Сәттілік!!! 1-билет доктрина



Pdf көрінісі
бет20/49
Дата16.02.2023
өлшемі0,74 Mb.
#168961
түріНұсқаулар
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49
13 билет 
• 
Репрессия-бұл мемлекеттің күш аппаратының көмегімен көбінесе кінәсіз азаматтарды 
қудалау,түрмеге түсіру, ату жазасына кесу.Ал Сталин кезеңінде 1937-1938 жылдары ең ауқымды 
репрессиялар жүргізілді. Ең үлкен соққы ұлттық зиялы қауымға, патриялық кеңестік аппаратқа 
берілді. 
• 
Ақталу - Сталиндік қуғын-сүргін жылдарында жазасыз қалған адамдардың адал есімін 
қалпына келтіру , оларға деген құрметті қайтару, азаматтық құқықтарын қалпына келтіру. Мысалға 
Кенесары Қасымұлының қозғалысы туралы жазған Бекмаханов тек Сталин қайтыс болған кезде ғана 
ақталды.
• 
Ботай мәдениеті ерекшелігі 
Энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Ботай мәдениетін 1981-83 
жылдары В.Ф.Зайберт зерттеп,15 га жерден 158 үйдің орнын ашқан. Өмір сүру уақыты 5-4ғасырларда 
өтті.Ботай мәдениеті ежелгі адамның алғаш рет жылқыны қолға үйреткенімен әлемге әйгілі, тұрақтан 
70 мыңдай жылқы сүйегі табылған. Негізгі кәсібі-жылқы шаруашылығы, аңшылық, балық 
аулау,зергерлік. Шаруашылық құралдары түрлі тастардан, балшықтан және сүйектерден 
жасалынған.Тастан жасалған пышақ, қанжар, жебенің, найзаның ұштарының көптеп табылуы қоғам 
өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді. Сонымен қатар гарпун, ине, жуалдыз, тескіштер, тұмар 
және әшекей бұйымдардың кездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар береді. Ботай мәдениетінің 
қалыптасуына Атбасар неолиттік мәдениетін жасаған тайпалары араласқан. Ботай мәдениеті Жайық 
пен Ертіс өзендерінің аралығын қоныстанған тайпалар мәдениетіне жатады. 
• 
Отырықшы және көшпелі халық арасындағы байланыс 
Қазақстан жеріндегі көшпелі мемлекеттерде дала мен қала өзара қарым-қатынасқа түсіп 
отырған.Көшпелілер отырықшы тұрғындар өнімінің тұтынушысы болса, ал егіншілер көшпелілерден 
мал өнімдерін алып отырған. Оңтүстік Қазақстан,Жетісу, Сыр бойы қалалары көшпелілер даласын 
Орта Азия,Иран,Қытай және т.б елдермен байланыстырып отырды.Көшпелілер отырықшы қала 
тұрғындарына мал,ет,жүн,киіз,май,тері,ағаш ыдыстар,аң терілерді ұсынған. Мысалы: қыпшақ 


жылқылары шығыс елдерінде жүздеген динарға дейінгі бағамен сатып алынды. Түркі дәуірінде Ұлы 
Далада көшпелілер металды игеріп,темір,қорғасын,болат балқыту ісі қарқынды дамыды.Бұл 
түркілердің әскери қуатын арттырды,сауда мен дипломатиясының дамуына зор ықпал етті. Сонымен 
қатар,Талас өзенінің жоғарғы ағысында күміс кенінің ашылуы Қазақстан қалалары мен көршілес 
елдер 
оған 
сұраныс 
арттырды.Отырықшылар 
айырбасқа 
егіншілік 
өнімдерін:бидай,арпа,жеміс,шарап,қолөнер бұйымдары,қыш және қалайы ыдыстары ,кілем,зергерлік 
бұйымдарын ұсынды.Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы сауда айырбасы қала төңірегіндегі 
жәрмеңкелерде өткізілді.Сауран,Алмалық,Янгикент,Испиджаб маңындағы жәрмеңкеде көшпелілер 
ет,жүн сияқты мал өнімдерін ыдыс,мата,жеміске айырбастап отырды.Қалалар арқылы дала 
тұрғындарына тіл,дін,жазу,салт-дәстүрлер,өнер тарады.Дала көшпелілеріне ислам,несториандық 
христиан,буддизм,манихейлік,зороаастризм діндері таралды. 
/////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////// 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет