Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы



Pdf көрінісі
бет60/83
Дата19.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#177240
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   83
Байланысты:
Тарих

71.
 
Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімді басылымдар.
 
Қазақ баспасөзінің тарихы 1870 ж. шыққан «Түркістан уалаяты газетінен» басталады. Газет сол кездегі 
Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы болған Ташкент қаласында 1870 жылдың 28 сәуірінен 
бастап, орыс тілінде шығатын «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде айына төрт рет (екі 
саны 
өзбекше
, екі саны қазақша) шығып отырған. Бұл газеттен басқа да 
мерзімді басылымдардың бар екені баршаға аян. Олар ұзақ жылдар бойы ұлттық мерзімді басылымдардың 
тарихын зерттеуші, олардың мазмұндалған библиографиялық көрсеткішін жасап, мәтіндерін қайта бастыру 
арқылы бүгінгі оқырманға жеткізуші ғалым Ү. Субханбердинаның еңбектері арқылы мәлім. Ғалымның 
«Айқап» энциклопедиясындағы «Қазақ баспасөзінің тарихынан» атты кіріспесін оқи отырып [2; 6–9], алғашқы 
басылымдарды жарық көрген мерзімдеріне байланысты былайша көрсетуге болады:ХІХ ғасырда жарық 
көрген басылымдар — «Түркістан уалаятының газеті» (1870–1882), «Дала уалаятының газеті» (1888–1902); 
ХХ ғ. басындағы газет-журналдар — «Серке» (1907), «Бірлік туы» (1917), «Қазақ газеті» (1907), «Дала» 
(жылы белгісіз), «Қазақстан» (1911– 1913), «Ешім даласы» (1913), «Қазақ» (1913– 1918), «Айқап» (1911–
1915), «Алаш» (1916–1917), «Сарыарқа» (1917), «Ұран» (1917), «Үш жүз» (1917), «Тіршілік» (1917).Бұл 


40 
басылымдарды ұстанған бағыттарына байланысты ресми және бейресми газет-журналдар деп жіктеуге де 
болады. Ресми бағытты ұстанған газет-журналдарға «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» басылымдары 
жатады. Өйткені бұл газеттер патша үкіметінің ресми органы еді. Оған дәлел бұл басылымдарда барлық 
патшалық губерниялық газеттердегідей ресми және ресми емес бөлімдері болды. Ресми бөлімінде үкімет және 
әкімшілік органдардың жаңалықтарымен қатар, 
олардың жарлықтары
, түрлі нұсқаулары мен бұйрықтары 
басылып отырған. Сонымен бірге «ақ патшаға» арналған немесе оған деген адал берілгендікті білдіретін 
мақалалар да жарияланған.Бейресми бағыт ұстанған мерзімді басылымдар «Үш жүз», «Тіршілік» тәрізді 
газеттер болды. Бұл басылымдардың барлығы да жалпы халыққа өз заманының саяси ахуалы, әлеуметтік- 
экономикалық дамуы, оқу- ағарту жайлы мағлұматтар беріп отырды. Сонымен бірге қазақтың жазба әдеби 
тілінің дамуына үлкен ықпалын тигізді.Аттары аталған мерзімді 
басылымдардың беттерінде жарияланған материалдар әр түрлі тақырыптарды қамтыған. Ендеше газет 
беттеріне жарияланған мақалалардың авторлары кім болды екен? деген сұрақ туындайды. Оған жауап беру 
үшін осы мерзімді басылымдарды қарастырып шығу керек.Отандық ғалымдардың ерен еңбектерінің 
арқасында «Дала уалаятының газеті» (1994), «Қазақ» газеті (1998) және «Айқап» журналы (1995) жеке-жеке 
жинақ болып құрастырылып шыққан болатын. Ал 2014 ж. Орал қаласында «Ұран газеті. 1917–1918 жыл» 
жинағы бысылып шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет