Негізгі әдебиет:
1.[1.7:1], 2.[1.7:3], 3. [1.7:4], 4. [1.7:5], 5.
[1.7:6], 6.[1.7:7].
Қосымша әдебиет:
1.[1.7:1, 2.[1]
№7 лекция тақырыбы:
Эпикалық жанр. Проза.
ҮІІ апта.
2 кредит-сағат.
Лекция тезисі:
Қазақ әдебиеті кӛркемдік ӛрлеуіндегі
суреткерлік шеберлік пен поэтикалық қуаттың жаңа эстетикалық
биікке кӛтерілуі теориялық тұрғыдан жіті саралау талабын ұштады.
Әдебиеттану ғылымы сӛз ӛнерін теориялық талдауда Одақ, әлемдік
тәжірибенің озық әдістеріне иек артуда дұрыс бағытта ӛрістеу
үстінде болды. Әдеби-теориялық еңбектер арқауын қазіргі қазақ
романының сюжет пен композициясы, поэтикасы, типтік характер,
кӛркемдік даму мен дәстүр жалғастығы құрады. Бұл арнада М.
Атымовтың «Идея және композиция», «Қазақ романдарының
поэтикасы», А. Тұрбековтің «Реалистік роман және типтік
характер», Ә. Шәріповтің «Қазіргі дәуір және қазақ совет
әдебиетінің проблемалары», З. Ахметовтің «Современное развитие
и традиции казахской литературы», Б. Майтановтың «Қазақ
прозасындағы замандас бейнесі» еңбектері аталады. Қазақ
романдарының табиғаты мен тарихи роман Ш.Елеукеновтің
33
«Казахский роман и современность», З. Серікқалиевтің «Жылдар
сазы», Ә. Кекілбаевтың «Дәуірмен бетпе-бет», М. Әуезовтің
«Времен связущая нить», Р.Бердібаевтың «Қазақ романы», «Қазақ
тарихи
романы»
зерттеулерінде
қарастырылды.
Ӛнердің
эстетикалық нысанасын кӛркемдік дамудағы дәстүр және
жаңашылдық тұрғысынан саралау М. Қаратаевтың «Әдебиет және
эстетика», Р. Нұрғалиевтің «Ӛнер алды қызы тіл», «Ӛнердің
эстетикалық нысанасы», З. Серікқалиев, Э. Серікқалиеваның «Ақыл
таразысы» еңбектерінде жүзеге асты. Ал З. Қабдоловтың «Әдебиет
теориясының негіздері» оқу құралында кӛркем әдебиет болмысы
мен бітімі, сыры мен сипаты сараланды. Ғалым еңбегі
толықтырылып, «Сӛз ӛнері» деген атпен жарияланды.
Әдебиет теориясы проблемаларын қазақ әдебиеті негізінде
талдау ӛзегі етіп алған ғылыми жинақтар жариялау жүйелі жолға
қойылып, «Қазақ әдебиетіндегі жанр проблемасы», «Әдебиеттану»,
«Стиль проблемасы», «Стиль сыры
»
, «Сӛз ӛнері», «Дәстүр және
жаңашылдық», «Қазақ поэзиясындағы дәстүр ұласуы», «Кӛркемдік
кілті – шеберлік» атты монографиялық жинақтар шықты.
Әдебиеттегі
дәстүр жалғастығын
кӛркемдік
дамумен
байланыста саралаудың ғылыми қиындықтарын атамағанда, түп-
тӛркініне тарихи сабақтастық тұрғысынан бойлау – идеологиялық
қысыммен байланысты күрделі мәселе. Бұл ретте қазіргі қазақ
әдебиеті сонылық сипаттарының ұлттық рухани бастаулардан ӛсіп-
ӛнгенін екшеген Ш. Елеукенов ұлттық проза қайнары, яғни
фольклордан бастап кейінгі реалистік әдебиет пен бүгінгі тақырып
ӛрісі түрленген эпикалық роман арасындағы табиғи үйлесімнің
кӛркемдік ұласудағы дәстүрлі арналарын айқындады. Ӛз кезегінде
қазіргі қазақ сӛз ӛнері тұтас даму үдерісінің кӛркемдік басым
бағыттарын
әдеби
байланыс
арнасында
ала
отырып,
шығармашылық ӛркендеудің теориялық мәселелерін эпикалық
проза, поэтикалық тілдегі жаңашылдық және қазіргі қазақ
поэзиясының форма жағынан баюы тұрғысынан кешенді саралау
қажеттігі туындады. Міне, З. Ахметов еңбегі қазақ әдебиетіндегі
эпикалық жанр табиғатын қарастыруда, сӛз қисынының күрделі
мәселелерін тұтастықта екшеуде типологиялық, құрылымдық
тұрғыдан зерттеу әдісін ұштастыра қолдану талабындағы тың
ізденістің айқын мысалы. Ал Б.Майтанов замандас бейнесін
сомдаған қаламгерлердің дәстүр сабақтастығын меңгеру, кӛркемдік
34
тәжірибе жетістіктерін жаңа стильдік ӛрнектермен жаңғыртып
еселеуі, қаһарманның рухани-адамгершілік әлемін, характер
ашудағы психологизм арналарына дендеп барған зерттеушілердің
бірі болды.Қазақ тарихи романдарының әдебиеттегі жетекші
бағытқа ұласуы жанр табиғатын жан-жақты зерттеу талабын алға
шығарды. З. Серікқалиев, М.Әуезов, Р. Бердібаев еңбектерін
тоғыстыратын басты ӛзек – қазақ тарихи романдарын терең
зерделеуге ұлттық әдебиеттің ӛзіндік болмысы тұрғысынан
келуінде.З. Серікқалиев кітабындағы «Проза парасаты», «Тарихи
роман табиғаты», «Жылдар сазы» тарауларының зерттеушілік
маңызы – тарихи роман табиғатына теориялық тереңдіктегі
эстетикалық талдау ӛнері биігінен келуі [48]. Ол түптеп келгенде,
қазақ әдебиетіндегі тарихи тақырыпты игеру тамырының тереңде
жатқан күрделі кӛркемдік-эстетикалық арнасын әдеби-мәдени
контексте қарастыру қажеттігін аңғартты. «Концептуалдық жүйелі
пікірге құралған философиялық» [49, 163-б] сипаттағы М.
Әуезовтің «Времен связующая нить» еңбегінің ғылыми ӛзектілігі
де қазақ әдебиетіндегі ұлттық сипаттағы дәстүрлі кӛркемдік
бейнелер
сомдалу
эволюциясының
сӛз ӛнерінің
ұлттық
ерекшелігімен тығыз бірлікте саралануынды. Ал Р. Бердібаев
еңбектері қазақ тарихи романын жүйелі зерттеудің әдеби-тарихи
әдіснамалық негіздері барынша жетілдіріле даму үстінде екенін
айқындады. Одақ ғалымдары (З.Кедрина. Г. Ломидзе. А. Марченко
т.б) қазақ әдебиетінде тарихи романдар жетекші сипат алуының
негізгі мағынасын «кенже әдебиет», туысқан әдебиеттер байланысы
аясында алғандықтан, халықтың ӛткенін танудағы ұлттық санадағы
бұлқыныстан туған рухани серпін, оған қуат берген қаламгерлер
батылдығын байыптау пікірлерінде сыңаржақтық орын алғанын
жасыруға болмайды. Суреткерлердің ел тарихының ӛткен ғасырлар
бедерін безбендеуін, тарихи тұлғаларды сомдауын идеология
«идеализация» деп айыптап, ӛрелі серпілістерді тежеуге тырысты.
Р. Бердібаев түркі жазуы, әл-Фараби мұрасын игеру елдік сананың
ӛсуі екенін байыптап, І. Есенберлиннің «Алмас қылыш» жанрын
роман-хроника деп анықтады. Сыншылдық ой-пікірде жаңғырық
тудырған З. Серікқалиев мақаласындағы кейбір даулы пікірлермен
полемикаға барып, романды бағалауға тарихилық қағидамен келу
керек деген байыпты кӛзқарасын білдірді. Бұл орайда З.
Серікқалиевтің «Құнды сӛз – құнарлы ойдан» мақаласының
35
маңызын айта отырып, «Алмас қылыш» романына қатысты
пікірінің полемикалық сипатын назардан тыс қалдыра алмаймыз.
Туынды тіліне, кӛркемдігіне биік талап қойған сыншы талабын
қостағанымызбен, «...романнан келтірген үзінді мысалының міні
тілінде емес, адам аттарының шамадан тыс тізіліп, ұғымды
ауырлатуында. Жалпы алғанда роман тілі тартымды, табиғи,
жатық» [50, 38-б], – деген Р. Бердібаев тұжырымы кӛкейге
қонымды.Сӛз ӛнерінің теориялық мәселелерін ұлттық және әлемдік
эстетика тұрғысынан кӛркемдік дамудағы дәстүр мен жалғастық
арнасында зерделеген еңбектер тың әдістермен ұштастырылды.
Р.Нұрғалиевтің «Ӛнер алды – қызыл тіл» еңбегінің «Әдебиеттің
даралық сипаты» тарауының сонылық қыры – әлемдік
әдебиеттанудағы ғылыми мектептердің қарастырылуы. Бұл ретте
ғалымның: «Қазақ сынында, әдебиеттануда қолданылатын кӛптеген
терминдер әр түрлі кезеңдерде жасалды. Шендестіру, дамыту,
түйдектеу, бүкпелеу, кӛріктеу, меңзеу, әсірелеу, ауыстыру,
кейіптеу, пернелеу, баяулату, дамыту, теңеу, айқындау, тармақ,
шумақ, бунақ, ырғақ, тәрізді терминдер ана тілінің ішкі
мүмкіндіктері негізінде 20-жылдарда жасалса, форма, стиль, сюжет,
композиция, фоника, фабула, жанр секілді интернационалдық
терминдер ӛзгеріссіз алынды», – деген ӛзекті толғам ұлттық әдеби-
теориялық ой-пікірдің асыл арналарына үңілдіру болатын.
«Ӛнердің эстетикалық нысанасында» қазақ теориялық ой-пікірінде
нақты зерттеу ӛзегіне алынбаған прозадағы драматизм талданды.
Ал З. Серікқалиев, Э.Серікқалиеваның «Ақыл таразысы» еңбегінің
«Дүниетану даналығы» бӛлімінде ғылыми және кӛркемдік
танымның даралық сипаты, әлемдік мәдениеттер тоғысуы және
ӛнер туындылары философиялық, эстетикалық мәнінің қуаты
сараланды.Қорыта айтқанда, сӛз ӛнерін талдау арналары барынша
ұлғайып,
маркстік-лениндік
ілім
аясында
типологиялық,
герменевтикалық әдіс-тәсілдерді ұштастыра қолдану тәжірибесі
кеңінен игеріліп отырды. Ол зерттеуші ғалымдардың әдебиет
теориясында жаңа әдіснамалық ұстанымдарды орнықтыру
жолдарының жемісті болғанын дәлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |