«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


э кологиялық білім беру мен экологиялық



Pdf көрінісі
бет56/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

э
кологиялық білім беру мен экологиялық
 
мәдениетті дамытудағы маңызды қадам екенін сезіндіру арқылы ата-аналардың 
белсенділігін арттыру. 
4.
Қоршаған ортаға деген жанашырлық пен жауапкершілікті сезіндіру мақсатында 
балабақшада ата-аналармен істелетін жұмыс түрлерін молайту. 
5.
Ата-аналарға пайдалы кеңестер ұсыну, басқа ата-анамен пікір алмасу арқылы 
э
кологиялық білім беру мен экологиялық
 
мәдениет жайлы білімдерін толықтыруға ықпал 
ету. 
6.
Ата-анамен байланыс арқылы отбасы өмірінің сапасын, оның мүшелерінің 
денсаулығы және амандығын бағалауда балабақша ролін сезіндіру, жағымды пікір туғызу. 
7.
Табиғат нысандарына және әлемнің жасанды заттарына саналы түрде ұқыпты 
қарауға тәрбиелеуді, экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыруды ата-анамен бірлесіп 
атқару. 
8.
Балаларды қоғамдық пайдалы еңбекке, отбасының жасы үлкен мүшелеріне 
көмектесуге, үй жануарлары мен өсімдіктерді күтуге жұмылдыру. 
9.
Жас ерекшеліктеріне сәйкес, балабақшада тиімді технология мен тәрбие моделі 
жүйесін қамтамасыз етудің интеграциялау, экологияландыру үлгілеріне ата-аналардың өз 
үлесін қосуын қамтамасыз ету. 
10.
Педагогтар мен ата-аналарға экологиялық білім беру мен оқытудың кешенді 
бағдарламасын жасап, жүйелі түрде оқытуды ұйымдастыру. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1 А.Т.Қуатбаев. Жалпы экология//Экологиялық тәрбие және білім беру. Алматы,2008ж. 
2 Дерябо С.Д. Экологическая педагогика и психология//Феникс, 1996.
3 Ж.Ж.Жатқанбаев. Экологиялық білім және тәрбие беру балаларға танымды 
қызығушылығын қалыптастырудың басты көрсеткіші//Алматы,2003ж.
БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ 
 
Адамбекова Маржанкул Шакеновна 
№114 «Бақыт» балабақшасы КМҚК 
 
Мектепке дейінгі мекемелердің маңызды міндеттері баланы жан-жақты гармониялық 
дамыту және тәрбиелеу, оларды мектепке оқуға дайындау болып табылады.


126 
126 
Психологияның заманауи даму кезеңінде мектепке психологиялық дайындық баланың 
психологиялық сапасының даму деңгейін көрсететін жалпы сипаттамасы ретінде 
қарастырылады.
Психологиялық сөздікте «мектепке даярлық» түсінігі мектепке дейінгі ересек жастағы 
баланың жүйелі түрде оқуға ойдағыдай ауысуын қамтамасыз ететін морфофизиологиялық 
ерекшеліктерінің жиынтығы ретінде қарастырылады.
Әр елдің ғалымдарының көзқарастары бойынша баланың мектепке дайындығы ең 
алдымен жалпы дайындығы ретінде қарастырылуы керек, оған дене дайындығы, жеке 
тұлғалық дайындық және интеллектуалдық дайындық жатады.
Физикалық (дене) дайындық
– бұл бала денсаулығының жай-күйі, баланың ағзасының 
морфофункционалды жетілуінің белгілі бір деңгейі, қимыл-қозғалыс дағдылары мен 
сапасының қажетті деңгейі, ұсақ моторикасының ерекшеліктері, дене және ақыл-ой 
қаблеттілігі. Физикалық дайындық баланың мектепте жақсы оқуының кепілі: оқу еңбегі 
баладан мықты денсаулықты, төзімділікті, ақыл-ой және психикалық жүктемені талап етеді. 
Сондықтан баланың дене тәрбиесін нығайту кешенді түрде жүргізуге көп көңіл бөліп, 
шынықтыру шараларының сан алуан түрін қолданған дұрыс.
Жеке тұлғалық дайындық
– бұл мінез-құлықтың белгілі бір деңгейдегі ырықтылығы, 
қарым-қатынас дағдысының, өзін-өзі бағалауының, оқу дағдысының (танымдық және 
әлеуметтік) қалыптасқандығы, белсенділігі, инициативтілігі, дербестігі, басқаны тыңдай 
және ести білуі, олармен өз әрекетін келістіруі, орнатылған ережеге бағынуы, топпен жұмыс 
жасауы.
Интеллектуалдық дайындық
– бұл ана тілін және сөйлеудің негізгі түрлерін (диалог, 
монолог) меңгеруі, бейнелік ойлаудың, қиялдың және шығармашылықтың, сөздік-логикалық 
ойлау негіздерінің дамуы, балалар әрекетінің ішіндегі оқу әрекеті элементтерін (құрастыру, 
сурет салу, жапсыру, әртүрлі ойындар) меңгеруі, жалпы әрекет арасынан міндеттерді 
ажырата білу, танымдық міндеттерді шешу жолдарын білуі, қарапайым ой-өрісінің жетілуі 
(адам, табиғат, заттар әлемі туралы түсінік).
В.С. Мухина мектепке дайындық бұл – баланың әлеуметтік жетілуі нәтижесінде 
туындайтын оқуға деген қажеттілік пен құштарлық деп атап көрсетеді.
Д.Б.Элькониннің айтуы бойынша баланың мектепке дайындығы әлеуметтік ережелерді 
«бұру», яғни үлкен мен бала арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастардың жүйесі.
Дене тәрбиесінің маңызды міндеттерінің бірі – баланың жүйке жүйесін сақтау. 
Балабақшаға әртүрлі балалар келеді – салмақты, тез ашуланғыш, тез тіл табысқыш, тұйық 
т.б. Бұның бәрі көбінесе баланың эмоционалдық жай-күйін және үлкендер мен 
құрдастарымен қарым-қатынасын айқындайды. Жүйке жүйесінің шамадан тыс қозғыштығы 
ең алдымен баланың өзіне кері әсер етеді. Құрдастарымен қарым-қатынасы дұрыс 
қалыптаспайды бірлескен ойын барысында көпшіліктің ойымен санаспайды, сабақта тыныш 
отыра алмайды.
Мектепке барғанда баланың өмір сүру салты өзгереді, айналасындағы адамдармен 
қарым-қатынас жасаудың жаңа жүйесі қалыптасады, жаңа міндеттер пайда болады, әрекеттің 
жаңа түрлері пайда болады. Мектепке дейінгі кезеңде баланың ең басты әрекеті ойын болса, 
енді оны оқу әрекеті алмастырады. Жаңа өмір сүру салтына дайындалу, әрекеттің жаңа 
түрлерін жүзеге асыру, мектеп міндеттерін ойдағыдай орындау үшін баланы мектепке 
дейінгі кезеңнің соңында физикалық және психикалық дамудың белгілі бір деңгейіне 
жететіндей тәрбиелеу керек. Мектепке дейінгі кезеңде баланы мектепке дайындауда оның 
денсаулығын нығайту, еңбекке қабілеттілігін көтеру, ойлауын және білім құмарлығын 
дамыту, белгілі бір ырықты адамгершілік сапасын тәрбиелеу, оқу әрекетінің элементтерін 
қалыптастыру: оқу міндеттерін шешуге көңіл бөлу, мұғалімнің нұсқауымен жүру, 
тапсырмаларды орындау барысында өз әрекетін қадағалай білу маңызды.
Соңғы жылдары шетелдерде мектепке даярлық мәселесіне көп көңіл бөле бастады. Бұл 
мәселені шешу барысында Я.Йерасек айтуы бойынша: бір жағынан теориялық құрылым, 
екінші жағынан практикалық тәжірибе сәйкес келеді. Зерттеудің ерекшелігі бұл мәселенің 


127 
127 
негізінде баланың интеллектуалды мүмкіндіктері тұр. Бұл баланың ойлау, есте сақтау, 
қабылдау және т.б. психикалық процестерде дамуын көрсететін тесттерде көрініс табады.
Балалардың мектепке деген көзқарасын және мектепке үрейлілік деңгейін анықтауға 
арналған «Мектеп суреті» әдістемесін өткіздім. Тест өткізу үшін балаға стандарт таза ақ 
қағаз, түрлі-түсті қарындаштар беріп «мектептің суретін сал» деп өтініш жасалды. Бала 
жұмысты аяқтаған соң онымен әңгіме жүргізіп, салған суреті бойынша деректерді 
нақтылауға болады. Баланың мектепке эмоционалдық қатынасы үш көрсеткіш бойынша 
бағаланады: түстерді таңдауы; суреттің сипаты және сызықтары; суреттің сюжеті. Тестің 
қорытындысы бойынша балалардың мектепке деген көзқарасы жақсы және мектепке 
үрейлілік деңгейін анықталған жоқ. Балалардың мектепке, оқуға деген көзқарасы 
эмоционалды жағымды жағдайда, оқу міндеттерін орындауға және мұғаліммен өзара 
байланысқа дайын екендіктерін көрсетті. Орта деңгей көрсеткен балаларда аздап мектептегі 
оқуға, таныс емес ортаға алаңдаушылық байқалды, сондықтан олардың мектепке, оқу 
әрекетіне деген білімдерін кеңейту жұмыстарын жүргізу керек деген шешімге келдім.
Балалардың мектепке, оқуға дайындығын анықтау мақсатында ересек топтармен Керн 
–Йерасек әдістемесі бойынша тест өткіздім. Мектепке дайын төмен көрсеткіш көрсеткен 
бала болған жоқ.
62
38
0
72,5
27,5
0
85,3
14,7
0
0
10
20
30
40
50
60
70
80
90
ортадан жоғары
орта
төмен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет