Экология және өмір қауіпсіздігі


Құрлық - ауа тіршілік ортасы



Pdf көрінісі
бет6/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі

 Құрлық - ауа тіршілік ортасы 
Құрлық- ауа тіршілік ортасы- экологиялық жағдайы бойынша ең күрделісі. 
Жер беті ортасының жарық тәртібіне өсімдіктер мен жануарлардың экологиялық 
адаптациясы қалыптасқан. 
Барлық тірі ағзаның тіршілігі үшін энергияның сырттан түсуі қажет. Оның негізгі 
көзі күн сәулесі болып табылады. 
Егер Жерге дейін жететін күн энергиясын 100% деп есептесек, онда шамамен оның 
19% атмосфера арқылы сіңіріліреді, 34% кері космостық кеңістікке шағылысады және 47% 
жер бетіне жетеді. Тікелей күн сәулесі - әртүрлі толқынды электромагниттік сәулелерден 
тұрады: ультракүлгін сәулелер 1-ден 5% дейін, көзге көрінетін сәулелер 16-дан 45% дейін, 
инфрақызыл сәулелер -49-дан 84% дейін. 
Ультракүлгін сәулелер ұзын толқынды (290-380нм), қысқатолқынды (тірі ағза үшін 
өте қауіпті), іс жүзінде толықтай 20-25 км биіктікте озон экранымен сіңіріліп кетеді. 
Узынтолқынды УКС көп мөлшерде ағза үшін зиян, ал аз мөлшерде бактерицидтік әсері бар 
және құрамында Д витамині болғандықтан рахит ауруына қарсы пайдаланылады. 
Биосферадағы ең маңызды процесс - фотосинтез тек жарықта ғана жүзеге 
асырылады. Тірі ағзалардың жарыққа қатынасын екі жақты қарастыруға балады: бір 
жағынан жарықтың тікелей жасуша протоплазмасына әсері ағзаны жойып жіберуі мүмкін, 
ал екінші жағынан - жарық тіршілікке қажетті энергияның бірінші ретті көзі. 
Жарықтың мөлшері радиация жиынтығымен анықталады. Полюстерден экваторға 
қарай мөлшері артады. Жарық режимін анықтау үшін шағылысқан жарық мөлшерін де, 
яғни альбедо (латын тілінен аударғанда albus – ақ ) есепке алу қажет. 
Жарық жағдайының талабына байланысты өсімдіктерді 3 негізгі экологиялық 
топтарға боледі: 
1) Жарық сүйгіш (гелиофиттер) өсімдіктер (грек тілінен аударғанда helios - күн, 
рһуton - өсімдік)- жарық жақсы түсетін ашық жерлерде өседі. Күнбағыс, итошаған, 
қойжелкен тәрізді жарық сүйгіш өсімдіктердін гүлдері жарыққа қарай күн бағытымен 
бұрылып отырады; 



2) Көлеңке сүйгіш (сциофиттер) өсімдіктер (грек тілінен аударғанда skia- көлеңке)- 
күшті жарықты көтере алмайды, үнемі көлеңкеде орманның көлеңкесінде өседі (орманда 
өсетін шөптесін өсімдіктер, папоритниктер, мүктер); 
3) Көлеңкеге тәзімді (факультатифтік гелиофиттер) өсімдіктер- жақсы жарық 
жағдайында өседі, бірақ көлеңкені де жақсы көреді (орманның көптеген өсімдіктері, 
шалғындық өсімдіктері, орман шөптері мен бұталар). 
Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік әрекетіне (фотосинтезге, зат алмсуға, қорек 
тұтынуға, көбеюге, т.б.) елеулі тікелей немесе жанама әсер тигізетін абиоталық фактордың 
бірі - температура. 
Сонымен, тірі ағзлардың жер бетінде таралуын анықтайтын факторлардың бірі - 
температура. Өсімдіктердің денесінің өзіндік температурасы болмайды. Олардың жылу 
реттеуінің анатомия – морфологиялық, физиологиялық механизмдері ағзаны қолайсыз 
температуралардан қорғауға бағытталған. 
Жылу алмасу түріне байланысты жануарлардың экологиялық екі типін бөліп 
көрсетеді: 
1) Пойкилотермдік жануарлар - салқын қанды (грек тілінен аударғанда poikilos -
алуан түрлі)- бұл ағзалардың тіршілігі мен белсенділігі сырттан келетін жылуға 
байланысты және дене t° -лары- сыртқы t°-ның өзгеруіне әкеледі. Бұларға омыртқасыз 
жануарлар, балықтар, қосмекенділер жатады. 
2) Гомойотермдік жануарлар- жылы қанды (грек тілінен аударғанда һomoios- бірдей) 
өздерінің тұрақты оптимальды дене t°-рын ұстауға қабілетті. Бұларға жоғарғы сатыдағы 
омыртқалы жануарлар жатады. 
Жер бетінің экологиялық факторларының біріне ауа жатады. 
Ауа - экологиялық фактор ретінде тұрақты газдың құрамы арқылы сипатталады. 
Ауаның газдық құрамы: оттегі шамамен 21 %, көмірқышқыл газы 0,03%, азот 78%, ал 
қалған инертті газдар жиынтығы 0,97% күрайды. Ауаның құрамындағы аздаған өзгерістер 
мен ауытқулар тіршілік үшін қауіпті. 
Ауа ағыстарының маңызды қызметтерінің бірі - өсімдіктер мен жануарлардың кең 
таралуына себебін тигізуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет