Серікбай, кітаптар мен тренингтердің көптігіне
қарамастан кəсіпкер боламын дегендердің барлығы бірдей
табысты бизнесмен болып кетіп жатқан жоқ. Өнерде
де, бишілер мен суретшілер оқып емес, жаратылысынан
солай болып жатады ғой? Яғни бұл – екінің бірінің
қолынан келе бермейді, солай емес пе?
– Иə, əрине. Расымен кəсіпкер болып дүниеге келетін
шығар. Бұл – долбарлауға негізделген, түйсікке тікелей
байланысты, тəуекелге əркез дайын болуды талап ететін
сала. Əлемде тұратын адамдардың 90 пайызы қалыпты
болса, қалған он пайызы біртүрлі. Олардың бес пайызы
жүйке жүйелері ауруханаларында, ал қалған бес пайызы
бостандықта, бизнесмен ретінде өздерін танытып жүр.
Оларға «Мынаны жасама» десе, керісінше барып, соны
жасайды. Себебі, онда арман бар да, оның шекті
жиектемесі жоқ.
Көбісі «сен бизнес бастаған кезде Ресейде бəрі оңай
болды. Кооперативтер енді ғана пайда болып жатты,
бəсекелестік төмен болды» деп жиі айтады. Алайда, бұл
маған оңай болмады. 5 млн адамның ішінде, оның үстіне
мұндағы бұрыннан тұрып келе жатқан тұрғындарға
қарағанда ұлтым бөтен. Ол аздай қалада күніне бірнеше
ондаған
адамды
өлтіріп
кетіп
жататын
жəне
рэкитерлерден кəсіпкерлер он есе аз болды. Ойланатын
уақыт болмады, тек қана күн көру керек болды.
«Ауылдан шыққан миллионер Серікбай БИСЕКЕЕВ:
«Адамды көлігі мен қымбат сағатына қарап емес,
ақылына қарап та бағалайды. Қазақтар түсінер деп
ойлаймын» —
Достарыңызбен бөлісу: