Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45


мамандықтардың әртүрлі категориялары бойынша, мамандарды  іріктеу қажеттілігіне шешім алу



Pdf көрінісі
бет113/126
Дата06.02.2023
өлшемі3,69 Mb.
#167541
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   126
Байланысты:
mendebaev-sapany (1)

.
мамандықтардың әртүрлі категориялары бойынша, мамандарды 
іріктеу қажеттілігіне шешім алу;
.
мамандардың кәсіби жарамдылығын бағалауға қажетті 
әдістемелік қағидаларды анықтау;
.
нақтылы бір мамандыққа қажетті ұтымды бағалау критериін 
таңдап алу.
Бұл жұмыс – адамдардың мінез-құлықтарын, олардың кәсіби-
біліктілікте алатын орындарын зерттемей бітпейтін проблема. Әр 
саланың маманының мінез-құлқы, өмірге көзқарасы әрқилы. 
Бұл саламен шұғылданатын ғылымның бір саласын – профессио-
графия дейді.
Қазірге кезеңде мұның «акмеография» деген бағыты дами бастады. 
Бұл салада әрбір субъектінің рөлі қарастырылады.
Сапа басқаруда әрбір адами потенциалдың рөлі өзгеше. Бұл өлшем 
феноменолотиялық адамдық бүтіндікте, адамның пенде ретінде, еңбек 
субъекті ретінде, тұлға ретінде және қайреткер ретінде көрінетінін 
айғақтайды.
Професиографияның мақсаты – мамандар мен олардың кәсіби 
тіршіліктеріндегі өзара байланыстарды анықтау. Мамандардың кәсіби 
тіршілігінде кездесетін заттар мен құрал-жабдықтармен және еңбек 
өнімімен, адами қатынастармен және де басқалай құбылыстармен бай-
ланыстары.
Ал акмеография болса, осы мақсатты адамның өзінің кәсіби деңгейін 
көтеру барысындағы құрал ретінде көрсетеді.
Акмеографиялық зерттеулер негізінде арнайы акмеограмма жасала-
ды. Мұнда кәсіби тірліктің қыр-сыры, адамның жеке-мінез құлқымен 
оның ерекшеліктеріне қойылатын талаптар келтіріледі.
Акмеограмма негізін (профессиограмма) психограмма (мінез-
құлық) құрады. Бұл нақтылы кәсіби тірлікті сипаттау мәселесі.
Акмеограмманы (профессиограммалар) құруда, кәсіби іріктеу 
мәселерін ұтымды шешіп, кадрларды тиімді жұмыс орындарына 
отырғызу мүмкіндігі туады. Кадрлардың кәсіби маңызды қасиеттер 
анықталып, олар ұжымның мәңгілік тұрақты кадрлары болып 
қалыптасады.
Кәсіби тірлікті жүйелік тұрғыда зерделеу тек талапты үміткер 
кәсіби мамандарды іріктеумен шектелмей, мінез-құлықтары ауқымды, 
дүние танымы кең мамандардың көзқарастарымен байланысты екенін 
ұмытпау қажет. Мұнда кәсіби тірліктің өте күрделі қырлары (мысалы, 


230
бірнеше күрделі объектілерді басқару, ақпараттық ағымдарды тал-
дау) ұтымды шешімін тауып отыруы қажет. Осы мақсатты ұжымда 
қалыптасқан өндірістік функциялардың қайсысының мәселе туғызып 
отырғанын, оларды шешу жолдарын анықтау керек болады.
Қазіргі кезеңде мамандықтар саны өте кеңейіп, жан-жақты болып, 
кәсіби тірліктер өзгеріске ұшырап жатқан жағдайлар бар.
Сондықтан кәсіби жарамдылық мәселелерін шешу үшін жүйелік 
қағида қажет болып тұр.
Психологиялық тұрғыда әрбір кәсіби тірліктің түрлерін талдауда 
бірнеше қажетті компоненттерді бөліп алып, олардың мамандық сапа-
сына тигізетін әсерлерін көрсетуге болар еді, олар: 
1. Тірліктің өзіндік тұлғалық компоненті. Бұған тұлғаның жігері, 
дүние танымдылығы, мотивациялық кеңдігі, ұйымдастырушылық 
қасиеттері жатады;
2. Сенсорлық-перцептивтік компонент. Бұған дүние-танымдық 
қабілет және ұқып жатады.
3. Гносеологиялық компонент (гректің gnosis – білім, тану де-
ген ұғымдары) немесе ителлектуальды компонент. Бұл әрекеттер 
ақпараттарды өңдеу, шешім қабылдау кездерінде қажет.
4. Тірліктің моторлық компоненті. Сөйлем құрудың психомоторлық 
сапасы.
Қазіргі жағдайда кәсіби тірліктің кейбір түрлері осы көрсетілген 
компоненттердің кейбіреулерін немесе олардың комбинацияларын пай-
далануда.
Кәсіби тірліктің тиімді өтуі үшін субъект пен оьбъектінің арасында 
төмендегідей байланыстар болуы мүмкін.
1. Кәсіптер (мамандықтар). Мұнда байланыс адам-адам жүйесінде 
өтеді.
2. Кәсіптер, мұндағы байланыс адам-машина-өндірістік жүйеде 
өтеді.
3. Кәсіптер, мұндағы байланыс адам-техникалық жүйеде өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет