40
жалғастықты, жазу шығармашылығындағы халықтық үлгілер мен
ӛзіндік соны сапа-қасиеттердің бірлігін танытатын ұғым,
қалыптасып, сұрыпталған кӛзқарас, түсініктер, кӛркемдік үлгі-
ӛрнектер, тәсілдер жатады. Жалғастық деп кешегі күннің
тәжірибесі мен жемістерінен мән-мағынасы бай, дәрежесі жоғары
заман
талабына жауап беретін, бұрынғы-соңғының шеңберінен
шығып, болашаққа кең жол ашатын аса маңызды ізденіс-
әрекеттерді айтуға болады... Дәстүр мен жалғастық тарихпен бірге
ӛзгеріп отырады (М.Базарбаев). Бұл орайда қазақ сӛз ӛнерінің
әдеби-тарихи бастауындағы фольклор, ежелгі дәуір әдебиеті және
жыраулар поэзиясы ерекше мәнге ие. Сӛз жоқ, әдебиеттегі дәстүр
бастауы – фольклор болып табылады.
Ауыз әдебиеті мен жазба
әдебиеттің ӛзара байланысы қазақ әдебиетінде ӛзіндік дара сипатқа
ие. Бұған Жамбыл, Иса ӛзге де дарындар шығармашылығы айқын
дәлел. Жанрлық құрылым, баяндау жүйелеріндегі ӛзгерістер де
дәстүр және жалғастық мәселесіндегі ӛзекті арна. Мәселен, сюжет
ыңғайындағы ұқсас желілермен қатар миф, аңыз,
ертегі
жанрларындағы дәстүрдің жазба әдебиеттегі шағын эпикалық
жанрлардан жалғастық табуы кӛркемдік дамудағы жалғастықтың
эстетикалық нәрін айқындайды. Немесе роман, повесть, поэма,
балладалардың фольклорлық сарындарды пайдалануы мен
фольклорлық ойлау жүйесін жаңғырту мезеттері де соны кӛрсетеді.
„Автор мәселесіне байланысты
ауыз әдебиеті мен ақындар
поэзиясы, кәсіби әдебиеттің айырмашылығы. Фольклорды
иудырған орта мен қазіргі жағдай. Бүгінгі романдағы полифонизм
элементінің фольклор жанрларындағы баяндау ағхасымен
тамырластығы“
(Б.Майтанов)
дәстүр
және
жалғастық
байланысының күрделі табиғатын айқындай түседі.Кӛркемдік
дамудағы дәстүр мен жалғастық ұғымының мән-мағынасын
байыптағанымызда, қазақ ӛлеңінің бейнелеу жүйесі мен
құрылымынан кӛне әдебиет дәстүрлерінің алатын орны зор. Ол
дәстүр ұласуының кӛркемдік заңдылықтарына орай сӛз ӛнерінде
жаңарып және жаңғырып отырады.
Дәстүр және жалғастық байланысының
табиғатын кеңестік
идеология қысымы кезеңдері терең байыптауға мүмкін болмады.
Қазақ әдебиетінің тарихи бастауын айқындау, Абайдың ақындық
мектебі және „зар заман“, Алаш әдебиеті дәстүр арнасында
қарастырылмай келді. Ал дәстүрдің кейбір тұрақты түрлерінің
41
болатыны, ол ұлттық сӛз ӛнерінде ӛзіндік табиғатымен дамитыны
ескеріле бермеді. „Ұлттық
психиканың, мінез-құлықтың ӛзгеруіне
байланысты туған алуан түрлі кӛріністер шығарманың ұлттық
сипатын байқатады“ (М.Базарбаев) десек, бұл мәселелер кеңес
дәуірінде ескеріле бермеді. Дәстүр және жалғастық арнасындағы
шеберлік мектебі, соның ішінде Шәкәрім, Ахмет,
Міржақып,
Мағжан, Жүсіпбек дәстүрін айқындайтын стилдік, поэтикалық
ізденістер кӛркемдік дамудағы эстетикалық мектеп тұрғысынан
дамытылмай қалған кезеңдер де болды. Бүгіндері әдебиет
теориясында ұлттық сӛз ӛнерінің дамуындағы дәстүр және
жалғастық мәселесі жаңаша
эстетикалық танымда тарихи
сабақтастық тұрғысында терең зерделену үстінде.
Достарыңызбен бөлісу: