Синэкология-қауымдастық экологиясы. Синэкология (грек тілінен аударғанда syn-бірге) - әр түрге жататын өсімдіктер,
жануарлар мен микроорганизмдердің популяциялық ассоциацияларын (биоценоз), олардың
қалыптасу жолдары мен қоршаған ортамен өзара әсерін зерттейтін экологияның бөлімі.
Жеке ғылыми бағыт ретінде синэкология 1910 жылы Халықаралық Ботаникалық Конгресте
бөлініп шықты. «Синэкология» ұғымын ғылымға енгізген швейцар ботанигі К.Шретер
болып есептеледі.
Синэкология әр түрдің популяцияларының макрожүйелерге бірігунен - бірлестіктер
немесе биоценоздар түзетін организмдердің тіршілік жағдайларын, өзара және қоршаған
ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын
салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.
Табиғатта әртүрлі популяциялар бірігіп ірі бірлестіктерді немесе қауымдастықтарды
құрайды. Синэкологиядағы «син» деген сөздің өзі «бірге», яғни бірлесіп, қауымдасып
тіршілік ету деген мағынаны білдіреді.
Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда мекендейтін, әртүрлі түрлерден құралған тірі
организмдер жиынтығы.
Синэкологияның зерттеу объектілеріне биоценоз, биогеоценоз және экожүйе
жатады.
а) Биоценоз Биоценоз (bios-өмір, koinos-жалпы) - табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік
ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер жиынтығынан тұрады. Биоценоз
ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологы К.Мебиус (1877). Кез келген биоценоз өзімен-өзі
жеке дамымайды. Ол әрқашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді.
Қауымдастық
дегеніміз
әртүрлі
биоценоздардың
-
фитоценоздардың,
зооценоздардың, микробоценоздардың, микоценоздардың өзара байланыстарының
жиынтығы.
ә) Биогеоценоз Ешқандай биоценоз қоршаған ортадан тәуелсіз, не одан тыс өздігінен дами алмайды.
Нәтижесінде жеке бөліктердің күрделі өзара жерлері қалыптасқан, тірі және өлі
компоненттердің жиынтығынан тұратын белгілі бір комплекстер түзіледі. Белгілі бір
дәрежеде біртекті жағдайлармен сипатталатын, ағзалардың белгілі бір бірлестігімен
(биоценоз) қоныстандырылған кеңістік - биотоп (грек тілінен аударғанда topos- орын) деп
аталады. Егер биотопты биоценоз өмір сүретін орын ретінде сипаттасақ, онда биоценозды
белгілі бір нақты биотопқа тән, тарихи қалыптасқан ағзалар комплексі деп қарастыруға
болады. Кез-келген биоценоз биотоппен бірігіп, одан да жоғары деңгейдегі биологиялық
жүйе - биогеоценозды түзеді. «Биогеоценоз» үғымын 1942 жылы В. Н. Сукачев ұсынған.
В.Н.Сукачев (1880- 1967) биогеноценозға мынадай анықтама берген - «жер бетінің белгілі
бір бөлігінде табиғи жағдайлары біртекті (атмосфера, тау жыныстары, өсімдіктер,
жануарлар әлемі, микроорганизмдер дүниесі, топырақ және гидрологиялық жағдайлар)
бірлестік, ол өзін құрайтын компоненттердің өзара әсерлесу ерекшеліктерімен, белгілі бір
зат және энергия алмасуымен, басқа да табиғат құбылыстарымен, ішкі қарама -
қайшылықты біртұтастықпен сипатталатын, үнемі қозғалыста, дамуда болатын жиынтық.
Биогеоценоз екі блоктан тұрады:
1) «биоценоз»- организмдердің әртүрлі түрлерінің өзара байланысы (популяция);
2) «биотоп» немесе «экотоп»- мекен ету ортасы.
Экологияда жиі «бірлестік» терминін пайдаланауы.
Сонымен, биогеоценоз- «био»-тірі ағзалар, «гео»- өлі табиғат (арнайы географиялық
орта) тірі ағзалар мен олардың мекен ететін физикалық ортасымен бірге қауымдасқан жүйе.
Биогеоценоз- тірі ағзалар мен ортаның кездейсоқ жиынтығы емес, ерекше келісілген,
динамикалық, өзара байланысты, тұрақты теңестірілген жүйе. Ол ұзақ уақыттың адаптация
15
нәтижесі. Биогеоценозды анықтаушы- фитоценоздар. Агробиогеоценоз- жасанды
фитоценоз негізіндс жасалады.