Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы



Pdf көрінісі
бет18/83
Дата19.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#177240
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   83
Байланысты:
Тарих

 
24.
 
Найман, керейіт, меркіт, жалайырлар туралы деректердің мәліметтері.
Кейбір зерттеушілердің айтуынша, “
Меркіттер
” атауы 
Мэргэд
 (Мерген – түбір сөзі де, “д” – тунгус-моңғолша 
көптік жалғауы) ұғымынан шыққан. Өйткені Меркіттер “құралайды көзден атқан” хас мергендер 
болған. 
Рашид ад-Диннің
 айтуынша, Меркіттер ерте орта ғасырда мемлекет құрған. Олар 9 – 10 ғасырларда 

Цзубу
” одағына қарайтын 18 тайпа құрамында қидан билігінде болған. Байкөлден (
Байкал
) Селенга өзенңнің 
орта бойы 
Орхонға
 дейін, 
Бүрэн жотасы

Хан тауы

Қасқа бүркіт жотасы

Ноян

Дэлгэрхан
 жотасын 
мекендеген. Үш меркіт одағы (
Мэә-Ли-Зи
) 11 – 12 ғасырларда ерте мемлекеттік құрылым (ұлыс) деңгейіне 
көтерілді. Ұлысты Тудур Билге Чигин басқарып тұрған шақта әскері үш топқа бөлінген. Меркіттер көрші 
наймандармен тату-тәтті өмір сүрді. Керейттер (
керейлер
) Меркіттерді төрт дүркін шапқан. 
Шыңғыс 
хан
 бастаған боржигендер тарих сөресіне шыққан тұста оларға ең әуелі қарсылық көрсеткен Меркіттер болды. 
Олар 1178 жылы Тэмужиннің (Шыңғыс хан) жаңа түскен келіншегі қоңырат қызы Бөртені қолға түсірді. 1179 
жылы Шыңғыс хан Меркіттер ордасына тұтқиылдан шабуыл жасады. Бұл тарихта Бугур-Кегер шайқасы деп 
аталды. Осы шайқастан кейін Меркіттер Орталық Азиядан ығыстырыла бастады. Тоқтыбек бастаған 
Меркіттер 1205 жылға дейін моңғолдарға қарсылық көрсетіп, қазіргі 
Солтүстік Қазақстан
 жеріне шегінді. 
1218 жылы меркіттерді қуып барған Шыңғыс ханның ұлы 
Жошы
 
Ырғыз өзені
 бойында қыпшақтармен 
соғысып, 
Хорезм шаһ
әскерлерімен кездесті. 
Найман,керейіт,жалайырлар
олар мемлекеттiлiк бастауларына үлес қосты. Найман тайпалар одағы VIII 
ғасырдың орта кезiнде Ертiстің жоғары тұсы мен Орхон өзенінің аралығында сегiз-оғыз атаумен пайда 
болған. Сегiз-оғыздар Хангайдың батысынан Тарбағатайға дейiнгi жердi алып жатты. Х-ХІІ ғасырдың 
басында наймандар Ляо империясына тәуелдiлiкте едi. Керейiттер (керейлер) мен меркiттермен 
одақтасқан наймандар iрi мемлекетті құрылымға айналды. Наймандар өздерiн 
қоршаған көшпелi және отырықшы-егiншi этностармен, әсiресе қаңлылармен өте тығыз этникалық 
саяси және мәдени байланыс орнатты. 1125 жылы Қидан мемлекетi күйрегеннен кейiн, оның орнынан бiрнеше 
мемлекеттік бiрлестiктер құрылды. Олардың арасынан жетекшiлiк рөл керейiт хандарының қолына көштi. 
Керейiттер туралы алғашқы мәлiметтер Х ғасырдың басында кездеседі. Олар Шыңғысхан шапқыншылығына 
дейінгі кездерде Моңғолия мен Алтай аумағына үстемдiк еткен. Жалайырлар Шыңғыс хан империясының 
өрлеу кезiне қарай қазіргі Моңғолия жерінің Хилок және Орхон сағасы аймағын мекендеген. Наймандар, 
керейiттер, жалайырлар құрған ұлыстар — алғашқы феодалдық мемлекеттік құрылымдардың бір көрінісі 
болып табылады. Ұлыс ру да, тайпа да емес, ол рулық-тайпалық институттардан жоғары тұрады. «Ұлыс» 
ұғымы ол кезде «халық" дегендi бiлдiрген.
25.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет