38
қалыптастыруда жеті модульді жүйелі түрде қолдана отырып, өз тәжірибесін одан ары қарай
толықтырып, жетілдіру болмақ
Жаңашыл ұстаз -заман талабы. Теориялық білімін тәжірибе жүзінде іске асыра алатын,
жауапкершілігі жоғары , ізденімпаз жеке тұлға болуы тиіс. Ең жақсы мұғалім — шәкіртінің
жанын түсінетін, оны өз перзентіндей сүйе алатын, оқушы үшін бойындағы барын беретін ,
барлық білімді жібермей, шәкіртін өздігінен білім алуға жетелейтін мұғалім.
Көреген халқымыз әр кезде де ұстаз мәртебесін жоғары бағалаған.»Ұстазы жақсының -
ұстамы жақсы » деп, бар жақсы ниет- тілекті ұстазға арнаған. Қазақтың ұлы ақыны Абай
Құнанбаев: «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан басталады.» -дейді. Әр уақытта ұстаз
жоғарыда атап өткен жайлардың үдесінен шыға отырып, шәкірттеріне сапалы білім берсе, тек
білім ғана емес сонымен қатар жандарын жараламай, бойындағы бар мейір- шапағатын аямай,
олардың екінші ата-анасы ретінде қамқорлықтың шуағына бөлеп, білімнің асқар биік шыңына
шығаруға бар күш-жігерін жұмсағанда білім беру жүйесінде «Қазақстанның болашағы —
жастарымыз» үшін үлкен жетістік пен оның жемісі көрінері айқын.
Мұғалім кім, ол қандай болуы керек, жалпы бұл мамандық несімен құнды , ХХІ ғасыр
мұғалімі қандай болу керек? деген сұрақтарға жауап іздеп көрсем.. .Шәкірт жүрегіне жол табу
мен бағбан боп баулу ұстаздық шыңның асқары болып саналатыны сөзсіз. Ұстаздық жол
сонысымен құнды, көп мамандықтардың ішіндегі жан-жақты білімділік пен икемділікті,
шеберлікті,
ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететіндігі де сол себепті. Олай
дейтініміз, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым
негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып,
білсем, үйренсем деген бала арманымен сырласып, оның сырлы тағдырына басшылық етуді
мойнына алған маман.
Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу,оның адамшылық ар-ұжданын,
намысын, тұлғасын жасына қарамай сыйлау,құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы
мен үлкен жүрегінен келіп шығады.«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткен мұғалім-
мектептің жүрегі»,-деген болатын Ыбырай атамыз. Ал ұлы химик Д.И.Менделеев: «Мектеп-
халықтар мен мемлекеттер тағдырын айқындайтын алапат күшке ие» деген болатын. Олай
болса,тәуелсіз еліміздің болашақ тағдырын тәрбиелейтін қазіргі заман ұстазы қандай болмақ
керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы,осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын
салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл-әркімнің қолынан келе бермейтін,
ерекше талантты
қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе-күнгі өзінің көп қырлы
еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп,
болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Сондықтан да ұстазды әр баланың
жан-дүниесін танып білуші әрі оның жеке тұлға етіп, қалыптастырушы, ел болашағының
мүсіншісі деуге болады.Мұғалім-барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі.
Оқушыны субьект ретінде қарастырып, оның өзін-өзі тануына жол ашу,жеке тұлға бойындағы
қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру,білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай
бағыттау-бүгінгі таңдағы мұғалімнің кезек күттірмейтін мәселесі. Мұғалімнің өзі жеке тұлғаға
көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жетуі мүмкін емес.
Қазіргі заман мұғалімі- рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық
құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман,өзін-өзі әрдайым жетілдіруге
ұмтылатын шығармашыл тұлға. Мұғалімнің кәсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның
шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі және өзіндік жеке педагогтік тәжірибесінің
дамуының алғышарты болып табылады. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке
ойшыл,зерттеуші,практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог-
педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Жақсы
мұғалім-бұл қай кезде де ең
алдымен кәсіби деңгейі жоғары,интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол
оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын,оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық
танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеледі. Және солай болуға тиіс. Ол- өз
кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық
пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін
39
тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Біздер,
мұғалімдер күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың
сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының
қандай болатыны өзінен-өзі айқын.
Абай атамыз: «Бір бала туады. «Ішсем, ұйықтасам, жесем» дейді. Ол – тән құмары. Бір
бала туады. «Білсем, көрсем, үйренсем» — дейді. Ол – жан құмары». Бірақ, бүгінгі таңда біз
осы екі баланы да бірдей деңгейге жеткізуге толық мүмкіндігіміз бар. Себебі, «тек ұйықтасам»
деген бала қасындағы баланың әрекетіне алғашында селт етпеуі мүмкін. Бірақ, үнемі
сабаққа
енгізген түрлі тәсілдер оны да қызықтыруы мүмкін. Ол осы сабақ барысында өзі байқамайтын
қабілеттің бар екенін білуі мүмкін. Ол талантты байқаған біз оған мадақ сөздер айту арқылы
сенімділікті қалыптастыруға септігімізді тигізуіміз керек. Бүгінде дамыған елдермен терезесі
тең болуы үшін біздің еліміз де аянып отырған жоқ. Ал, іргесі нық қаланған мемлекет тірегі –
білімді ұрпақ. Кешегі «Қазақ» деп ұрандаған арыстарымыздың текке қан төкпегені даусыз.
Ендігі кезекте арманы орындалған сәтте, ел сенер ұрпақтың әлжуаз, бос болуы тәрбиеге келіп
тірелері сөзсіз. Сондықтан дамыған елге қарап бой түзеген еліміз ұрпақ бойына білім нәрін
себуші мына біздерді ұстаздар қауымын, жаңа заман талабына сай білімін жетілдіруді қолға ала
бастады.
Сондықтан, жаңашылдықпен сабақ өту – заман талабы. Әдіс-тәсілдерді пайдалана
отырып өткізген сабақтар бойынша байқағаным, оқушыларды «қабілетті», «қабілетсіз» деген
жіктерге бөле алмайсың. Өзгерістерді атап көрсетер болсам, оқушының өз қабілетіне,
болашағына нық сеніммен қарай бастауы; оқушы мен оқытушының арасында ынтымақтастық
қарым-қатынас орын ала бастауы; оқушының өз білімін өзі бағалай алуы; баға әділдігіне; білім
көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік беруі; оқушыларда сәтсіздік, қорқыныш,
мазасыздық
сезімінің жойылуы; дарынды оқушылар дер кезінде анықталып, оларды дамытуға жағдай
жасалуы; «Әрбір ұстаз – білікті маман, әрбір оқушы – ойшыл тұлға» деген қағидаларды ұстана
отырып, білім беру үрдісінде кез келген ұстаз білім сапасын жақсарту мақсатында оқытудың
озық технологияларын пайдаланса деймін. Себебі, біз тәрбиелеген ұрпақ өз біліміне, күшіне
сенетін, алдына нақты мақсаттар қойып, оны жүзеге асыруда солқылдақтық танытпайтын
болуы тиіс. Ұстаз деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кеткелі
көңілдегі арман толастамай, толқу мен қуаныш қатар орын алып, мектеп деген үлкен дарияда
жүзіп келе жатырмыз. Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай сілкіністер бүгінгі білім беру
жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз, сол білгеніңді іске қолдана білу»
дейді. «Әркім қолда барын ұсынады» деп немқұрайлылыққа салынсақ алдымызда отырған
бейкүнә шәкірттердің тағдырына қиянат жасаған болар едік. «Не ексең, соны орасың» демекші
бүгінгі ұрпақ бойына не сепсек, ертең соның жемісін көретініміз рас.
Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Мақсатымыз –
алдымызда тұрған өзекті мәселелер айналасында сөз қозғау. Соның ішінде ең бастысы –
әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы алғашқы қадамдар. Ал бүгінгі таңда мектептің,
мұғалімнің қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Рухани байлық, ең алдымен,
әр халықтың әдет-салты, көзқарасы шыққан түп тамырында
жататыны белгілі.
ХХІ ғасыр — білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты
дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
XXІ ғасырда еліміз ғаламдану және жаһандану процесіне көшуде. Осы процесті
жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор рөл атқарады. «
Қазіргі
заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі
жаңа білім беру өте қажет» деп елбасымыз өз жолдауында айтқандай, педагог кадрлардың
біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалардың курстарында оқытудың тиімділігін,
ерекшеліктерін, нәтижелілігін байқадым. «Мұғалім — өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда
ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады» деп
К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі таңда педагог кадрлардың негізгі мақсаты мен міндеттері —
сабақ сапасын көтеру, оның түрлерін жетілдірудің жолдарын іздеу, іздене отырып
40
оқушылардың пәнге қызығушылығын және танымдық ізденімпаздығын арттыру. Қазіргі
педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу — оқыту мақсатына жетудің
бірден-бір жолы.
Шығармашылыққа жетпей тұрып, шебер педагог болуы мүмкін емес. Ол мұғалім
ізденісінің нәтижесі, оның ақыл –ойының көрінісі. Шығармашылық-әр ұстаздың дара қасиеті.
Шығармашыл, рухани бай педагог өзінің педагогтік шеберлігін де ұтымды пайдалана
біледі. Олай болса, рухани бай мұғалім – қай бағытта да табысты болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: