27
марапатталған. Бұдан кейін алтын-қабақ ойыны дамып “күміс тақтай” (жамбы ату) пайда болды.
Жаңа
жылдың басы
Наурызды
қазақтар көктем айының бастапқы кезі ретінде тойлады.
50.
Ауызша тарих айту дәстүрі және оның ерекшеліктері мен маңызы. Мұхаммед Хайдар Дулатидың,
Қадырғали Қасымұлы Жалайыридің аса көрнекті еңбектерінің маңызы.
Халық ауыз әдебиеті материалдарын тиімді пайдалана білу. Eл тарихы мәселелерін дұрыс түсіндіруде бірден-
бір айқын, дұрыс жол. Қазақ халқы ауызша тарих пайда болуы және дамуының барлық кезеңдерінен өтті,
және бұл процесс әртүрлі жанрларда көрінді:
аңыз айту.
Хроникасы;. классикалық және лиро-эпостық жырлар ;. тарихи поэма;
Әрине, аталған төрт жанрдың соңғысы апогея немесе тарихи баяндау тарихындағы ең шарықтау шегі деп
айтуға болады.
Қазақ халқы үшін ХV-ХVI ғасырлардағы оқиғаларды мақтан етуге және үздіксіз атап өтуге лайықты тарихи
даталардың ішінде ХV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылған жылын бөліп көрсетуге болады.
Мұхаммед Хайдар Дулати және Қыдыргали Қасымұлы Жалаиридің еңбектерінің маңызы
Дулати Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы,
әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес
елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының
авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед
Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» - өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» -
әкесінің аты, «мырза» - текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан
аталатыны секілді), «дулат» - шыққан тайпасының аты. "Тарихи Рашиди" атты еңбекте қазақ хандығының
қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті— Қыпшақта болған оқиғалар,
Моғолстанның
құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара
одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар. Сонымен бірге бұл еңбекте ХV-ХVI ғасырлардағы Оңтүстік жөне
Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, орта ғасырлық Қазақстандағы Жетісудың тарихи
жағрапиясы, қалалық және егіншілік мәдениеті туралы құнды мәліметтер бар. 1533
жылы хандық таққа қайта
отырған Абу-ар-Рашид, өз тайпаларынан қауіп тоне ме деген оймен, оларды қуғындай бастады. Мұхаммед
Хайдар Дулатидің немере ағасы Сайд Мүхаммед мырза Дулатты өлтірді. Мүхаммед Хайдар Дулати
Үндістанға қашып кетті. Онда ол Ұлы Моғолдар сарайында әскерлерді басқарды.
Қайырғали Жалаири (Қадыр
Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) деп аталған бұл кісі ХVI-ғасырдың ортасы
мен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған.
Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып
бітірген. Бұл — қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. "Жинақтың"
тілдік құрылымын, жазу мәнерін
зерттеп, көрнекті ғалым Р.Сыздықова арнайы кітап жазған ("Язык", "Жамиат-тауарих", "Жалаири", Алматы,
1989 жыл). Қадыр Әлі деректеріне Шоқан Уәлихановтан бермен қарай талай тарихшылар, зерттеушілер
сүйеніп келеді. Туған жері — Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы. Қадырғалидың ата-бабалары Қарахандар
әулеті билігінен бері үздіксіз хан сарайында қызмет етіп,
ханның ақылшы-кеңесшісі, қол бастар батырлары
болған. Оның өз атасы Темшік Шығай ханның батыры болса, әкесі Қосым бек лауазымын иеленген.
"Жылнамалар жинағының" жалғыз көшірме данасын Қазан Университеті кітапханасына татар галымы
И.Халфин тапсырған екен. Сол көшірмені шығыс қолжазбалар жинағына бастырғанда профессор И.Н.Березин
былай деп алғы сөз жазыпты: "Біз шығармаға қандай ат берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі
Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының қысқаша аудармасынан тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға
бере аламыз". Сөйтіп, ол Қадыр Әлі еңбегін оның нағыз аты анықталатын көшірмесі табылғанша "Джами ат-
Таварих" — "Жылнамалар жинағы" деп атауды ұсынған. М.Қойгелдиев былай дейді: "Өкінішке орай,
қолжазбаның кейінірек Петербургтен табылган екінші көшірмесінде де еңбектің автор
берген аты жоқ болып
шықты да, ол сол "Джами ат-Таварих" — "Жылнамалар жинағы" атанған күйінде қала берді. Бұл жағдай
тарихшы ғалымдар арасында Қадыр Әлі би еңбегінің дербес деректік мәнін тура бағалауға едәуір кедергі
жасады,
басқаша айтқанда, оны Рашид ад-Дин жұмысының түрікше нұсқасы ретінде ғана қарауға негіз болды"
Достарыңызбен бөлісу: