86. Кеңестік білім беру жүйесін құру. Арабтан латынға, кейін кириллицаға көшу. Арабтан латынға,кейін кирилицаға көшу .1918ж
шілдеде
Түркістан
АКСР
-інде
Халық
ағарту комиссариаты ,ал бұған дейін Қырғыз революциялық комитетіне мектеп бөлімі ашылған еді .1919
ж желтоқсанда Ленин РКФСР- халықтар арасында сауатсыздықты жою туралы декретке қол қойылды
.1924 жылы ақпанда «Сауатсыздық жойылсын » қоғамының қазақстандық бөлімі жұмысын бастады.
1925 ж
қоғамның 882 бастауыш ұғымында 77800 мүше тіркелді. Сол жылдары ұлы
ағартушы А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің фонетикалық жүйесіне бейімделген араб әлібиін жасады .
714-1929 Араб әліпби
1929-1940 Латын әліпбиі
1940-2022 Крилица әліпбиі
87. Қазақстандықтардың майдан іс- қимылдарына, партизандық қозғалысқа қатысуы Партизандық қозғалыс үлкен саяси маңызға ие болды. Партизандық бөлімдер мен партиялық астыртын
жұмыс жүргізушілер жергілікті тұрғындар арасында үлкен ауқымды жұмыстар жүргізді. Парақшалар,
астыртын жұмыс газеттері арқылы, жеке әңгімелерінде олар басып алынған территорияларда тұрған кеңес
адамдарына кеңес-герман майданындағы жағдай туралы шынайы ақпараттар берді, басқыншы биліктің
жаласы мен өтірігін жоққа шығарды, фашистік езгіден азат болу және жаудың түпкілікті
талқандалатындығына сенімді қолдады. Қорыта келе, неміс-фашист әскерлерімен басып алынған
территориядағы кеңес адамдарының бүкілхалықтық күресі ауқымы, саяси және әскери нәтижесі бойынша
фашизмді талқандаудың маңызды әскери саяси факторы мағынасына ие болды. Қазақстандықтар басқа да
кеңес ұлт өкілдері қатарында соғыс жүріп жатқан аумақтың қай бөлігінде соғысса да, Отаналдындағы
борышын абыроймен атқара білді. Партизандар қозғалысына қатысқан қазақстандықтар туралы мәселе әлі де
талай тың зерттеулерді қажет етеді. Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын,
Молдовияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Европа
халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты.Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып
Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар — шығыстың қос шынары: пулеметші
Мәншүк Маметова мен 54-атқыштар бригадасының Мергені (снайпер) Әлия Молдағұлова болды. Кеңес
Одағының батыры, Қазақстан республикасының қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов те Берлин үшін
ұрыстарға өз жауынгерлерін бастап кірді. Берлинге шабуыл жасауға жерлестеріміз Есжанов, И.Я.Сянов,
Х.Қайдаусов, З. Тұрарбеков, Х. Көбеков, Т. Бигелдинов, А.Еремеев, Н.Шелихов және т.б. көптеген адамдар
қатысты. Жас офицер Р.Қанқарбаев өзінің досы Г.Булатов пен бірге рейстаг терезелерінің біріне
алғашқыларының бірі болып алқызыл Жеңіс туын желбіретті, ал Орал өңірінің жас офицерлері Қ.Меденов пен
Р.Қараманов Берлин ратушасының төбесіне тікті.