88
3-сурет.
Тапсырманы модельдеу
Ұяшықтың адресі
MS Excel-де ұяшықтарды адрестеудің үш түрі қол
даны
лады.
Олар –
абсолютті, салыстырмалы және аралас. Егер формуланы
көшіру, жылжыту кезінде ұя шық тардың адрестеу автоматты түрде
өзгеретін болса, онда бұл ұяшықтар салыстырмалы адресті болады.
Программа іске қосылған бастапқы кезде
ұяшық адрестері әрқашан
салыстырмалы болады.
Егер әртүрлі әрекеттерді орындау кезінде ұяшықтардың адрес-
тері
өзгермесе, онда бұл ұяшықтар абсолютті адресті болады. Аб-
солютті ұяшық адресін көрсету үшін, баған мен жол атауларының
алдында доллар белгісі ($) тұруы керек, мысалы $A$2. Ұяшық-
тың адресін абсолюттіге жылдам өзгерту үшін,
ұяшықты таңдап,
F4 пернесін басу керек. Excel-де модельдеуді үйрену үшін, практика-
лық жаттығулармен танысайық.
Таблица 2
1-тапсырма
Мектеп кітапханасында әр бетінде орташа есеппен 3 000 сим-
волы бар 50 беттен тұратын 1 200
журнал мен әр бетінде ор-
таша есеппен 2 500 символы бар 400 беттен тұратын 25 000
кітап бар. Мектеп кітапханасында қанша байт, Кбайт, Мбайт,
Гбайт ақпарат бар?
Берілген тапсырманы модельдеу кезеңдері бойынша орын-
дап шығамыз.
3-суретте
тапсырманың компьютерлік моделі
берілген. Тапсырманы орындау барысында электрондық кесте
элементтерін дұрыс форматтауға мән беру керек.
№
Достарыңызбен бөлісу: