102
102
В. П. Беспалько. Ол «педагогикалық технологияны практикада іске асатын нақты
педагогикалық жүйе, жоба» деп көрсеткен. Б. Т. Лихачев «Педагогикалық технологияны оқу
үрдісіне белгілі бір мақсат көздей отырып әсер ететін педагогикалық нәтижеге жетелейтін
бірліктердің жүйесі» ретінде көрсетеді, оның үнемі өзгеріп отыратындығын айтады.
Қазақстандағы Ж. А. Қараевтың, Ә. Жүнісбектің және тағы басқа ғалымдардың оқыту
технологиялары белсенді түрде қолданылуда. Бастауыш саты – оқушының интелектілік
дамуының іргетасы, оқу әрекетінің қалыптасуының қуатты кезеңі. Бала мектеп жасына
жеткенімен, олардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдауы тұрақсыз бытыраңқы келеді. Не
нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап көзбен көргенді ұнатады. Сондықтан да
сабақта көрнекіліктерді, ойын элементтерін қолданып оқыту процесін қызықты
ұйымдастыру қажет. Бастауыш сыныпта қолданылатын технологиялар: «Ойын арқылы
оқыту технологиясы», «Модульдік оқыту технологиясы», «Сын тұрғысынан оқыту
технологиясы», «Білім беруді ізгілендіру технологиясы », «Дамыта оқыту технологиясы»
Достарыңызбен бөлісу: