152
152
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЕСІ
Мусаева Г.О., бастауыш сынып мұғалімі
№16 ЖББ ОМ, Қарағанды қаласы
Бүгінгі мұғалімдердің басты міндеттердің бірі – білім беру жүйесін жаңарту болып
саналады. Бастауыш сынып оқушылары үшін ең беделді адам-ол өзінің ұстазы. Оқушылар әр
пәннен алатын білімдерін мұғалім арқылы қабылдайды. Бастауыш мектепте оқыту мазмұнын
жаңарту жұмыстары бағдарламаға сай жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа
мүмкіндіктері ашылды. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздардан үлкен
жауапкершілікті талап етеді. Қоғамның дамуы келешек ұрпаққа білім беруші мұғалімнің
біліктілігіне тікелей байланысты. Осыған байланысты оқушылар арасында өзара түсіністік
және
ұжымдық
қарым-қатынасты
орнатып,
оқушылардың
сенімсіздіктерін
жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау болып табылады.
Кез-
келген мұғалім критериалдық бағалауды қолданбас бұрын оның өзіне тән терминологиясын
толық меңгерген жөн.
Балалардың білім сапасын арттыруда мұғалім бала дамуының мынадай негізгі
белгілерін: дербестігін, проблемалық ситуация, шығармашылық таным әрекетін,
диалектикалық ойлауы т.б. қадағалап, балалармен жеке — дара жұмыстар жүргізеді. Білімнің
жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет – ақ. Жаңалықты меңгеру мен
жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі.
Сондай педагогикалық технологиялардың бірі — оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан
ойлауды дамыту.
Сын тұрғысынан ойлау — өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп,
талдау жасап отыру. Бала санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын
тұжырымдау, қасындағы балалармен пікірлесу, топтасу. Сын тұрғысынан ойлау – сынау
емес, шыңдалған ойлау. Жас балалардың да бұл жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда
өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологияларда баршылық. Соның бірі
— критериалды бағалау жолдары. Біз бұл бағалау жолын сын тұрғысынан ойлау
технологиясы арқылы жүзеге асыра аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: