Қоғам үшін үлкен мағынасы бар және оған эсер ете алатын
нанотехнологиялардың арқасында жеке
атомдардан жаңа молеку-
лалар мен материалдар алу мүмкін болғандықтан ғалымдардың
қызығушылығы туындап отыр. Нанотехнологиялар мен олардың
пайдалану аймақтарының қарқынды дамуы анық көрініп тұр. Нано
технологиялар XXI ғасырдың негізгі технологиясының бірі болып
қалыптасып келеді.
Микро- жэне нанотехнологияның дамуымен бұрында ғылыми
фантастика болып есептелген нэрселер ғылымға айналып келеді.
Осыдан 100 жыл бұрын ұялы телефондардың
болуын болжау да
мүмкін емес еді, алайда микроэлектрониканың жетістіктерінің
арқасында қазір олар хотдогтар тэрізді қол жетімді эрі эдеттегі затқа
айналды. Сіз қазіргі өмірімізді қысқатолқынды пеш,
компютер жэне
интернетсіз елестете аласыз ба?
Не болды? Адамдар ақылдырақ болып кетті ме? Әрине, жоқ.
Шындығында ғылым мен техниканың кез келген жетістіктері алдыңғы
жаңалықтарға негізделген. Сонымен, көптеген жылдар бойы жаңа
ғылыми нэтижелерге таңғалу жинақтала береді.
Кейбір сэтте олар аяқ астынан табиғи құбылыстарының мүлдем
жаңа түсінігін ұсынады: ”Керемет, қараңыздаршы, мен не таптым!”
Ғалымдар мен инженерлер үнемі ізденіс үстінде жүреді: олар бір
сұраққа жауап тапса, жауабы жоқ жаңа бірнешеуі туындайды. Фул-
лерен молекулалары ашылғаннан кейін
материалдарды беріктендіру
мен жеке атомдар мен молекулалар көмегімен ағзаның белгілі бір
жеріне дәрі-дәрмектерді нүктелік жеткізу идеялары шындыққа айнал
ды. Жалпы халықтың таң қалуына наномасшабты элем өте кішкене
ғана емес, ол біздің өмірімізге революциялық өзгерістер алып келуі
мүмкін екендігі анық болды!
Соңғы 10 жыл бойы ғалымдар мен инженерлер наноматериал
дар көмегімен металдардың беріктілігі мен иілгіштігін арттыруды
үйренді. Авиақұрылысшылар нанобөлшектері
бар нанокомпозиттер
мен металл балқымаларды қолдану арқылы тік ұшақтарды жеңілірек
эрі үнемдірек етіп жасауға болатынын анықтады.
Достарыңызбен бөлісу: