58
Казактардың патша үкiметiнiң әкiмшiлiгiне шын
берiле адал қыз мет етуi үшiн оларға ең таңдаулы құнарлы
жерлер бөлiндi. Казактар ға бөлiнетiн жер телiмi Ресей-
ден қоныс аударып келген шаруалардың жер телiмiнен
әлдеқайда артық болды. Казактардың сонымен қатар тұз кәсiпшi лiк терiн,
орман дарды, өзендер мен көлдердi пайдалануға да ерекше құқықтары
болды.
Казактар әскери қызметке өз қару-жара ғымен, киiм-кеше гiмен, азық-
түлiгiмен, өз аты мен шығатын.
1835
жылға дейiн казактар әске ри қызметтi
өмiр бойы жалдану тәртiбiмен атқаратын. Ке-
йiнiрек Ресей империясындағы барлық казак-
тар үшiн әскери қызмет мерзiмi 30 жыл болып
белгiлендi.
ХIХ ғасырдың орта кезiндегi соғыс уақыт-
тарында Ресей казактары 160
мыңға дейiн
жа уынгер жасақтай алатын. Казактар қатары
олардың табиғи өсуi есебiнен ғана емес, сонымен
қатар бұл топқа орыс шаруаларын қабылдау
арқылы да арта түс тi. Казактардың әсiресе Сiбiр
казактарының құрамы тұтқынға түс кен швед, француз, поляктардың
есебiнен де толығып отырды. Ка зак тардың қатарына орыс емес халық-
тардың өкiлдерi – татар, баш құрт және қалмақтар да қабылданды.
Казактар мен қазақтардың арасындағы қарым-қатынас әртүрлi қа-
лыптасты. Бiр жағынан, олардың арасында тауар алмасу кеңiнен өрiс алды,
тiл және мәдениет саласында жақындасу нығая түстi, ал екiншi жағынан,
өзара әскери қақтығыстар жиi-жиi болып тұрды.
Ондай шиеленiстi
оқиғалардың негiзгi себебi жер дауына байланыс ты күрес едi. Бұл жағдай
қазақтардың казак бекiнiс қамалда ры мен станицаларына шабуыл жасап
тұруына себеп болды. Өз кезе гiн де казактар да жазалау экспедициялары
құрамында қазақ ауылда рына шабуыл жасап жүрдi. Жайық, Орынбор,
Сiбiр және Жетiсу ка зак тарының әскерлерi қазақ халқының ұлт-азаттық
көтерiлiстерiн аяусыз басып-жаншуға белсене қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: