58
2-тапсырма. Ұяшықтарға қарапайым формулалар жаза
отырып, калькулятор ретінде пайдалану
1. Еxcel терезесіндегі 2-парақты белсенді етеміз
(5-сурет).
2. 2-беттің А1 ұяшығына 150, В1 ұяшығына 250, ал С1
ұяшығына 5 санын жазамыз. (150+250) · 5 = 2000
өрнегінің
мәнін программаның көмегімен есептейміз.
3. А2 ұяшығына «=» белгісін қойып, (А1+В1) · С1 өрнегін
теріп немесе тінтуірдің
көмегімен белгілей отырып, формула
құрып жазамыз
(6-сурет)
.
5-сурет
6-сурет
1. Еxcel программасының қызметі қандай?
2. Еxcel программасының алғашқы нұсқасы қашан жасалды?
3. Excel программасын іске қосу алгоритмі қандай?
4. Еxcel программасы терезесінің құрылымы неше бөлімнен тұрады?
5. Кестенің негізгі элементі қалай аталады?
6. Excel-де жасалған файл кеңейтілімі қалай аталады?
7. $ белгісінің қызметі қандай?
8. Ұяшықтың неше түрлі адресі бар?
9. Еxcel программасының қолдану аумағын түсіндір.
10. Ұяшықтарға қандай деректер енгізуге болады? Оларды сипатта.
11. Еxcel программасының мәтіндік процессордан ерекшеліктері қандай?
Ең алғаш электрондық кестелер жасау идеясын 1979
жылы Гарвард
университетінің студенті Дэн Бриклин ұсынды. Ол досы Боб Франкс-
тонмен бірге экономикалық есептеулерді автоматтандыру мақсатында
алғашқы кестелік программаны жасап шықты. Олар бұл программаға
«VisiCalc» деп атау берді. Электрондық кестелерді
дамытудың келесі са-
тысы – 1982 жылы пайда болған Lotus 1-2-3 программасы. Lotus про-
граммасы – жалпы құралдардан басқа графика мен деректер базасын
басқару жүйелерін біріктірген алғашқы электрондық кестелік процессор.
Электрондық кестелерді дамытудың келесі қадамында 1987 жылы Microsoft
компаниясының Excel кестелік процессоры пайдалана бастады. Бұл про-
грамма қарапайым графикалық интерфейсті ұсынды. Сонымен бірге
программаның функционалдығы айтарлықтай кеңейіп, кестелерді жасау
сапасы артты.
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.COM
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217
59
MS Excel программасының А1 ұяшығына өзіңнің аты-жөніңді жаз. Егер
ақпарат
ұяшыққа сыймаса, оны үлкейт. B1 ұяшығына туған жылыңды
енгіз. С1 ұяшығына бойыңның ұзындығын енгіз. Төмендегі ұяшықтарға
сыныптағы бес оқушы жайлы дәл осындай ақпаратты енгіз. Файлды өз
атыңмен сақта.
Достарыңызбен бөлісу: