Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы



Pdf көрінісі
бет45/83
Дата19.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#177240
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   83
Байланысты:
Тарих

54.
 
Орынбор экспедициясының ұйымдастырылуы мен қызметі.
 
1731 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайырдан ант қабылдатып алған ресейліктер Кіші жүз шебін қауіпсіз санап, 
Хиуа, Бұқар, Қоқан хандықтарына жорық-экспедициясын ұйымдастыруды көздеді. І Петрдің нұсқауымен 
1734 жылы қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды.
Оны патшаның сенімді серігі И.К.Кириллов (1689-1737) басқарды. Оның көмекшісіне қазақтардың тілін, 
дәстүр-салтын жақсы білетін А.Тевкелев тағайындалды. Бұл экспедиция тарихта «Орынбор экспедициясы» 
деп аталды.
Оның құрамындағы 2700 адамның 2500-і әскери қызметшілер еді. Экспедицияға үкіметтің берген тапсырмасы 
Кіші жүздің жағдайын жан-жақты зерттеу болды. Атап айтқанда, олар табиғи ресурстарды зерттеумен, жер 
бетінің картасын түсірумен айналысты. 
Міндеті: қазақ даласының жер жағдайын зерттеу және жер бедерін картаға түсіру еді. Аталмыш экспедиция 
отарлау стратегиясын жүргізудің қызметін атқарды. Нәтижесінде, Кириллов «Қырғыз-қайсақ ордалары 
туралы түсіндірулер» атты еңбек жазды.
Кирилловтан кейін бұл істі В.И.Татищев (1686-1750) қолға алды. Ол өзінің ғылыми еңбектерінде 
қазақтардың тұрмысын, мінез-құлқын, мәдениетін сипаттап жазады. Осы экспедиция Қазақияның батыс 
өңіріне барлау-зерттеу тыңшылық жұмысын жүргізу барысында қазақтар тарапынан болуы мүмкін шабуылды 
болдырмауға Әбілқайыр хан кепіл етіп отырды. Нәтижесінде Әбілқайыр ханға қарасты аумақты басып, 
тарихта тұңғыш рет Орта Азияға патшаның сауда керуені өтті.
1734 жылы Орынбор экспедицияның құрамында болған орыс саяхатшысы П.И. Рычков қазақтың 
шаруашылығы, ру-тайпа құрлымы және отарлық саясаттың басты бағыттары жайлы зерттеу жүргізсе, 1768-
1774 жылдары қазақ даласында барлау экспедициясы құрамында болған тағы бір ұлты неміс зерттеуші-
тыңшы И.Г. Георгий жергілікті қазақтар туралы жазған мәліметінде: «олар өте аңғал, сенгіш, осы мінезін 
пайдалана отырып, ортасына алауыздық отын жағып, сол арқылы отарлау саясатын жүргізу қажет» депті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет