Оразбаев Қ. И. О-65 Жалпы топырақтану



Pdf көрінісі
бет89/113
Дата28.09.2023
өлшемі2,94 Mb.
#182873
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   113
Байланысты:
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

Топырақ түзуші жыныстар.
Қаратопырақтар қалыпта-
сатын аналық жыныстар неше түрлі. Батыс Сібірде ең көп та-
раған жыныс түрлері. Лесс тәрізді балшықтар мен шығу тегі 
аллювиальді және кей бөлігі делювиальді болып келетін 
сазбалшықтар. Көп жағдайда аналық жыныстар ретінде көне тау 
жыныстарын кездестіруге болады. Мысалы, шөгінді жыныс-
тардан − мергельді балшықтар, әктастар, құмдар, бор. 
Қаратопырақты зонаның топырақ түзуші жыныстарының 
көп бөлігі кальций мен магний карбонаттарына бай, яғни қара-
топырақ негізі карбонатты аналық жыныстарда қалыптасады, ол 
бұл топырақтар түзілуінде орын алады. Қаратопырақты зонаның 
жер бедері тегіс жазықты немесе шамалы толқынды жазықтар 


мен су айырықтарынан, көбінесе эрозияланған қыраттардан тұ-
рады. Қаратопырақты зонаның бірталай бөлігінде жазғы нөсер-
лер мен көктемгі қар суы ағуынан және бұрын жаппай жүйесіз 
жер жыртқанның нәтижесінен пайда болған жыралар көптеп 
кездеседі. 10 км немесе одан да көпке созылған жыралар мен 
өзектер қасындағы жерлерді құрғатады және кептіреді. Дала 
және орманды даланың жер бедерлерінде сайлар мен ойпаңдар 
да жиі кездеседі. Қаратопырақтар жыл сайын қурағаннан соң 
топырақта көп мөлшерде органикалық заттар қалдыратын 
алуаншөпті-шалғынды-далалы өсімдіктер қауымдастықтары 
астында дамыған. Қаратопырақтың пайда болуынан шымды то-
пырақ түзілу үдерісі дамиды, топырақ кейін гуминге айналып, 
топырақта жиналатын гумин қышқылдарынан тұратын қараші-
рікке баиды. Дала аймағында фульвоқышқылдар аз мөлшерде 
жинақталуына байланысты, топырақ түзілуіне соншалықты әсер 
етпейді. Кальцийге бай қарашірік әсерінен өсімдіктің тіршілі-
гіне қажетті қоректік және су-ауа айналымы режимін қалып-
тастыратын түйіршікті және кесекшелі құрылымдар пайда 
болады. Қаратопырақтың сіңіру кешені кальций және магний 
катиондарымен қанығады, сондықтан топырақ ерітіндісінің 
реакциясы бейтарапқа жақындайды. Жылу мөлшерінің көп және 
ылғалдылықтың жетіспеушілігіне байланысты қурап кеткен 
өсімдіктер қалдығы толығымен минералданбай, гумификация 
үдерісіне тап болады. Осының нәтижесінде топыраққа қара түс 
беретін қарашірік жиналады. Міне осыған байланысты бұл 
топырақтар қаратопырақ деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет