«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет61/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

1) ... байлық, 2) ... алдық, 3) ... құстарға, 4) ... қалдық
2. Мәтін құрастыру 
Шығармашылық жұмыстың бұл түрі алғашқыда сурет бойынша әңгіме құрастыру 
арқылы ұйымдастырылады. Мұндай жұмыстарда көзделетін негізгі мақсат – оқушыларды 
көркем тілмен сөйлеуге үйрету.
Әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастырылған мұндай жұмыстар оқу іс-әрекеттері 
арқылы педагогикалық үдерістің қарама-қайшылақтарын шешуге, яғни әрбір оқушының 
шығармашылық мүмкіндігінің дамуында, жеке тұлға ретіндегі дербестігінің сапалық 
қасиеттерінің қалыптауына негіз болады деп есептейміз.
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Нұржанқызы Ж. «Сабақ барысында оқушыларға даралап-саралап қатынас жасау»
//Ұлағат 2002ж. №1.
2.Өмірбаева Қ. «Деңгейлік тапсырмалар», Ақтөбе, 2001 ж. 
3. Оңайбаева Ж. Деңгейлік оқыту технологиясы //Сынып жетекшісі-2007 №5,. 


137 
137 
БАСТАУЫШ 
СЫНЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКИОНАЛДЫҚ 
САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТИІМДІ ӘДІСТЕР 
 
Сыздықова З.С. 
Қарағанды облысы, Шет ауданы,
Ақадыр кенті «Ю.А.Гагарин атындағы мектеп-лицей» 
Бастауыш сынып мұғалімі 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Балаларымыздың жалпы 
барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. 
Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болу үшін бұл аса маңызды» деп атап көрсетті. 
Қазіргі заманның осындай ерекше талабын орындау да өзінің өткір ой – өрісімен, шабытты 
шығармашылығы мен ордалы білім мекемесінің мақтауға да, мақтануға да лайық ұстаздар 
қауымы талмай еңбек ете бермек.
TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулер аясында бастауыш сынып оқушыларының 
функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.
Функционалдық сауаттылықты дамудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында 
білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық 
көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан 
Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын 
қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз 
ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің 
жаңа саяси бағыты Жолдауында «Бесекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз 
сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылығы 
жеткіліксіз болып қалғаны қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және 
ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ 
балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да 
зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса 
маңызды» деп атап көрсеткен болатын.
«Функционалдық сауаттылық» ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО 
құжаттарында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді. Функционалдық сауаттылық-
білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі 
әлемге функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік, мәдени, саяси және 
экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал 
ететін базалық фактор.
Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді 
түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға 
келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті олар әр түрлі жағдайда 
кездескен бланкіні толтыра алмай, ондағы ақпараттың мәнісін түсіне алмапты. Бір 
қызығы,олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін 
білмейтін болып шыққан. Соның салдарынан жұмыссыздық, өндірістегі апат, жазатайым 
оқиғалар, жарақат алулар көбейіп кеткен. Жалпы, барлық зерттеушлердің болжамы бойынша 
адамдардың сауатсыздық деңгейінің төмендеуі, оларға дұрыс білім беріп, тиянақты 
оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді. Сақтанбау, ұқыпсыздық, 
байқаусыздық, апаттар : мұның бәрі ережені дұрыс оқымағандықтан, түсінбегендіктен, 
санаға сіңірмегендіктен орын алып отыр.
Қазақ маманы С.Раевтың ойынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап 
жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі 


138 
138 
аралықта пайда болады. Яғни, үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, 
оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымаса тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені. 
Ғалымдардың айтуынша, 8-сыныптан бастап оқушылардың 60 пайызының өз бетімен жазып-
оқуға деген ынтасы жоғалады екен. Тіпті түлектердің үштен бірінің оқуға мүлдем құлқы 
болмайтын көрінеді. Елбасы дұрыс айтады, «білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, 
оны керiсiнше, әлеуметтiк адаптация процесіне бейiмдеу қажет». 
Қазақ тілінің түсіндерме сөздігінде: «фукционалды ұғымы бір нәрсенің құрылысы, 
құрамынан емес, қызметінен болатын, соның әрекетіне байланысты болады» – деп сипаттама 
беріледі. Бұдан «функция» категориясы белгілі бір заттың атқаратын қызметіне немесе іс-
әрекетіне қатысты айтылатыны танылады. Мысалы: ақпарат құралдарының функциясы – 
халыққа ақпарат тарату. Ал «функция» ұғымы адамға қатысты айтылғанда, оның іс-әрекетіне 
байланысты қарастырылады. Жоғарыда сауаттылық адамның білімділігіне қатысты ұғым 
екені нақтыланды. Яғни, «функционалдық сауаттылық» белгілі бір кезеңге сай субьектінің 
алған білімі мен білігі негізінде сауатты іс-әрекет ете алуы деген мағынаны білдіреді. 
Сонымен, функционалдық сауаттылық дегеніміз не? 
Функционалдық сауаттылығы дегеніміз-адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және 
экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман 
ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі 
білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан 
Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын 
қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. 
Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар: 
-белсенділік
-шығармашылық тұрғыда ойлау 
-шешім қабылдай алу 
-өз кәсібін дұрыс таңдай алу 
-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. 
Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Функционалдық 
сауаттылықты 
дамытудың 
жалпы 
бағдары 
2011-2020 
жылының 
мемлекеттік 
бағдарламасында айқын көрсетілген. Және де Елбасы 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан 
халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту 
мақсатында бес жылдық ұлттық жоспар қабылданғаны баршамызға белгілі. Ұлттық 
жоспардың мақсаты - Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың 
функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі 
мен тұтастығын қамтамассыз ету болып табылады. 
Педагогикалық 
технологиялар 
білім 
беру
жүйесіндегі идеялар мен көзқарастарды біліктілікті арттыру курстарында орынды 
қолдану оқу үдерісін нәтижелі етеді және педагогтардың кәсіби дайындық сапасын 
көтеруге мүмкіндік береді.Бүгінгі таңда кәсіби құзыретті мұғалімдерге қойылатын талаптар 
қазіргі қоғам қажеттілігінен туындайды.Функционалдық сауаттылығын қалыптастыру – 
жеке шығармашылық қабілетті дамытуды, педагогикалық инновацияларды дұрыс 
қабылдауды, күнделікті өзгеріп жататын педагогикалық ортаға тез бейімделуді қажет етеді. 
Мұғалімнің 
функционалдық 
сауаттылығын 
қалыптастыруда 
педагогикалық 
практиканың маңызы зор. Осы педагогикалық практика нәтижесінде олардың 
шығармашылық және педагогикалық құбылыстарын зерттеуге деген қабілеті дамиды, 
педагогикалық шеберліктерінің негіздері қаланады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Бүгінгі заман – білектің емес, білімнің заманы дегенін 
ескерсек, заман талабына сай дайындалған мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім 
мен саналы тәрбие алған шәкіртінде болмақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет