БАЛАЛАРДЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ХАЛЫҚ
ПЕДАГОГИКАСЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ
Нұрпейісова Эльмира Тойкеновна
Шет ауданы, Жарылғап батыр ауылы, Алтайбаев негізгі орта мектебі
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің міндеті –
ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке
адамды қалыптасыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті
108
108
жағдайлар жасау» деп атап көрсетілген. Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын,
тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін меңгерген мәдениетті, адами қасиеті мол шығармашылық
тұлға етіп тәрбиелеу – өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Жас ұрпақтың бойына ұлттық
құндылықтарды қалыптастыру үшін дәстүрлі тәрбие мәселелеріне тоқтала кеткеніміз жөн.
Ұрпақ тәрбиесі қай заманның қай қоғамның болмасын көкейкесті мәселесі. Дәстүрлі
тәрбие – жалпы халықтың дәстүрлі мәдениеті сияқты жазу-сызусыз, күнделікті тірліктің,
тұрмыс-салт пен әдет-ғұрыптың, халықтық дүниетаным мен табиғи жағдайлардың,
шаруашылықтың ерекшеліктеріне орай қалыптасып, өмір сүрудің, ұрпақ өсірудің машықтық
әдіс-тәсілі ретінде пайда болып өмір сүрді. Яғни, қай халықтың өмірінде болмасын дәстүрлі
тәрбие хатқа түскен ереже күйінде емес, практикалық негізде жұрттың этникалық жадында,
тіршілік қамы мен өмір салты қолданбалы түрде өмір сүрді. Оны ғылымда «халық
педагогикасы», «этнопедагогика», «дәстүрлі тәрбие», «балалар фольклоры» деп түрлі-түрлі
атап жүргенімен ғылыми сараның арнасы біреу. Дәстүрлі тәрбиені жоққа шығару мүмкін
емес, себебі халықтың тәрбие тәжірибесі жете зерттелмегенімен де, күнделікті халық
тұрмысында, әсіресе, отбасы тәрбиесінде оны айырбастайтын тәсіл жоқ, отбасы тәрбиесі
дәстүрлі тәрбиемен тамырлы байланыста, сондықтан оны халық жадынан өшіріп тастау
мүмкін емес. Ол стихиялы түрде болса да халықтың күнделікті тірлігінде өмір сүріп келеді.
Ауылдық жерлерде баланы бесіксіз, бесік жырынсыз, мәпелеу, алдарқату – бесік
жырларынсыз бағып-қағуды елестету мүмкін болмаса, оған педагог-ғалымдардың,
мамандардың назарларының түспеуі де соншалықты мүмкін емес еді.
Бүгінгі бала – ертеңгі келешектің кепілі. Балалар әлемінің күрделі табиғатын тану, оның
ғылыми үлгісін жасау қашан да адамзат алдындағы үлкен міндет болатыны да сондықтан.
Балалардың қоғамда алатын орны, олардың әлеуметтік мәртебесі, ересектермен қарым-
қатынасы, тәрбие тәсілдері, балалардың көркемөнердегі образы, олардың жас ерекшеліктері
жөніндегі халықтық ұғым, балиғатқа толу шарттары, әлеуметтік өмірге араласу жолдары,
балалардың рухани әлемі, олардың өздеріне ғана тән көркем мәдениеті, қызығушылық,
қабылдау, ойлау жүйесі т.б. толып жатқан қат-қабат мәселелер ғылымның сан-саласын
тоғыстыратын аса күрделі дүние. Дәстүрлі халық педагогикасында осы күрделі жүйелер аса
сәнді үйлесім тапқан.
Қазақ халқының дәстүрлі ұғымындағы балалар әлемі жөніндегі түсінікке, соған орай
орныққан әдет-ғұрып, тұрмыс-салтқа, тәрбиелік іс-әрекеттерге назар аударсақ, халық
тәжірибесінде қалыптасқан небір ұлағатты өнегелерді көруге болады. Мәселен, балаға деген
тәрбиелік қазақ халқында сәби дүниеге келмей-ақ жасала бастайды. Салиқалы ата-ана келіні
жүкті болсымен құрсақ тойын жасап, оны қатты қайырым жұмыстан босатып, түрлі ауру-
сырқаудан, психикалық залалдардан қорғаштап, сәбидің құрсақта кінаратсыз өсуіне
қамқорлық жасайды. Жас ананы ауыр жұмыстан босатып, тіл-көзден арашалап, дұрыс
тамақтануына жағдайлар туғызады. Бұл орайда, түрлі тиымдар мен ырымдардың, салт-
дәстүрлердің де өзіндік орны бар.
Сәби дүниеге келгеннен кейін қазақ жерден көтеріп алған адамға, кіндігін кесу салтына
да ыждаһатпен көңіл бөлген. «шілдехана», «бесікке салу», «ат қою», «қырқына шығару»,
«тұсау кесу», «сүндет той», «тіл ашар», «тоқым қағар» сияқты толып жатқан ырым-салттар
бұл мәселенің өзінше күрделі құрылым екендігін танытады.
Аяғы шығып, еңбегі қатып, тілі «р»-ға келген «ойын баласын» тәрбиелеудің ел ішіндегі
дәстүрлі де педагог-ғалымдар назарын аударуға тұрарлық қызықты да, қызғылықты дүние.
«Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»,
«Ұлым жақсы болсын десең, ұлы жақсымен, қызым жақсы болсын десең, қызы жақсымен
ауылдас бол» деп келетін мақал-мәтелдердің астарында сол тәрбиелік ұстамның қорытылған
тұжырымдық мән-мазмұны жатыр.
Төрт түлік малды тіршілігіне тірек еткен көшпелі халықтың тәрбие әлемінде де сол
негізді тұғыр еткендігі заңдылық десек, дәстүрлі бала тәрбиесіндегі еңбекке баулу
тәсілдерінің өзінен-ақ талай сыр ұғуға болады. Мысалға, аяғы шыққан,бала қозы-лақты
ермек етсе, есейе келе құлын мен ботаны, бұзауды маңалайды. Ал тай үйретіп міну – қазақ
109
109
баласының әжетке жарағандығының белгісі. Бір қарағанда машықтық қана мәні бар сияқты
көрінгенмен, осы әрекеттердің барлығында тәрбиенің үлкен мектебі жатыр. Бала еңбектің
әліппесін көзін ашқаннан үйреніп, оның не екендігін жан дүниесімен сезініп өспек, сондай-
ақ бүкіл жан-жануар, табиғат әлеміне деген сүйіспеншілік те бала көкейіне осы кезден
дариды. Табиғатпен етене, үйлесімді өмір сүру көшпенді өмір мен тәңір дінінің айнымас
қағидасы. Бұлақ көрсе көзін ашудан басталып, көшкен сайын жұртына дейін тазалап кететін
табиғат анаға деген құрметтен тұратын көшпелі өмір салтының экологиялық ұстанымдарын
бала жастай көріп, өзі араласа жүріп көңіліне тоқиды. Мейірімділік пен имандылықтың да
алғашқы ұрығы бала жүрегіне осылайша біртіндеп сіңіріледі. «қошақаныңа тиме, ол да
өзіңдей сәби ғой, обал болады», «көк шөпті жұлма, көктей соласың» немесе «күшігіңе
тамақты өз қолыңмен бер, сауап болады» деп келетін ата-аналар сөзінде халық санасында
жылдар бойы қалыптасқан философиялық ұстам жатыр.
XXI ғасыр біздің алдымызға үлкен мәселелерді қойып отыр, яғни дәстүрлі тәрбие
немесе халықтық педагогика арқылы баланың рухани-адамгершілік құндылықтарын
қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Балаларды салт-дәстүр
мен қазақ халқының мәдениетіне жақындату арқылы біз балалардың қазақ халқының ұлттық
мәдениеті туралы білімдерін ғана толықтырып қоймай, оған қоса қоғам құндылықтарына
деген көзқарастарын да қалыптастырамыз.
Осы құндылықтарды бала бойына сіңіру жолдарының бірі – ұлттық салт-дәстүрлерді
ойын арқылы балаға жеткізу. «Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Атқа мінгізу», «Тілашар той»,
«Қазақи қонақжайлық», «Киіз үймен танысу», «Тұрмыстық заттарды суреттеу» сияқты
«салт-дәстүрлі ойындар» қазақтың ұлттық мәдениетін тануға, отбасы құндылықтарын сезіне
білуге үйретеді. Жалпы бұл ойынның мақсаты халық педагогикасы арқылы жас ұрпақ
бойына рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастыру. Ойын барысында көркем сөз де, өлең
де, тақпақ та, мақал-мәтелдерде және басқа да ауызекі сөйлеу тілі де қолданылады. Ал бұл
мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ халқы мәдениеті мен салт-дәстүрін таныстыруда
және мемлекеттік тілді үйретуде нәтижелі жұмыстардың бірі болмақ. Атап айтсақ, «бесікке
салу» дәстүрінде әжемен бірге балалардың «бесік жырын» айтуы.
Әлди, күнім, жылама,
Көздің жасын бұлама.
Ұят болар жылаған,
Сендей ерке балаға.
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылағаны қатты екен,
Ұйқысы да тәтті екен.
Немесе «тұсау кесу жырына» қосылуы:
Қаз-қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам,
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Қаз-қаз балам, қаз балам,
Тақымыңды жаз балам.
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық.
«Жақсы ат жанға серік», «Тай атқа жеткізер, ат мұратқа жеткізер», «Ат шаппайды, бап
шабады» деген мақал-мәтелдер «атқа мінгізу» ойынында айтылса, «Құтты қонақ келсе, қой
егіз табады», «Қонақ атаңнан да ұлы» сияқты мақал-мәтелдер «қазақи қонақжайлық»
ойынында, «Оқу білім бұлағы», «Білім - ер азығы» деген мақал-мәтелдер «тілашар той» салт-
дәстүрлі ойындарында қолданылады.
Дәстүрлі тәрбие мақсаты – ұлттық құндылықтарды көркейтіп, жалпыадамзаттың
бүгіні мен келешегіне қызмет ету. Қай мемлекеттің болмасын іргетасы, жарқын болашағы –
110
110
оның ұрпағы. Елдің тілінің, туған жерінің, салт-дәстүрінің, қадір-қасиетінің артуы – сол жас
жеткіншектердің сана-сезімі, түйсік жетесіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |