Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы



Pdf көрінісі
бет33/83
Дата19.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#177240
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   83
Байланысты:
Тарих

41.
 
Қазақ хандығы кезіндегі билер институты.
Қазақ хандығында елдің болашағын, жағдайын талқыға салып, ақылдасқан, әділдікті әрқашан қолдаған билер 
болатын. Билер халықтың көкейіндегісін айтқан, көмейіндегісін жарыққа шығарған әділет жоқшысы болған. Би 
болу үшін бай болу шарт емес, би болу үшін топты жарып шығу керек. Билер институтының бірнеше ғасырларға 
созылатын зерттелу тарихы бар. Кеңес дәуірінде әсіресе 70 жылдардан бастап белгілі ғылым академик С. 
Зимановтың басшылығымен қазақ әдет-ғұрып құқығының институттары мен нормалары кең масштапта 
ғылыми айналымға түсіп зерттеле бастайды. Қасым хан тұсында билер институтының орны ерекше болды. 
Оның басты еңбегі сол уақытқа дейінгі “жол жоралғыларды” жүйелеп бір ізге салуында. «Қасым хан қасқа 
жолы». Қасым хан өзінің сот шешімдеріне бұрынғы ата-баба ғұрыптарына сүйенудің қажеттілігін атап 
көрсетеді. Бұл ханның жолды жасаудағы ролін көрсетеді. Сол кезге дейінгі қазақ даласындағы қалыптасқан 
“жол “қасқа жолдың” халық арасына кең таралуының сыры оның хан тұсындағы билердің көкейінен шығуында 
еді. Өйткені, би ханның пәрменін халық арасында дұрыс түсіндірушісі, қамқоршысы болған. Сондықтанда бұл 
заң билердің, батырлардың тағы басқа игі жақсылардың бас қосқан жиынында келісілген. Билер бұл заманда 
негізінен ру басының қызметін атқарлы. Билердің беделі руларында зор болған. Сондықтанда қазақ хандығын 
нығайтуды ойлаған Қасым хан билердің ақыл-кеңестеріне сүйеніп, ел билеуге ұмтылған. Ал билердің беделінің 
неліктен артқандығына келетін болсақ, онда ол сол кездегі қалыптасқан шаруашылық жүргізуде еді. Сондықтан 
да халық ханнан гөрі, билерді көп сыйлаған. Билер халық сүйеніші, кеңесшісі болған. Хан саясатын ру ішінде 
жүргізуші. Егер ханнан би сырт айналса, халық та теріс қараған. Билер сол кездің өзінде ханға, хансың деп 
қарамай ойындағысын айта білген. XVІІ ғасырдың екінші жартысы мен XVІІІ ғасырдың басы Қазақстан үшін 
қилы да қиын дәуір болды. Ру-ру, ұлыс-жүз болып бөлініп, алауыздықпен өзара дау-жанжал, қақтығысқа 
белшесінен батқан қазақтарды Ресей патшалығының арамза саясаты, Шығыстан, арқадан тынымсыз 
шабуылдаған жоңғар қалмақтарының басқыншылығына ұшыратты. Тәуке хан тұсы. Осындай қиын кезеңде 
билік құрған Жәңгір ханның баласы Тәуке ыдырап, берекесі кеткен қазақ халқының басын қосып, ішкі 
дауларды, барымтаны, тежемелі ұсақ хандықтардың уақытша болса да ынтымаған көздемей, сыртқы жаулармен 
батыл күресуге болмайтынын түсінді. Осы мақсатпен Тәуке қазақ қоғамына ірі-ірі реформаларды енгізді. Билер 
Тәуке хан тұсында үлкен әлеуметтік күшке айналды. Сондықтан да “билер кеңесі” деген тұрақты органының 
өмірге келуітегін емес сияқты. Бұл кезде атышулы, мемлекеттік дәрежеге жеткен билер де болған. Олар 
бәрімізге таныс Үш пайғамбар атанған “Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер еді”. 
Билер бұл кезде ру басы болумен қатар кәнігі сот қызметінде атқаралы және халықаралық қатынаста елшілікке 
де тартылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет