Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет41/115
Дата30.03.2023
өлшемі8,16 Mb.
#173366
түріКнига
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   115
Ячейка
(Ұяшық) деп аталатын тiктөртбұрыш 
болады. Баған мен жолдың қиылысқан тұсы ұяшыққа сәйкес 
адрестi көрсетеді. Мысалы, 
A1
– бiрiншi ұяшықтың, ал
 В2 – В 
ба-
ғанының 2 жолындағы ұяшықтың адресiн көрсетеді 
(2-сурет). 
Ұяшықтарға деректерді (мәтiн, сан мен формулалар) енгiзуге 
болады. Электрондық кестеде ағымдағы немесе екпiндi ұяшықты 
көрсететiн ерекше тiктөртбұрыш – 
кестелiк меңзер
деп аталады. Бiр 
мезгiлде бiр ұяшықпен немесе жол орналасқан бiрнеше ұяшықтар 
тобымен жұмыс істеуге болады. 
2-сурет. 
Ұяшықты толтыру ережесі 
Сан 
Санның мәндері бүтін, 
ондық бөлшек, бөлшек 
болуы мүмкін. Оларға 
арнайы символдар 
қосылуы мүмкін:
$, %, +, -, /
Ұяшыққа сыймайтын 
көптаңбалы сан 
енгізсек, онда 
ұяшықта ########### 
символдары пайда 
болады. Санды толығы-
мен көру үшін бағанды 
кеңейтуге болады.
Формулалар
Ұяшық ішіне «
=
»
белгісімен басталатын 
өрнек енгізсек, онда 
Excel оларды формула 
деп қабылдайды. 
Мысалы: А1=10 және 
В1=20 болса, B2 
ұяшығына жазылған 
=А1*В1 өрнегін 
формула ретінде 
қарайды. 
B2 ұяшықтың мәні А1 
және В1 ұяшығында-
ғы мәндердің 
көбейтіндісіне тең. 
Есептің мәні B2=200 
нәтижесін аламыз.
Мәтін
Ұяшыққа мәтіндік 
(алфавиттік-санды) 
ақпараттарды енгізуге 
болады. Егер сан 
немесе формула 
емес, символдар 
тізбегін енгізсек, 
онда Excel оны мәтін 
деп қабылдайды. 
Мысалы: «– 985,69» 
немесе «27-л» – мәтін, 
«=А1*В1» – формула, 
«=А*В1+қосу» – мәтін.
Ұяшықты толтыру ережелері
электрондық кестелер – электронные таблицы – spreadsheet
бағандар мен жолдар – столбцы и строки – columns and rows
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.COM
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


57
Ұяшықтардың адрестері
Excel программасында ұяшықтың үш түрлі адресі болады. Олар: 
абсолютті, салыстырмалы және аралас адрестеу. Егер түрлі амал-
дарды орындау барысында амалдарды орындауға қатысатын 
ұяшықтардың адрестері автоматты түрде өзгеріп отырса, мұндай 
ұяшықтар 
салыстырмалы адрестеу
болып есептеледі. Әдетте Excel 
программасы іске қосылған кезде ұяшықтардың адрестері салыс-
тырмалы адрестер болып тұрады. Ұяшықтармен жұмыс істеу бары-
сында ұяшық адресі өзгермесе, мұндай ұяшықтар 
абсолютті
деп 
аталады. Ұяшықтың абсолютті адресін көрсету үшін, сәйкесінше 
жол мен баған атауының алдына доллар ($) белгісін қойып жазады 
(мысалы, $A$2). Excel программасымен жұмыс істеуде жиі 
қолданылатын командалар 
1-кестеде 
берілген.
1-кесте. 
Excel программасында жиі қолданылатын командалар
Команданың 
шартты белгісі
Қызметі
Команданың 
шартты белгісі
Қызметі
Жасалған 
кітапты ашу
Ұяшықтардағы сандарды
автоматты түрде қосу
Жасалған кітапты 
сақтау
Ұяшықтағы санды, мәтіндік 
деректерді өсу, кему ретімен 
сұрыптау
Кітаптағы парақтарды 
қағазға басып шығару
Ұяшыққа формулалар қою
Сандық мәліметтерден 
диаграмма жасау 
Ұяшықтарды шартты түрде 
форматтау
В2 ұяшығына есімің мен 
туған жылыңды жаз. 
Мысалы:
4-сурет
3-сурет
Қанат 2009
Қанат 2009
Жазылған мәтін бағанға сыймаса, бағанның 
шегарасына меңзерді апарғанда
 4-суретте-
гідей
өзгереді. Тінтуірдің сол жағымен баған 
шегарасын басып тартқанда, ол кеңейеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет