124
124
Табиғат — сұлулықтың өмір-бақи таусылмас қайнар көзі. Сондықтан ол тәрбие берудің
ең маңызды құралдарының бірі болып саналады. Баланың бойына игілік пен ізгілікті
дарытушы табиғатты қорғау сезіміне тәрбиелеу туралы ғұлама ғалым К.Д.Ушинскийдің
«Табиғат дауыс — дыбысын, үнін ата-аналар да, қоғам да, тәрбиешілер де, заң шығарушылар
да көңіл қойып тыңдауы тиіс. Табиғатпен егесу, зиян келтіру жақсылыққа апармайды, адамға
тек оның заңдылықтарын білу және оның табиғи күшін пайдалану ғана қалды» дегеніне
құлақ асатын мерзім әлдеқашан жетті. Сондықтан да «жер тағдыры — ел тағдыры» екеніне
тереңнен мән беріп, ата-бабаларымыздың атамекен, туған жер топырағы туралы
түсініктеріне, таным-талғамдарына ой жүгіртуге, табиғатты көздің қарашығындай сақтап,
аялауға тиіспіз.
Балаларды экологиялық тәрбиеге баулудың міндеті — қажеттіліктің алғышарттарын
балалық шақтан бастап қалыптастыру. Бұл міндеттер отбасынан бастау алып, ата-аналардың
өз педагогикалық білімдерін заман талабына сай жетілдіруімен шешіледі.
Нарықтық
қатынастар
тұсындағы
әлеуметтік
жағдайдың,
ата-аналардың
педагогикалық білімін жетілдіріп отырудағы мүмкіндіктерінің төмендігі бала тәрбиесінде
біршама қиындықтар туғызары сөзсіз. Бұлай екен деп қол қусырып отыруға әсте болмайды.
Бұл тұста ата-аналарға бағыт беріп, ынтымақтастықта әрекет ету тәрбиешілердің үлесінде
екені даусыз.
Бала тәрбиесінің алтын бесігі — отбасы. Отбасы — бала үшін өмір мектебі. Ата-ана —
баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Ата-ананың басты борышы — баласын дұрыс
тәрбиелеп өсіру және оны жақсылыққа, адалдыққа, тазалыққа т.б. адами игі қасиеттерге
үйрету. Балалардың болашағы ата- аналардың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне
байланысты болады. Сондықтан, ата-ана баласын еңбекқор, еліне жанашыр, елінің қамқор
азаматы етіп тәрбиелеуге міндетті. Әсерлеп айтқанда, әуелі отбасында тамыры бітеді де,
бұталары да, гүлдері де, жемісі де содан өсіп-өнеді. Педагогикалық тәрбие отбасындағы осы
тәлім тазалығына негізделіп қалыптасады.
Экология ғылымы — табиғат қорғау ғылымының негізі, бастау бұлағы. Табиғат қорғау
ғылымын, оның қағидаларын, заңдарын сақтап, табиғатты өмірлік қажеттілігімізге
пайдалануда міндетті түрде орындау — мәңгілік баянды өмір сүру негізі. Табиғат сырын
жан-жақты білуге ұмтылу, оның қорларын қажетіне пайдалану — адам баласының қанына
сіңген қасиет. Бұл қасиетсіз адамның өмір сүруі мүмкін емес. Ендігі мақсат — осы қасиеттің
барлығын жер басып жүрген әрбір адамның саналы түрде түсінуіне, оны нәтижелі түрде
өмірде пайдалануына көмектесу. Бұл мақсаттың орындалуы әрбір азаматтың табиғат қорғау
тәрбиесін қаншалықты білетіндігімен тікелей байланысты. Ол жұмысты орындау ата-ананың
міндеті болып саналады.
Отбасылық экологиялық тәрбиеге арналған материалдарды оқып, танысу өте маңызды.
Оған ойындар, оның ішінде дәстүрлі құндылықтарға, мәдени дәстүрлерге, ұрпақтар
арасында тәжірибемен бөлісуге қызығушылық танытатын ойындар, компьютерлік танымдық
ойындар, балаларға арналған әдебиет пен бейнематериалдар оқып беру және көру, танысу
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: