pdf көрінісі
бет103/126
Дата06.02.2023
өлшемі3,69 Mb.
#167541
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   126
Байланысты:
mendebaev-sapany (1)

6.6.8. Жеткізіп салу үдерісі
Бұл үдеріс жеткізіп салушының міндеттері мен жұмыстарынан 
тұрады. Және сәйкес талаптар мен өнімнің програмасы өзгерген кез-
де жүзеге асады. Үдерістің мақсаты – өнімнің толықтығын сақтау 
бағдарламасы кезіндегі өзгерістер. Берілген үдеріс келесі жұмыстардан 
тұрады: үдерісті дайындау, мәселелер мен өзгерістерге талдау, 
өзгерістерді енгізу, жеткізіп салу кезіндегі тексеріспен қабылдау, орын 
ауыстыру және қолданыстан шығару жатады. 


214
Егер жеткізіп салушы жеткізудегі қоюшы қызметінде болса, онда ол 
жеткізу үдерісін жүзеге асырады. 
6.7. Өнімнің өміршеңдік (ӨК) кезеңінің көмекші үдерістері
Өнімнің өміршендік келесі көмекші үдерістері анықталған: 
құжаттандыру, үйлесімділікті басқару, сапаны қамтамасыз ету, анықтау, 
шынайыландыру, аттестаттау, бірлескен талдау, аудит, шешімдер 
қабылдау.
Көмекші үдерістің міндеттері мен жұмысына аталған үдерісті орын-
даушы ұйым жауапкершілік алады. Ол нақты үдерістің функционалдық 
ерекшеліктері мен бар болу шынайылығына кепілдеме береді.
Ұйым басқару үдерісіне сәйкес жобалау деңгейінде көмекші 
үдерісті басқарады, бейімделу үдерісіне сай аталған үдеріске арналған 
инфрақұрылымды анықтайды және ұйымдық деңгейде оқыту мен 
жүзеге асыру үдерістеріне сәйкес көмекші үдерісті басқарады. 
Сапаны қамтамасыз ету әдістері ретінде бірлескен талдаулар, 
аудиторлық тексерулер, анықтау, шынайыландыру және аттестаттау 
пайдаланылуы мүмкін. 
 
6.7.1. Құжаттандыру үдерісі
Бұл үдеріс ӨК үдерісінде құрылған ақпаратты құрылымдық түрде 
бейнелеу үдерісі болып табылады. Бұл үдеріс келесі жұмыстардан 
тұрады: үдеріске даярлық, жобалау және жасау, шығару, алып жүру. 
Олардың көмегімен барлық қызығушылық білдірген тұлғаларға – ад-
министраторлар, инженерлер және басқарушы қызметкерлерге қажетті 
құжаттарды жоспарлап, жобалап, жасап, шығарып, дұрыстап таратады 
және алып жүреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет