Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет12/74
Дата11.10.2023
өлшемі1,78 Mb.
#184799
түріСборник
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   74
Байланысты:
itog-sbornik-materialov-mnpk-04.03.2020

Әдебиеттер 
 
1.
kz сайты 
2.
Бакирбекова А.М., Жолбасарова А.Б. Қазақстандағы білім беру жүйесін 
жетілдіру/Астана, 2015/[Электрондық ресурс]: http://martebe.kz/bilim-beru- zhuiesin-zhetildiru.Ел 
басы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2018. 
3.
Шабажанова С. Smart education: біліктілік арттырудағы соны көзқарас, жаңа 
басымдық - қолжетімді білім, тиімді тәсіл. Электронный ресурс]: http: http: //orleupvl. kz/ru/novo 
sti/512-smart-education-blktlk-arttyruday-sony-kzaras- zhaa-basymdy-olzhetmd-blm-timd-tsl 
КӘСІПТІК БІЛІМДЕГІ ДУАЛЬДЫҚ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ – ЗАМАН 
ТАЛАБЫ 
 
Дәүітова Нағима Тәжмұратқызы 
Ш.Есенов атындағы КМТжИУ көпсалалы колледжі 
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек 
Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында: «Дуальды кәсіптік білім беруді дамытудың 


24 
маңызы зор. Бұқаралық маман кадрларының жетіспеушілігін еңсеруге мүмкіндік беретін 
заманауи қолданбалы біліктілік орталықтары қажет» — деп, бұл оқыту жүйесінің техникалық 
салада алар орнынын айқындап берген болатын. Сондай-ақ, колледждерде дуальды оқыту 
әдісін енгізу туралы нақты тапсырма да жүктеген. Осыған байланысты елімізде кәсіптік-
техникалық білім беру саласында жаңа жүйе жасалына бастады. 
Дуальды жүйенің негізі — болашақ жас маманды оқу орны мен өндірісте қатар оқыту. 
Сонымен қатар, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткішін жоғарылату. Дуальды жүйе 
бойынша білім алған колледж түлегі жұмыссыз қалмайды. Өйткені теория мен тәжірибені 
ұштастыру нәтижесінде, студент оқу бағдарламасын жақсы меңгеріп қана қоймай нағыз дайын 
маман болып, жұмыс берушілердің сұраныстарына, талаптарына сай кәсіптік-техникалық 
кадрлар даярлайтын болады және дуальды оқыту әдісінің тағы бір ерекшелігі — еңбек 
нарығына қажетті жас мамандарды даярлауға тек білім мекемелерінің ғана емес, сонымен қатар 
жұмыс беруші мекемелердің де жауапкершілігін арттырады. 
Дуальды оқыту жүйесі барысында студент, өз мамандығын жетік меңгереді, практикалық 
білімін ертерек жетілдіреді, сонымен қатар қоғаммен тез тіл табысуға үйренеді, өз ортасында 
беделі жоғары болады және жауапкершілікке тәрбиеленеді. Жұмыс үрдісінде студент өз 
мамандығына жаңаша көзқараспен қарайды және өз мамандығын жаңылмай дұрыс таңдағанын 
түсінеді. Осылардан басқа болашақ маман өндірісте жұмыс істей жүріп, жұмыс өтілін жинайды, 
қосымша табыс табады және оқу орнын бітіргеннен кейін, жаңа заман талабына сай шарттарға 
байланысты яғни, еш қиындықсыз қызметке орналасады. Дуальды оқыту жүйесінің өндірістік 
мекемелер үшін тиімділігі қандай?-деген сұраққа тоқталар болсақ: дуалды оқыту жүйесі 
өндірістік мекемелер үшін таптырмас мүмкіншілік болып табылады. Себебі, мекемелер өздері 
үшін мамандандырылған кадрлар дайындайды, жұмысшылар іздеу үшін және жұмысшылар 
таңдауда уақыт үнемдейді және шығынға ұшырамайды. Өндірістегілер жаңа мамандарды 
үйретуге, алғашқы бейімдеушілік жұмыстарына да уақыт үнемдейді. Мамандар өндірісте 
жұмыс жасағанда кейбір мәселелер туындамас үшін, жұмыс беруші оқу процесінің барлық 
уақытын тиімділікпен мұқияттылықпен өткізеді. Оқу орындарымен бірлесе отырып жұмыс 
жасау өндірістік мекемелер үшін де өте тиімді, себебі өзіне қажетті кадрларды ерте бастан 
дайындап, болашаққа білікті маман дайындайды . 
Білім жүйесін жаңғырту аясында дуальды кәсіби білім беруді дамыту, жұмысшы кадрларының 
зәрулігін еңсеру үшін қолданбалы мамандықтардың заманауи орталықтарын құру міндеттері 
қойылды. Дуальды жүйенің негізі оқу орны мен өндірісте қатар оқыту болып табылады. Бұл 
кәсіптік-техникалық білім берудегі басты проблема – оқу орнындағы теория мен заманауи 
өндіріс практикасы арасындағы алшақтықты жоюға мүмкіндік береді. Дуальды оқытуда теория 
мен практиканың өзара байланысы принципі жүзеге асырылады, мұның өзі болашақ маманға 
кәсіпорында жұмыс істеу кезінде қажетті біліктілікке ие болуға көмектеседі. Мұндай оқыту 
өндірістің нақты сұраныстарына барынша жақындатады да, жұмыс берушілер дайын 
мамандарға ие болады. Бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы 
орын алуда. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себепшісі білім беру үрдісін ұйымдастыру, яғни, 
жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін 
нақты өндірістік жағдайлардан теориялық білім берудің алшақтап кетуі болып табылады. 
Қалыптасқан жағдайда теория мен практиканың арасында алшақтықты жою мәселесімен 
жұмыс берушіге күресуге тура келеді, себебі білікті мамандармен қамтамасыз ету бұл 
жетістікке қол жеткізудің кепілі. 
Дуальды оқыту жүйесінің колледж немесе арнаулы оқу орындары үшін де тиімділігі жоғары 
екендігін атап өткен жөн. Олар: колледж өндірістік мекемелермен келісім шарт бойынша 
іскерлік қарым-қатынас орнатады, колледжді бітірген түлектерге деген қызығушылығы 
болады. Өндірістік процесстердегі өзгерістермен оқу орындары оперативті түрде 
ақпараттандырылып отырылады, мамандарға деген сұраныстарды (өндірісте қандай мамандар 
тапшы) біліп, сондай мамандықтар енгізуге бейімделеді. Оқу мекемесінің тартымдылық беделі 
артады, студенттер контингенті жоғарылайды. 


25 
Жастардың табысты еңбек етуі төмендегі факторлармен тығыз байланысты: біріншіден, бүгін 
білім алу көзі кеңейіп, өз бетімен оқимын деушілерге мол мүмкіндік туып отыр; екіншіден, 
білім әлемінде өз жолын тауып, өздігінен білім алуға ұмтылыс жасау; үшіншіден, адамның 
өзіндік қы-зығушылығы, түрлі мотивтері болуы; төртіншіден, жұмыс істейтін орында оның 
үнемі даму үстінде болуына жағдай жасалуы. 
Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау елдің тұрақты экономикалық 
дамуын қамтамасыз ететін орта буынды кәсіби мамандар даярлау үшін негіз қалайды. Еліміздің 
индустриялық-инновациялық даму міндеттері ауқымының жедел қаркынымен өсуіне 
байланысты техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлауда сапалы 
ұмтылыстың қажеттілігі туындап отыр. Осыған байланысты елімізде заман талабына сай 
білімді, озық технологияларды жетік меңгерген, кәсіби білікті жұмысшы мамандар даярлауда 
техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында үлкен міндеттер мен талаптар 
жүктелеліп отырғаны белгілі. 
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары индустриялық-инновациялық дамытудың 
мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда ерекше рөл атқарады. Қазіргі таңда кәсіптік салада 
жан-жақты білімді, білікті, бәсекеге қабілетті маман даярлау олардың әлеуметтік, кәсіптік, 
өзіндік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді. 
Дуальды оқыту жүйесі дегеніміз — теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту 
технологиясы. Ол алғаш Германияда пайда болып, негізі қаланды. Дуальды оқыту жүйесінің 
кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденген. 
Дуальды оқыту жүйесі қазіргі дүние жүзілік тәжірибеде бар дүние. Оның жарқын 
мысалдарының бірі — Германиядағы кәсіптік-техникалық білім берудегі даярлаудың дуалдық 
жүйесі. Мұнда оқушылар уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей 
оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды. 
Дуальды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық – кәсіптік оқу орындарының 
жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде 
бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-
технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау. 
Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуальды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар 
даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс жағдайларына 
бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық 
сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды 
дайындау қазіргі кезде білім берудің дуалды жүйесі деген атпен белгілі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет