«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет46/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Дамыта оқыту технологиясы.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік –зерттеушілік 
әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезеңге дейінгі 
тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп ,содан барып оның білімін 
алуға деген ынтасы артып,білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда 3 құрамдас 
бөліктерден тұратын болады.

Оқу мақсаттарының нақты қойылуы.

Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.

Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Қазіргі таңда қоғам талабына сай тәрбие мен білім алу және студенттердің оқу орнында 
жүріп инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі де маңызды 
мәселелердің бірі болып отыр. Әрбір студенттің қабілетіне қарай білім алуы, оның 
дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиеленуі үшін жаңартылған 
педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. 
Болашақ құзыретті мамандарды өсіріп, дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың 
ажырамас бөлігі. Жаңа заман маманы ертеңгі еліміздің болашағы, тұлғаның ішкі дүниесі мен 
оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. 
Инновациялық педагогикалық технологиялар білім ғылым саласында қаншалықты 
маңызды болса, тәрбие бағытында да заманауи технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын 
ұғымдардың біріне айналды. Кәсіби құзыретті маман болып қалыптасу және даму үшін 
студенттер заманауи білім беру мен тәрбиелеудегі технологияларды сауатты үйренуі керек. 
Президент Н. Ә. Назарбаев "Қазақстан -2050" стратегиялық жолдауында «Біз білім – 
ғылым - инновациялар үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз, 
біріншіден, бұл -уақыт, қазір инновация заманы, инновация ғасыры" деп атап көрсеткен 
болатын. 
Соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп 
Өміріне енгізіліп отыр. Ал, жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық 
қаблеттерін арттыруға өз үлесін қосады. Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер 
арқылы іске асады. I кезең-оқып үйрену , II кезең- меңгеру , III кезең-өмірге ендіру , IV кезең-


104 
104 
дамыту. Жаңа технология мен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет: оқу 
үрдісін интенсивтенттіруді жаппай қолға алу; оқушылардың сабақтастылығын болдырмау 
шараларын кешенді қарастыру. Оның ғылыми - әдістемелік, оқыту-әдістемелік 
ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын 
оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандарттарымен жете танысу, білімді 
деңгейлеп беру тенологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт 
деңгейінде игеруге қол жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі 
басшылыққа алу, өйткені оқыту-тәрбиенің негізі. Сондықтан оқыту да қоғамдық құбылысқа 
жатады. 
Оқытуды екі түрлі мағынада қарауға болады. Біріншісі-мектепте және жоғары оқу 
орындарында апта айтқанда экология пәнін оқыту. Екінші- өмірде оқыту, өмірге үйрету. 
Тәрбиелеу, оқыту егіз ұғым. Оқыта отырып тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып оқытамыз. 
Оқыту тәрбиеге қарағанда нақтылау. Оқыту үйрету арқылы іске асады. Бұл оқытудың 
маңызы. Оқыту арқылы тәрбиенің саналылығын, руханилылығын, әсемділігін, әсерлігін 
адамгершілікке баулу жолын, еңбекшілігін, т.б. айқындап толықтыруға болады. Оқыту-
тәрбиенің интелектуалды түрі. Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік 
жүйесі, осы мақсатта сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер 
түрлерінің мазмұнымен тікелей байланысты. Сондықтан инновациялық әдіс-тәсілдерді 
оқыту үрдісіне енгізу барысы танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде 
белсенділігін көздейді. Осы екі үрдістің өзара сапалы нәтижесінде оқушының өз ісіне 
сенімділігін, жауапкершілік сезімін, шығармашылық қабілеттілігін қалыптастыру мақсатын 
жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады.
Оқу -тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа 
педагогикалық технологиялар мыналар: Лысенкованың алдын ала оқыту, Хазанскиннің 
есептер шығару, Палтышевтың физиканы есептеп шығару, Шаталовтың интенсивті оқыту ( 
тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің мәселелік оқыту оқытудың белсенді әдісі, 
т.т. Соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясымен Дьяченконың оқытудың 
ұжымдық тәсілі, сондай-ақ профессор Қарайевтің оқытуды дифференциялау және білім беру 
демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық 
компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр. Мәселен, Л. 
Б. Эльконин, В. В. Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз 
байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады: жоғарғы денгейдегі қиындыққа оқыту , 
теориялық білімнің жетекші ролі , оқу материалын жеделдете оқыту , оқу үрдісін оқушының 
сезінуі , барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу. Л. В. Занковтың оқыту 
жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің 
дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-
қатынастың іргетасы қаланады. Мұгалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының 
оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді. Д. Б. Эльконин мен В. В. 
Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті және оның субъектісін қалыптастыруға бағытталады. 
Оның құрылымы мынадай: оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу 
операциялары. Жаңа технологиялардың педагогикалық негізі қағидалары:

балаға ізгілік тұрғысынан қарау;

оқыту мен тәрбиенің бірлігі; 

баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;

баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; 

әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; 

барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;
оқу үрдісін оқушының сезінуі. Жас ұрпаққа білім-тәрбие беретін бала жанының – 
мұғалімдер қандай болуы керек және олардың еңбегі қалай өлшену керек дегенді ой елегінен 
өткізіп көрелік. Біріншіден, мұғалімнің ары таза, адал, әдепті, инабатты, сыпайы, парасатты, 


105 
105 
байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы ләзім. Екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-
жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын оқушы-шәкірттеріне анық, 
тұжырымды, дәл айтып түсіндіре білуі шарт. Үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, 
ұжым арасында сыйлы болуы тиіс. Әрдайым оқушылармен әдептілік қарым-қатынаста 
болғаны жөн. Төртіншіден, мұғалім теорияны өмірмен байланыстырып, ғылым мен 
тәжірибені әрдайым өзі беретін күнделікті сабағына кеңінен пайдалану қажет. Бесіншіден, 
мұғалім үнемі өз бетімен оқып, педагогика, әдістеме жаңалықтарымен танысып, өзінің ой-
өрісін кеңейтіп, білімін толықтырып отыру керек. Осы қағидаларды әрбір мұғалім тұрақты 
ұсынып отырса, мұғалімнің күш –қуаты, көңіл күйі әрдайым жоғары болады да сабақ беру 
сапасы арта түседі, еңбегі жанады. Ұстаз еңбегінің қыр- сыры мол, қиын да жауапты, 
шығармашылық еңбек екендігін еске алсақ, олардың жемісті, әсерлі жұмыс істеуі үшін 
үкімет тарапынан үнемі оқулықтармен, көрнекті дидактикалық, техникалық құрал-
жабдықтармен толық қамтамасыз етілуі тиіс. 
Педагогикалық техногогияны қолдану білімді сапалы түрлендіруге, жаңашыл 
жобаларға ірге болуға нақты негіз болып, әрбір мектепке өзіндік тұлғасын табуға, әрбір 
мұғалімге өзіндік әдістемелік жүйесін құруға септігін тигізеді. Оқытудың нәтижелі болуы 
оны ұймдастыру әдістеріне және бастамашылдыққа жаңа педагогикалық инновациялық 
әдістемелікке байланысты. Өйткені, ХХІ ғасырдағы технологиялардың соншалық жылдам 
қарқынды дамуы адамзат өмірінде болып көрмеген шапшаңдықты талап етеді. Қазақстанның 
бұрынғы жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге көшуі, қоғамдық құрылыстың күрт 
өзгеруі білім беруді уақыт талабына сай үйлесімді құрып, оның әлемдік деңгейдегі мәжеге 
сәйкестікте оқытудың екі бағдарда өріс алуы. 
Дәстүрлі оқыту жүйесін модернизациялау. Оқыту үрдісіне инновациялық оқыту енгізу. 
Бұл жүйелерді таратып айтсақ, дәстүрлі оқыту жүйесін модернизациялау оқушыға берілетін 
білім мен игерілуге тиіс ұғым-түсінікті меңгеру, уақытқа үйлесімді жетілдіріп жаңа 
педагогикалық технологияға сәйкес дамыту. Иновациялық оқыту: оқушының мүмкіндігі мен 
шамасына қарай мәселенің байыбына барып, үлгі көрсетер өнегелеріне еліктеп, тағылымдық 
жолдарын қабылдау, оған шығармашылық тұрғыдан пайымдау жасауға үйрету. Сонымен 
қатар шығармашылдық ойлау мен бастамашыл іс-әрекеттегі саналылықты өрістетуге 
зерттеушілік тұрғыдан белсенділігін жетілдіріп, іс-әрекетке бейімділігін, қызығуын 
қалыптастыратын жол. Инновациялық оқытуда мұғалім көшбасшылық міндет атқарғанмен, 
жүзеге асырылатын істің бәрін өз қолына алмайды, менің айтқанымдай болсын деп 
қарамайды, әміршілік жолды ұсынбай режиссерлік міндет атқаруға бейімделеді. Теориялық, 
мазмұндық мәнді меңгеріп, шығармашылықты дамыту барысында мұғалім бағдар 
бергенімен, оған тікелей жетекшілік жасамайды, қайта қалым қалып, ретіне қарай қатардағы 
рөлді ойнайтын, шәкірттерімен тепе-тең құқықтығы серіктес болады. Сабақ барысында 
шығармашылық басқарушы рөлдерді бөлгенде, диалогте өмірдегідей нақтылыққа 
жақындауына мән береді. 
Инновациялық оқыту дәстүрлі дидактикамен қатарласа жүргенімен, оның өзіндік 
айырмашылықтарымен өзгешеліктеріне мән беруге тура келеді. Мәселен, оқытудағы 
ұстаным мектептегі оқыту бағдаламасында көрсетілген нұсқауды орындап, ондағы 
мағлұматтарды беру, оны қайталап пысықтап менгерту болса, инновациялық оқытудағы 
мақсат-іс-әрекет барысында оқушының қабілетін оятып, түрлі жағдай жасау арқылы 
олардың өзінше әрекеттенуіне бағдар беріп, шығармашылыққа талпындыру. Нақты 
айтқанда, оқушыға үнемі жол сілтемей, өзінше әрекеттене алуына бейімдеу. Мұның 
нәтижелік көрсеткіші сол оқушының білімді мағлұматты жәй ғана, бір сәттік тұрғыда 
қабылдап қана қоймай, саналы да тиянақты игеруіне ықпал ету. Жаңа педагогикалық 
технологиялар 
арқылы 
болашақ 
мұғалімдердің 
кәсіби 
бағыттылығын 
қалыптастыру,педагогикалық технологиялар және мұғалімнің шеберлігі. 
Қорыта келгенде оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды 
пайдалану сөзсіз білім сапасының артуына алып келеді. Сондықтан жаңа технологияны әрбір 
ұстаздың пайдалануы –өмір талабы. 


106 
106 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет