117
117
тәрбиелеп қоймайды, оныц ақыл-ойының толысуына, жан дүниенің қалыптасуына, eceйіп
ecyiнe де пайдасын тигізеді.
Заман талабына сай әр тәрбиеші өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық
ізденіспен өткізеді. Білім беру субъектісі ретінде баланы қалай дамытамын? Не арқылы
дамытамын? деген сұрақ туындады. Әрі білім беру құрлымында жаңа технологиялар өмірге
келді. Сол технологиялардың бірі - ойын технологияларын сабақтарда тиімді пайдалана
бастадым.
Оқу үрдістерінде ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне
сәйкес түрлендіріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді
тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы
ретінде пайдаланамын. Бала тек ойын ойнап қана қоймай, осы ойын арқылы білім алып, жан-
жақты тұлға дамиды.
В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы
да жоқ.» және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе
icпетті, ол арқылы баланың рухани ceзімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние
туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз-ұшқын, білімге құмарлық пен іліктеудің маздап жанар
оты.
Ұлы педагог А.С. Макаренко ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған
мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырады. Ойын
баланың өмipiн қызыққа, қуанышқа бөлеуін камтамасыз eту үшін ол балалардың ойынға
деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді- деп қарастырады. Ойын да халық
педагогикасының құрамды бip бөлігі. Адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына
ceгізінші eтiп, осы ойынның аталып жүруі де жайдан-жай емес. Ұлттық ойындар халықтың
элеуметтік- экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ, халқының
ұлттык, ойындарымен таныса отырып, көзімізден әбден жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: