Сәттілік!!! 1-билет доктрина


№25 билет  Кеңес дәуіріндегі Қазақстан мәдениетінің негізгі бағыттары мен жанрларын анықтаңыз



Pdf көрінісі
бет39/49
Дата16.02.2023
өлшемі0,74 Mb.
#168961
түріНұсқаулар
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   49
№25 билет 
Кеңес дәуіріндегі Қазақстан мәдениетінің негізгі бағыттары мен жанрларын анықтаңыз 
Соғыстан кейінгі қазақ әдебиеті үлкен кеңестік стильдің ауқымды әдеби формаларын-романдарды, 
триологияларды, поэмаларды және өлеңдер мен романдарды игере бастады. Драматургия мен ғылым 
да дамыды. Тарихи роман-эпопеялар мен азаматтық-патриоттық поэзия үлкен отклик алды. Оған 
дәлел М Әуезовтің "Абай жолы" романы, И Есенберлиннің "Көшпенділер" атты шығармасы. 
2)Көші-қон халық санының, ұлттық құрамның өзгеруіне, оның облыстар бойынша бөлінуіне 
әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады
Көші-қон мемлекет халқының санына, ұлттық құрамы мен қоныстануына, табиғи қозғалыстың 
үдерістеріне әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Сонымен қатар көші-қон 


еліміздегі ауыл мен қала тұрғындарының өзара үлес салмақ өзгерістерінде, әлеуметтік-экономикалық 
мәселелерді шешуде және ұлттық қауіпсіздік жағынан маңызды рөл атқарады. Кеңестік кезеңнің 
соңғы жылдарында республиканың ұлттық құрамында қазақтардың үлес салмағы төмен болды. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiк алуымен, бұрынғы Кеңестiк Социалистiк 
Республикалар Одағының трансформациялық процестерiнiң басталуымен және басқа да көптеген 
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiндегi сияқты Қазақстанда жекелеген этникалық топтардың 
тарихи Отанына оралу мүмкiндiгiнің кеңеюiмен көшi-қонның терiс сальдосының өсу үрдiсi 
қалыптасты. Мәселен, соңғы 10 жыл iшiнде көшi-қонның терiс сальдосы халықтың осы кезеңдегi 
табиғи өсiмiн толығымен жұтып қана қойған жоқ (1990 жылдарда табиғи өсiм, туу санының күрт 
азайып кетуi және 1980 жылдармен салыстырғанда қайтыс болғандар санының ұлғаюы есебiнен 2 
есеге дерлiк азайды) сонымен қатар және одан 2 еседен астам асып кеттi. Сондықтан Қазақстан 
тәуелсіздік алғаннан кейін әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайдың ерекшелігіне сәйкес 
көші-қон саясатын жүргізуге белсенді кірісті. Ең алдымен, шетелде тұратын этникалық қазақтардың 
ұлттық бірігуі және тарихи отанына оралуы үшін көші-қон саясатының басқару жүйесін жетілдіру 
қарастырылды. 1992 жылы маусымда отандастарымыздың тәуелсіз елімізге көшуінің құқықтық 
негіздері реттелген «Көшіп келу туралы» Заң қабылданды. Көші-қон үрдістерінің негізгі кезеңдері. 
Бірінші кезеңде (1991–2003 жылдар) көші-қон республика аумағынан кейбір тұрғындардың үдере 
көшіп кетуімен сипатталды. Елімізден еуропалық этнос өкілдері өз тарихи отандарына көше бастады. 
КСРО ыдыраған соң алғашқы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыс, өндірістің құлдырауы 
көптеген ұлт өкілдері, соның ішінде орыстар – Ресейге, поляктар – Польшаға, немістер – Германияға 
т.б. елдерге көшіп кетуі нәтижесінде республикада аталған этностар өкілдері санының азаюы орын 
алды. Бұл жағдай республика тұрғындары санының кемуіне, еңбекке жарамды білікті кадрлар 
қатарының сиреуіне әкелді. Сондай-ақ жұмыссыздық өсіп, отбасыларда ажырасулар көбейді. 
Қылмыстар саны артты. Халықтың табиғи өсуі, бала туу көрсеткіші төмендеді. 
Осы жылдары республика халқының саны 16 793,1 мыңнан 14 886,8 мыңға кеміді. Сыртқы көші-
қондағы жоғары шегі 1994 жылға сәйкес келеді. Елден 811,3 мың адам көшіп кетті. 1991–2008 
жылдары республикада жалпы 3,5 млн адам көші-қон қозғалысына түсті. Сондай-ақ басым көпшілігі 
Ресейге – 1 550 мың, Украинаға – 52,6 мың, Белоруссияға – 39,7 мың адам көшіп кетті. Қазақстаннан 
тұрғындардың көшу үрдістерінің негізгі себебі ретінде 90-жылдардың ортасында орын алған 
экономикадағы дағдарысты, сонымен қатар азаматтардың атамекенімен қайта қауышу мақсатын 
айтуға болады. Оның үстіне психологиялық факторлар да басым болды: көптеген адамдар тарихи 
отанында тұрып жатқан туыстарымен байланыстары үзіліп, ертеңгі күніне деген сенімін жоғалтты, 
шегарадан өтудің қиындықтары туындауы мүмкін деген үрей мен тарихи отанында азаматтық алу 
мәселесі де алаңдатты. Сондықтан бұл этнос өкілдері өз елдеріне оралуға, тездетіп көшуге кірісті. 2004 
жылдан бастап көші-қон ағысының қарқыны төмендеп, халық саны өсіп, миграциялық үрдістің екінші 
кезеңі басталды. Өсудің негізгі көзі табиғи өсім болды. Бұл өсім мұсылман-түркі халықтарында (қазақ, 
өзбек, қырғыз, әзірбайжан, түрік, түрікмен, ұйғыр, дүнген, тәжік) айқын байқалды. 2004–2009 
жылдары республика халқының саны 826,9 мың адамға көбейді. 2020 жылы Қазақстан Республикасы 
халқының саны 19 миллионға дейін жетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет