56. 1846 жылы Жетісу сұлтандарының Ресей бодандығын қабылдауы. 1846 жылы Кенесары хан қолын Жетісудан ығыстыруды көздеген орыс әскерінің экспедициясы Қапал
бекінісінің негізін қалайды. Бұл іс жүзінде орыстардың Жетісуда жасаған алғашқы қадамы болатын. Англияның
Шығыс Түркістандағы ықпалының арта түскендігінен қорыққан патша үкіметі тездетіп Жетісуда бекіністерін
салуды, Ұлы жүз қазақтарын өз кұрамына қосып алуды, сондай-ақ Қытай үкіметімен Жетісу арқылы жүретін
сауда
қатынасы
жөнінде
тез
арада
келісімшарт
жасасуды
көздеді.
Жетісу жеріне орыс билігінің аяқ басқанын жеке мүддесіне пайдаланып қалуды көздеген Ұлы жүздің бір топ
сұлтандары мен билері 1846 жылы жаңа билікті
мойындайтындығын мәлімдеп
, ант береді. 1850 жылдан бастап
орыс қолдары Жетісудағы Қоқан қамалдарын жоюға көшеді. Орыс әскеріне елеулі карсылық көрсеткен
Қаскелең өзені бойындағы Таушыбек қамалы еді. 1851 жылы жазда орыс қолдары бұл бекіністі алып, жойып
жіберді.
Орыс билігі қазақ басқарушы тобына қатысты өзінің осы уақытқа дейін ұстанған әдісін Жетісу жерінде де
жүргізді. Қытай және Қоқан сияқты карсыластарымен егесте, сондай-ақ Кенесары хан көтерілісін басып-жаншу
ісінде Ресей жағында болған қазақ пен қырғыздың билеушілері мен ықпалды адамдарына түрлі сыйлықтар,
әскери шеншекпен үлестіру
арқылы оларды өзіне тартып
, өз мүддесіне қызмет істетуге тырысты.
1853 жылы Ресейдің сыртқы істер министрі Батыс Сібір генерал губернаторлығы Гасфорпқа Жетісуда Ресей
ұстанымын нығайтуды қамтамасыз етерліктей нақты шараларды іске асыруды тапсырады. Осы міндетті
орындау мақсатында, сондай-ақ Ресейдің Ташкент, Құлжа және Қырғыз бағытындағы сауда және басқа
қатынастарына жол ашатын жаңа ірі бекініс салу жөнінде шешім қабылданды.
57. Кіші және Орта жүздер аумағында барлық билік институттарын