Нанотехнологиялар



Pdf көрінісі
бет12/172
Дата08.02.2023
өлшемі4,68 Mb.
#167987
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   172
Байланысты:
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. 1985 жылы көміртегінің жаңа түрі ашылды, ол қалай аталады?
а) инертті газдар; 
ә) лантанидтер;
б) сирек кездесетін элемент;
в) фуллерен.
2. Наномасштабты сипаттайтын Тһеге’з р1еПу о£ г о о т а! !һе 
Ь о й о т («Төменде өте көп орын бар») атты баяндаманы оқыған:
а) Ричард Смоли; 
ә) Ричард Бэртон;
б) Ричард Фейнман;
в) Ричард Пэтти.
3. Нанотүтікшелер ненің қасиеттерімен салыстыратындай, 
металдық қасиеттерге ие?
а) жез;
ә) қорғасын;
б) қалайы;
в) мыс.
4. Кейбір фуллерендердің пішіндері:
а) төс пішінді;
ә) шұжық пішінді;
б) кәді пішінді;
в) сүңгі пішінді.
5. Протон массасы электрон массасынан:
а) 800 есе үлкен; 
ә) 1200 есе үлкен;
б) 1600 есе үлкен;
в) 1800 есе үлкен.
6 . Барлық тірі ағзалардың (масадан китке дейін) құрылымдары 
немен кодталған?
а) Морзе кодымен;
ә) радиотолқындармен;
б) ДНҚ-да;
в) МЭМЖ-де (микроэлектромеханикалық жүйеде).


7. Алмаста әрбір көміртегі атомы келесі көміртегі атомдарының 
мөлшерімен байланысты:
а) 2 ; 
ә) 4;
б) 6;
в) 8;
8. 
Фуллеренге 
ұқсайтын, 
бірақ 
оның 
симметриясын 
иеленбейтін көміртегінің басқа түрі не деп аталады?
а) аминоқышқыл; 
ә) көмірсу;
б) көпқабатты нанотүтікше;
в) қара күйе;
9. 1996 жылы химия саласы бойынша Нобель сыйлығы қандай 
ашылу үшін берілді?
а) кварц;
ә) фуллерен;
б) уран;
в) поллоний;
10. Нанотүтікшелердің түзілуі үшін зерттеушілер нені 
қолданады?
а) темірді; 
ә) уранды;
б) калийді;
в) бериллийді;


2-ТАРАУ
НАНОМАСШТАБ
Әрқашан көргенімізге сену қажет пе?
Олимпиада жеңімпаздары мүмкін емес нәтижелерге жетеді. 
Сиқыршылар мүмкін еместі мүмкін етеді. Кинематографистер 
сенбестік айла-әрекеттерді арнайы әсерлер арқылы көрсетеді. 
Көзімізге сенуге бола ма? Ғалымдар мен инженерлер тек қана бірнеше 
рет және мұқият тексерулер жүргізгеннен кейін ғана өз көздеріне 
сенеді. Егер оның қалай жүзеге асырылатынын түсінсе, барлығына 
(Планеталардың қозғалыстарынан жарғанаттың хромосомаларының 
өзгерісіне дейінгінің) сенуге болады.
Қазіргі таңда микроскоптық масштабпен шектеліп қана қоймай, 
технологиялар шапшаң дамуда. 30 жылдан астам бұрын микроскоптық 
тетіктердің жасалуы үлкен жетістік еді, ал қазір онымен ешкімді 
таңғалдыра алмайсың. Бұрында тек қана ойша елестететін көрінбейтін 
әлемдер, бүгінгі күнде динамикалық дәрежеде өсіп келе жатқан тех- 
нологиялар мен жаңа дәуір құралдарымен қарқынды зерттеулердің 
пәніне айналып отыр.
Нанотехнологиялар - бұл қазіргі дәуір ғылымының «ұшқыр» 
аймағы болып отыр. XX ғасырдың екінші жартысындағы ғарыш 
зерттеулері мен ғаламтор секілді, наноәлем де бүгінгі күні мектеп 
оқушыларының, студенттердің және ғалымдардың ой-көңілін жаулап 
алған. Нанотехнология тіпті енді өз инвестицияларын жоспарлайтын 
қаржы мамандары үшін де маңызды рөл атқарады. Жаңа технология- 
лар әдетте, жаңа өнімдер мен кіріс алудың тәсілдерінің пайда болуын 
білдіреді. Сондықтан бүгінде инвесторлар мен саясаткерлер де нано 
әлемдегі жаңалықтарға қызығушылық танытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет