Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы



Pdf көрінісі
бет57/83
Дата19.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#177240
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   83
Байланысты:
Тарих

67.
 
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және 
негізгі кезеңдері. 
 
Қазақстан мен Орта Азиядағы он алтыншы жылғы ұлт-азаттық көтеріліс патшалық Ресейдің отаршылдық 
саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс болды. 1914 жылы басталған І дүниежүзілік соғыс Ресей 
империясында пісіп-жетіліп келе жатқан жалпы дағдарысты шырқау шегіне жеткізді.Ең алдымен өзінің 
шаруашылық ерекшеліктеріне қарай қазақ елінің майданды және елді шикізат, азық-түлікпен қамтамасыз 
етудегі рөлі мейлінше күшейді. 1914-1916 жылдардың арасында тек Түркістан өлкесінен 2089 мың тонна 
мақта, 300 мың пұт ет, 70 мың жылқы, 13 мыңға жуық түйе, 14 мыңға жуық киіз үй алынған. Соғыстың 
бірінші жылында тек Жетісу облысынан майданға жіберілген мал мен малшаруашылығы өнімдерінің құны 34 
миллион сомға жетті.Соғыстың ауыр зардаптарының бір көрінісі шаңырақ салығының артуы болды. 1914 
жылы қазақтан жиналатын осы әлеуметтік ауыртпалықтың мөлшері 600 мың болса, 1917 жылға қарай 1 
миллион 200 сомға ұлғайды.Көтерілістің басты себептері әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерге 
тікелей байланысты болды. Отаршылдық езгінің күшеюі, Қазақстан мен Орта Азияның жергілікті халқының 
жерлерін тартып алудың жалғасуы, салықтар мен басқа да алымдар көлемінің шамадан тыс ұлғаюы, патша 
өкіметі жүргізген орыстандыру саясатының кең өріс алуы мен қалың бұқараның әлеуметтік жағдайының күрт 
төмендеуі көтерілістің басталуына себеп болды.Көтерілістің басталуына ІІ Николай патшаның 1916 жылы 25 
маусымдағы «Реквизициялау туралы» жарлығы тікелей себеп болды. Жарлық бойынша Қазақстан, Орта Азия 
мен ішінара Сібірдің «бұратана халықтарының» ер-азаматтарынан (19 бен 43 жастың аралығында) майданның 
тыл жұмыстарына (қорғаныс құрылыстары мен жолдар салу, окоп қазу, т.б.) 400 мың адам (оның ішінде 
қазақтан 240 мыңға жуық) алу белгіленді.Қазақстандағы көтерілістің алғашқы ошақтары 1916 жылы шілде 
айының бас кезінде пайда болды. Халықтың ашу-ызасына жұмысқа алынатындардың тізімдерін жасаған 
болыс басқарушылары, ауыл старшындары және жергілікті әкімшіліктердің басқа да қызметкерлері ұшырады, 
өйткені жасалған тізімдер әуел бастан жаппай парақорлық, көзбояушылық пен қиянатқа негізделді. Әкімшілік 
жүйе ол кезде қазақтарда тууы туралы куәліктің болмағанын пайдаланып, тізімге жас шамасына қарамастан 
кедейлерді қалауынша енгізіп, ал ауқатты әулеттерден пара алып, оларды шақыртудан 
босатты.Көтерілісшілер болыстық кеңселерді, болыстар мен ауыл старшындарының үйлерін, жасалған 
тізімдерді өртеді, жекелеген болыс бастықтарын өлтірді. Стихиялы қозғалыс біртіндеп ұйымдасқан сипат 
алып, қарулы көтеріліске ұласты.Көтерілістің негізгі қозғаушы күштері – отарлық езгіден күрт кедейленген 
шаруалардың қалың тобы мен сол кезде қалыптаса бастаған жергілікті жұмысшылар болды. Көтеріліске 
сондай-ақ қазақ халқының басқа әлеуметтік топтарының (байлар, болыстар мен билер, интеллигенция) 
өкілдері де қатынасты. Соңғылары кейбір аймақтарда жетекші рөл атқарды.Қазақ зиялыларының кейбір 
өкілдері (Т. Бокин, Ж. Ниязбеков, Ә. Жүнісов, Т. Рысқұлов, С. Меңдешев, Б. Алманов, Ә. Жангелдин және 
т.б.) патша жарлығына батыл қарсы шықты және халықты қарулы қарсылыққа шақырды.Ал «Қазақ» газетінің 
төңірегіне топтасқан либерал-демократияшыл зиялылардың жетекшілері (А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. 
Дулатов, т.б.) патша әкімшілігінен тыл жұмысына адам алуда асықпауды өтініп, керісінше дайындық 
шараларын жүргізу жөнінде ұсыныстар жасады, көтеріліске шыққан халық патша өкіметі тарапынан аяусыз 
жазалауға ұшырайтынын ескертіп, көпшілікті жарлықты орындауға қарсылық көрсетпеуге 
шақырды.Түркістан генерал-губернаторы бірнеше жазалау отрядын жасақтап, көтерілісшілерге қарсы 
жөнелтті. Көтерілісшілер Самсы төңірегінде отрядқа шабуыл жасап, оларды Верныйға (Алматы) қарай 
шегінуге мәжбүр етті. Т. Бокин бастаған көтерілісшілер (10 мыңнан астам) тамызда шабуылға шығып, Верный 
мен Пішпек арасындағы байланысты үзді. Көтерілісшілер арасынан Бекболат Әшекеұлы, Нұқа Сатыбеков 
сияқты басшылар шықты. Бұл кезде Жаркент және Лепсі уезіндегі көтеріліс күшейе түскен еді. Жетісу 
облысындағы ірі көтерілістің бірі Қарқара жайлауында болды1916 жылы шілдеде Қарқаралы (Семей облысы) 
мен Өскемен уезінің, Көкпекті мен Зайсанның көтерілісшілері майданға жіберілетін адамдардың тізімін 
тартып алып, болыстарға күш қолданды.Әбдіғапар Жанбосынұлы пен Амангелді Иманов басқарған Торғай 
көтеріліс ошағы ең табанды және ұзаққа созылған азаттық үшін күрес аймағына айналды. Он алтыншы жылғы 


38 
көтеріліс Қазақстанның барлық аймақтарында қатаң басып-жанышталды.Бұл көтеріліс қазақ халқының сан 
ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында ерекше орын алды. Ол Ресейдегі әскери-әкімшіл және 
отаршыл басқару жүйесінің іргесін шайқалтты және шығыстағы отар халықтарда ХХ ғасырдың басында өріс 
алған ұлт-азаттық қозғалыстардың құрамдас бір бөлігі болды. 
68.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет