54
5 . Әралуан ағаш, өсімдіктің беретін жемісі сол ағаш немесе
өсімдіктің атауымен белгіленеді. Мысалы,
екі түп алма ектім; қып-
қызыл алманың дәмі де сондай тәтті екен.
Немесе,
қауын гүлдеді,
қауындар көгере бастады, қауын тамырынан өседі.
Бұл
мысалдардың бәрінде де қауын сөзі өсімдік мағынасын береді. Ал
мына сияқты мысалдарда жеміс мағынасын білдіреді. Мысалы:
Қонаққа жұмсақ нан мен қауын ұсындым.
Сондай-ақ
бидай егілді
және
мен бидай қуырдым. Орта Азияда мақта көп өседі
және
бүгін дәріханадан бір бума мақта алдым.
6 . Лингвистикалық синекдоханың түрлерінің бірі көпше
түрдің орнына жекеше түрді қолдану: Мысалы,
Қымбатшылық
қазаққа әсіресе ауыр тиіп тұр.
Полисемия жасаудың келесі бір түрі – қызмет бірлігі
тәсілі. Қоғам өмірінде ғылым мен техниканың,
экономиканың
дамуы барысында көптеген зат, процестер қандай да бір екінші
зат, процестермен қызмет бірлігі жағынан байланысқандықтан,
олардың атауын алады. Сөздердің қызмет бірлігіне қарай
ауысуы ішкі және сыртқы
ұқсастықтарына негізделмейді, тек
қана қызмет ұқсастығына, бірлігіне негізділеді. Сондықтан да
қызмет бірлігіне карай полисемияның жасалуы метафора,
метонимия, синекдоха тәсілдерінен өзгеше. Уақыт өткен сайын
адам баласы белгілі бір заттың небір жаңа түрлерін, жаңа
үлгілерін жасап отырады. Ол затардың
арасында бір жұмысты
атқаруы жағынан ортақтық, ұқсастық болуы мүмкін. Бір заттың
қызметі екінші біреуінің қызметімен ортақ (ұқсас) болған
жағдайда, соңғысы біріншісінің атауын алады да екеуі бір
атаумен аталады. Зат (нәрсе, әрекет, құбылыс) тұлға, түс, түр,
көлемі жағынан әр түрлі болуы мүмкін, тіпті оларды жасайтын
материал да түрлі-түрлі болады,
бірақ олар бірдей қызмет
атқарады. Қызмет бірлігін
үй
сөзінің мағынасымен көрсетуге
болады. Бұл сөз қазақ тілінде бұрыннан бар сөз. Алғашқыда
қара шаңырақ «кереге, уық, шаңырақ т.б. тұратын киіз үй»
түрінде пайда болып, «ақ үй, төрт қанатты үй» т.с.с. деп
айтылатын еді. Кейін балшықтан соғылатын үйді белгіледі.
Қазір кірпіш, бетоннан жасалынған көп қабатты үйді білдіреді.
Сондай-ақ бұл сөз тек қана «тұрғын үй, пәтер, тұрақ, жатақты»
білдіріп қоймай, сонымен бірге «мекен, орын, баспана» деген де
мағына береді. Бұл мағыналар қызмет бірлігі жағынан біріккен.
Сондай-ақ
төсек
деген сөзбен қазақтар «ұйықтауға, тынығуға
55
арналған көрпе, жастық, төсеніштен тұратын орынды» айтатын.
Кейіннен
темірден, ағаштан арнайы жасалған затты да осы
қызметті атқаруына байланысты төсек деп атайтын болдық.
Жол
сөзінің де бірнеше мағынасы бар. Ол қозғалыс болатын
жер деген қызмет бірлігіне қарай бір ғана атаумен аталады.
Мәселен,
сүр жол, соқпақ жол, тротуар, машина жүретін
жол, әуе жолы, су-құбыры жолдары т.б.
Қызмет бірлігі тәсіліне
шатыр
сөзі де мысал бола алады.
1.
Үйдің am жалданып келген төбесі
немесе
көп қабатты үйлердің ең
үстіңгі қабатына қар, жаңбыр суларын жібермес үшін арнайы
материалдар төсеп жабатын бөлігі. 2. Жаңбырдан қорғану үшін
жасалған адам төбесіне ұстайтын қалқасы бар қолшатыр.
Сонымен,
сөз
мағынасының
функционалды
тәсіл
бойынша ауысуы, сөз жоқ, халықтың жағдай-тұрмысын, өскен
мәдениетін, техникалық және ғылыми жетістіктерін көрсетеді.
В.В.Виноградов өзінің сөз мағынасы жөніндегі еңбектерінде:
«причина появления новых слов и новых значений старых слов по
большей части заключается в изменениях общественной жизни, в
развитии производства и других областей человеческой
деятельности, а также в развитии мышления»,
- деп көрсетеді
[39, 193].
Сөз мағынасы біркелкі емес әр алуан болады. Бірнеше түрлі
мағыналарды білдіретін көп мағыналы сөздердің мағыналарының
арақатынасы, бір-бірімен байланысы бірдей болмайды. Олардың
кейбіреулерінің мағыналары өзара жақын туыстас, төркіндес
мағыналар болса, екінші біреулерінің арасында ондай жақындық
болмайды. Жалпы, сөздер тек контексте ғана емес, тілдік жүйеде де
өзара байланыста болады. Егер сөз
мағынасы контексте өзінің
айналасындағы сөздермен байланысып, оларға әсер етіп, оларға
байланысты болса, ал тілдік жүйеде сөздер әр түрлі әдіспен топтауға
болатын белгілі бір сөздер тобын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: