80
80
БАЛА ТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЕРТЕГІНІҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ
«№2 «Батыр»санаторлық
балабақшасы»КМҚК
тәрбиешісі: Б.С.Нукушова
Калмаганбетова Л.Н
Ертегілердің бала дүниетанымын қалыптастыруда маңызы аса зор.Қазақ
фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі-ертегілер.
Ол ұрпақтан-ұрпаққа тараған мол мұра.Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі
мен арман тілегін,қиялын,даналығын,ғасырлық өмір тәжрибесін көреміз.
Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың ой-қиялын ұштайды.Мінез-құлқын,ерік-
жігерін,сөйлеу қабілетін,сөздік қорын қалыптастырады.Ертегіні оқытуда оынң жанрлық
ерекшелігін ескеріп,тәрбиелік мақсатына айырықша көңіл бөлгеніміз жөн.Б.Момышұлы
«Ұшқан ұя»мемурлық кітабында «Ертегісіз өскен бала-рухани мүгедек адам.Біздің қазіргі
балаларымызға ертегіні ата-аналары айтып бермейді.Ал бесікте жатқанда құлағына
анасының әлди үні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең болып қалмаса деп қорқамын»-
деген екен.Әсіресе,ертегінің мектеп жасына дейінгі балаға тигізер әсері мол.Бала
тұлғасының интеллектуалды-шығармашылық және креативті әлеуметін дамыту мәселесі
ғаламдық білім беру кеңістігінің басты міндеттері болып табылады.Қиял-біздің өміріміздің
бір қыры.Көз алдымызға елестетіп көрейікші,адамда қиялдау қабілеті болмаса,ғажайып өнер
туындылары,түрлі ғылым жаңалықтары тумаған болар еді.Балалардың дамуы үшін ең
алдымен
оның
қиялдай
білу
қабілетін
дамыту
керек.Ал
ертегі
баланы
төзімділікке,шыдамдылыққа,тапқырлыққа,еңбекқорлыққа шақырып,мақтаншақтық пен
сараңдықты табалайды.Әділеттілікті қолдап,сезімтал ұяң меірімді жандарды алдау мен
арбаудан қорғайды.Ертегілер құрамы жағынан әралуан,қиял-ғажайып,хайуанаттар,тұрмыс-
салт ертегілері болып бөлінеді.Ертегі түрлерін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып
балаға жеткізе білу керек.Ертегіні баяндай отырып,мұңаюға,шаттануға үйрету,балаларды
қызықтырып ой-қиялдарын дамыту,оны баяндауға жетелеу,сөздік жұмыстар арқылы сөздік
қорын байыту,ертегі кейіпкерлерін талдау барысында жағымды мен жағымсыздықты
ажыратып,кішіпейілділікке,адамгершілікке,қамқорлыққа тәрбиелейміз.Ересектер тобында
жануарлар туралы ертегілерді балаларға үйрету үшін алдымен мынадай міндет мақсат қою
керек.
Достарыңызбен бөлісу: